БАСТЫ 

 
 
 
Іле ауданның ауыл шаруашылығы тауарөндірушілердің немесе ауылшаркооперативтеріне
НАЗАРЫНА !!!
05.06.2017

         

   "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы орындау мақсатында және Алматы облысы Әкімдігінің тізбесін бекіту туралы тыңайтқыштар және субсидиялар нормаларын 2017 жылға 16.05.2017 жылғы № 201 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде  № 4215 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

     Субсидиялар алушылар

       Субсидиялар ағымдағы жылы және өткен жылғы 4 (төртінші) тоқсанда тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштарға жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауылшартауарөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне төленеді.

Субсидиялар алу шарттары

       Субсидиялар мынадай шарттар сақталған жағдайда төленеді:

      1) ауылшартауарөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің толық құнымен сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтiнiмді және ауылшартауарөндіруші немесе ауылшаркооперативі тыңайтқышты шарт негізінде тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алған жағдайда субсидиялар тыңайтқыштарды өндірушіге  төлеу туралы өтiнiмді:

      ауданның ауыл шаруашылығы бөліміне немесе  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" қоғамына қағаз түрінде,  не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде беруі.      

      2) ауылшартауарөндірушіде немесе ауылшаркооперативінде жерді пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.

      Ауылшаркооперативінде жерді пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болмаған жағдайда, ауылшаркооперативі ауылшаркооперативінің мүшелері болып табылатын ауылшартауарөндірушілердің субсидия алуына өтінім немесе төлеу туралы өтінім береді. Бұл ретте ауылшартауарөндірушілер субсидия алушылар болып табылады.

      Жерді пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бар ауылшаркооперативі өтінімді немесе төлеу туралы өтінімді өз жер учаскелеріне, сондай-ақ ауылшаркооперативі мүшелерінің жер учаскелеріне сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидия алуға береді. Бұл ретте ауылшаркооперативі және ауылшартауарөндіруші субсидия алушылар болып табылады.

      Өтінімдерді немесе төлеу туралы өтінімдерді қабылдауды бөлiмі 2017 жылдың 1 ақпаннан 1 желтоқсанына дейін  қабылданады.

        Қосымша ақпаратты Іле ауданының ауыл шаруашылық бөлімінен алуға болады. Мекен-жайы: Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі №8, аудандық әкімшілігі, 1 қабат, № 106 кабинет, телефон 8 (72 752 ) 2 27 90.

 

                                              

                                       «Іле ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-сі