БАСТЫ 

 
 
 
Іле ауданының ауылшаруашылық тауарөндірушілерінің назарына!!! 05.10.2017

         

        "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4218 болып тіркелген 24.05.2017 ж. "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған.)

      Субсидияларды төлеу мынадай шарттарды сақтаған кезде жүзеге асырылады:

      1) майлы дақылдар бойынша – қайта өңдеу кәсіпорнына қайта өңдеуге тапсырылған майлы дәндердің 1 тоннасына 100 %.

      Майлы дақылдардың әр түрі бойынша субсидиялар нормалары өңірлердегі олардың басымдығына қарай сараланып белгіленеді;

          Өнімнің 1 тоннасына субсидиялар алу үшін ауылшартауарөндірушілер және (немесе) ауылшаркооперативтері өтінімде қосымша:

      қайта өңдеу кәсіпорнымен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру туралы шарттардың;

      қайта өңдеу кәсіпорны шеккен шығындарын (өтінім беру сәтіне) растайтын төлем құжаттарының бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.

    Субсидия алуға  өтініштер тиісті жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылданады.

     2) қорғалған топырақ жағдайында өңдеп өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары бойынша – жылыжай типіне және кіші типіне қарай сараланған қорғалған топырақта көкөнiс дақылдарын өндіруді субсидиялау схемасына сәйкес бiр гектарға көзделген субсидиялардың жылдық нормасы бойынша.

      Бұл ретте жалпы қорғалған топырақтағы көкөнiс дақылдарының екіден аспайтын дақыл айналымы субсидияланады: бiрiншiсi – ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 15 маусымға дейiн және екiншiсi – 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейiн (қысқы-жазғы және күзгi-қысқы кезеңдер). Дақыл айналымының белгіленген басталу және аяқталу күндерінен 15 күнге ауытқуға жол беріледі.

     Қосымша ақпаратты Іле ауданының ауыл шаруашылық бөлімінен алуға болады. Мекен-жайы: Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі №8, аудандық әкімшілік ғимараты, 1 қабат, № 106 бөлме, тел: 87275223363

 

                «Іле ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» ММ