БАСТЫ > ХАБАРЛАМАЛАР ТАҚТАСЫ > Құрметті Іле ауданының тұрғындары!

 
 
 
Жылжымайтын мүлікті жария ету 05.01.2015
Құрметті аудан тұрғындары, «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 4 бабына сәйкес мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге арыз бен қажетті құжаттарды ұсыну мерзімі 2016 жылдың 30 қарашасына дейін ұзартылғандығын мәлімдейміз.
Мүлікті жария етуге қажетті құжаттар тізбесі:
1. Жоғарыда көрсетілген Заңның №2 қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш - 2 дана;
2. Арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3. Жеке меншік құқығын белгілейтін құжаттардың көшірмелері;
4. Жылжымайтын мүлік объектісіне арналған техникалық паспорт көшірмесі;
5. Аттестатталған сарапшы қорытындысының көшірмесі (сейсмозаключение).
Ұсынылған құжаттрдың түпнұсқалары көшірмелермен сәйкестігі тексерілгеннен кейін арыз берушіге кері қайтарылады.