БАСТЫ > ХАБАРЛАМАЛАР ТАҚТАСЫ > ҚҰЖАТ

 
 
 
Іле ауданының ауылшаруашылық тауарөндірушілерінің назарына!!! 13.03.2019

 

2019 жылдың көктемгі егіс және дала  жұмыстарын жүргізу үшін ауданның ауыл шаруашылық тауарөндірушілеріне дизель отынын сатып алып жеткізуші оператор болып «Карамай-Продакс» ЖШС-і анықталғанын хабарлаймыз.

 Ауыл шаруашылық құрылымдарына таратылатын дизель отынының бағасы ағымдағы жылдың наурыз айына 1 литрына 175 теңгені құрайды.

Жанармай өнімдерін алу үшін:

 -   Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері  qoldau.kz порталына жер учаскілерін  енгізеді;

-   qoldau.kz порталына соңғы үш жылда: 2017, 2018 және 2019 жылға егістік айналымдары (севооборот) бойынша бұйрықтар енгізеді.

- Жүйе Жерді қашықтықтан зондтау жүйесі бойынша деректердің дұрыстығын автоматты түрде анықтайды.

- Осыдан кейін ауыл шаруашылық тауар өндірушілері  дизель отынының көлемін жүйе автоматты түрде есептейтін ауыл шаруашылығы басқармасына квота бойынша дизель отынын алуға өтінім береді. Ведомствода бір жұмыс күні ішінде өтінімді қабылдайды.

- Кейін ауыл шаруашылық тауар өндірушілері  порталда оператормен электронды шарт жасайды.

- Ақшалай қаражат ақпараттық-есеп орталығының есеп айырысу шоты арқылы аударылады, ол шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындауының кепілі болып табылады.

 

                                                                          

                                            «Іле ауданының ауылшаруашылық бөлімі» ММ