БАСТЫ > ХАБАРЛАМАЛАР ТАҚТАСЫ > ҚҰЖАТ
 

 
 
 
Іле ауданы аумағынан коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсетушілерді анықтау жөніндегі тендерлік құжаттаманы жария талқылау 04.05.2015
Бұл тендерлік құжаттама Қазақстан Республикасы Азаматтық және Экологиялық Кодекстеріне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, IV сайланған Алматы облысы мәслихатының 09 тамыз 2013 жылғы № 21-136 шешімімен бекітілген «Алматы облысы аумағының көріктендіру ережелеріне» сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

1. Осы тендерлік құжаттамада келесі ұғымдар пайдаланылады:
уәкілетті орган – «Іле ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» ММ;
тапсырыс беруші - коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызметті тұтынушылар (жеке, заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер);
қатысушы – қоқыс шығарушы ұйым;
комиссия – Іле ауданы әкімдігінің тендер өткізу процедурасын орындау үшін құрған алқалы органы;
келісім-шарт – тендер жеңімпазы мен тапсырыс берушінің (заңды тұлғаның, жеке кәсіпкердің) арасында жасалатын жеке келісім-шарт; БАҚ-та жария ету арқылы тендер жеңімпазы мен тапсырыс берушілердің (жеке тұлғалардың) арасында жасалатын жариялы келісім-шарт; тендер жеңімпазы мен уәкілетті орган арасында жасалатын қабылданған өзара міндеттемелер туралы келісім-шарт.
2. Тендер Іле ауданының аумағынан коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсетушіні анықтау мақсатында, сонымен қатар, коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсету нарығында бәсекелестік үшін тиімді жағдайды жасау және оны одан әрі қолдау арқылы Іле ауданының әкімшілік шекарасында орналасқан тұрғындар мен ұйымдарға коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызметті уақтылы көрсетуді қамтамасыз ету үшін өткізіледі.
3. Учаскелерді әзірлеу және қызмет көрсету учаскелерін өзгертудің негізінде қала тұрғындары мен ұйымдарының коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша мүдделерін қамтамасыз ету және қызмет көрсетілетін
учаскелерді тиісті санитарлық жағдайда ұстаудың тиімді, ұтымды, жан-жақты сараланған ұстанымдары жатыр.
4. Учаскелердің сызбасын Іле ауданы округ әкімдерінің аппараттары әзірлейді және уәкілетті орган бекітіледі.
5. Бекітілген учаске сызбалары негізінде белгіленген тәртіпте тендерге қатысушыларға учаске сызбалары беріледі.
6. Белгілі бір учаскеде қызмет көрсету құқығына ие болу бойынша тендерді - тендерге қатысушыларға қойылатын талаптарға тиісті деңгейде жауап бере алатын қатысушы жеңіп алады.
7. Тендерге қатысушыны бағалау балдық жүйе бойынша жүргізіледі. Тендер жеңімпазы болып ең жоғары бал жинаған қатысушы есептеледі.
8. Егер, тендерге қатысуға бір ғана тапсырыс берілсе, онда комиссия төмендегі шешімдердің бірін қабылдауға құқылы:
1) тендерге қатысушы жалғыз қатысушыны жеңімпаз деп тану, егер ол тендерлік құжаттамада қарастырылған талаптарға сәйкес келсе;
2) қайтадан тендер жариялау;
3) тендер шарттарын өзгерте отырып, қайтадан тендер жариялау.
9. Тендер жеңімпазының учаскеде қызмет көрсету құқығы уәкілетті орган және тендер жеңімпазы арасында қабылданған өзара міндеттемелер туралы жасалған келісім-шартта белгіленіп көрсетіледі.
10. Ең үздік ұсынысты жүзеге асыру, оның ішінде коммуналдық қалдықтарды шығару, контейнерлі алаңшаларда және көп қабатты тұрғын үйлердің қоқыс жинайтын камераларында орнатылатын контейнерлерді сатып алу және жөндеу, контейнерлік алаңшаларды жөндеу, көлік құралдарын сатып алу, техникалық, оның ішінде сервистік қызмет көрсету келісім-шарттың әрекет ету мерзімі бойы тендерге қатысушы-жеңімпаз есебінен жүзеге асырылу тиіс.
11. Іле ауданының аумағынан коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсетушіні анықтау мерзімі Іле ауданын дамытудың бас жоспарын нақтылау барысында өзгеруі мүмкін.
2. Тендерге қатысушыларға қойылатын талаптар
12. Тендерге қатысуға келесі талаптарға жауап беретін жеке және заңды тұлғалар жіберіледі:
1) меншік құқығында немесе жалға алынған Қазақстан Республикасында тіркелген, экологиялық талаптарға сай, шыққан жылы жеті жылдан артық емес коммуналдық қалдықтарды шығаруға арналған арнайы тиісті техника - автокөлік құралдары болуы керек;
2) автокөлік құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу тұрақтары бар меншік құқығында және/немесе жалға алынған қызметтік және өндірістік үй-жай болуы керек;
3) қатты және сұйық заттарды жинау, қайта өңдеумен және пайдаланумен айналысатын ұйымдар меншік құқығында және/немесе жалға алынған дәретханасы, тамақ iшуге арналған орны және демалуға арналған бөлмесі бар өндірістік үй-жай болуы керек;
4) коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсету үшін білікті басқарушы және техникалық персонал болуы керек;
5) полигонмен коммуналдық қалдықтарды кабылдау туралы келісім-шарт ұсынылуы керек.

3. Тендерге қатысу үшін тапсырыс беру
13. Тендерге қатысу үшін Қатысушылар келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) тендерге қатысуға тапсырыс, тапсырыс шартты үлгіде жазылады;
2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері, нотариалды расталған жеке кәсіпкер куәліктері, жеке тұлғалар үшін жеке куәліктері;
3) коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша ұсыныстың сипаттамасы;
4) тендерге қатысушының білікті жұмысшылары барын растайтын құжаттар: бекітілген штаттық кесте, лицензиялар және/немесе патенттердің, куәліктер мен сертификаттардың, дипломдардың нотариалды расталған көшірмелері.
5) мекеменің бірінші басшысы немесе оны алмастырушы тұлғаның және бас бухгалтері қол қойған, соңғы қаржылық жылдың бухгалтерлік балансының түпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмесі;
6) тендерге қатысушының соңғы қаржылық жылдағы қаржылық қызметінің негізгі нәтижелері туралы есебі (кіріс және - шығындар туралы есебі);
7) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
8) өкіл уәкілеттігін растаушы құжат;
9) тендерлік құжаттаманың 1 қосымшасына сәйкес тендерлік ұсыныстың толтырылған үлгісі;
10) Тисті салық органының бекітілген үлгідегі салық қарызы және
міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша кем дегенде үш айдың (Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды есептемегенде) қарыздардың жоқтығын растайтын, тапсырыстары бар конверттерді ашу уақытынан бір ай бұрын берілген анықтаманың түпнұсқасын.
14. Тапсырыс берудің мерзімі конкурсты ұйымдастырушы бұқаралық ақпарат құралдарында Тендердің өткізілуі туралы хабарландыруы шыққан күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде.
15. Тендерге қатысушының тапсырысы және қоса берілетін құжаттары тігілген, әр бетіне реттік саны жазылған және соңғы бетіне қолы койылған және мөрі басылған күйі өткізілуі тиіс ( заңды тұлға үшін – мөрі бар болса).
16. Тендерге қатысушы тендерге қатысу тапсырысының бір данасын түпнұсқада ұсынуы тиіс. Тапсырыс түпнұсқасы басылған немесе өшпес сиямен жазылған түрде тендерге қатысушының қолымен расталуы қажет.
17. Тапсырыста әріп немесе сан қателерін түзетуден басқа ешбір түзетулер мен қосымшалар жазылмауы, жазулар өшіріліп, түзетілмеуі керек.
18. Тендерге қатысушы тапсырысын конвертке салып желімдеп жабуы тиіс. Тендерге қатысушы конверт сыртында өзінің мекенжайы мен атауын (тапсырыс қабылдау мерзімінен кеш өткізілген өтініштерді иесіне қайтарып беру мақсатында) жазуы керек.
19. Конверт тендерді ұйымдастырушы атына, мына мекенжайға жолдануы қажет: 040700, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, З.Батталханов к-сі, 8, № 100 бөлме. Конверт бетінде келесі жазулар болуы шарт: «Іле ауданы аумағынан коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсетушілерді анықтау жөніндегі тендер» және «2015 жылдың «13» шілде 2015 ж. сағ. 15:00 дейін ашылмасын».
Өтінімді конкурсқа қатысушы тігілген түрде, нөмірленген беттермен береді және соңғы беті оның қолымен, ал заңды тұлға үшін мөрімен расталады.
20. Тапсырыс қабылдау мерзімінен кеш өткізілген тапсырыстардың барлығы ашылмастан, оны ұсынған Тендерге қатысушыға кері қайтарылып беріледі.
Егер, осы Тендерлік құжаттаманың 2 және 3 бөлімдерімен қарастырылған негіздер бойынша Қатысушы конкурсқа жіберілмеген болса, онда тендерлік комиссия мүшелерінің дауыс беру хаттамасында мұндай Қатысушының тапсырысының қайтарылу негіздері көрсетіледі.
21. Тендерге қатысуға тапсырыс берген Тендерге қатысушылар туралы мәліметтер жарияланбайды.
22. Тендерге қатысушы өзінің тапсырысын дайындап өткізуге байланысты барлық шығындарын өзі көтереді. Ал Тендерді ұйымдастырушы мен тендерлік комиссия тендердің нәтижесіне және қалай өткеніне қарамастан, ол шығындарға байланысты ешбір міндеттеме алмайды және оған жауапты болмайды.
4. Тендерлік комиссияның тапсырыстары бар конверттерді ашуы

23. Тендерлік комиссия тапсырыстары бар конверттерді барлық келген Тендерге қатысушылардың немесе олар жіберген уәкілдердің көзінше ашуы тиіс.
24. Тапсырыстары бар конверттерді ашу барысында тендерлік комиссия қатысушы тұлғаларға Тендерге қатысушылардың атауы мен олардың мекенжайын және қандай құжат жолдағандарын жария етеді.
25. Тендерлік комиссиясының хатшысы тапсырыстары бар конверттерді ашу рәсімінен кейін ашу хаттамасын жазуы тиіс, оған Тендерлік комиссия төрағасы, оның орынбасары, комиссия мүшелері және хатшысы қолдарын қояды.
26. Бұл хаттаманың көшірмесі Тендерге қатысушыларға беріледі немесе олардан сұрау келген жағдайда, хаттама бес жұмыс күні ішінде жолдануы керек.
27. Тендерге қатысушы өзінің берген тапсырысын Тендер басталардан бұрын қайтып алуына болады. Ол үшін Тендерге қатысушы тапсырыс қабылдау мерзімінің бітуіне үш күн қалғанға дейін жазбаша хабар беруі тиіс.
5. Тендер өткізудің реті мен шарттары
28. Тендер кем дегенде 2/3 Тендерге қатысушы болған жағдайда ғана өткізіледі. Олай болмаған жағдайда тендер өтпеген болып есептеледі.
29. Комиссия отырысында Комиссияның төрағасы жиынға қатысып отырғандарды комиссия құрамы және оның мүшелерінің қатысу үлесі, конкурсқа қойылып отырған учаскелердің саны (учаске топтары), сондай-ақ әр учаскеге берілген тапсырыстардың саны туралы хабардар етеді.
Белгілі бір учаскеге тапсырыс берілмесе, ол учаске бойынша тендер өтпеген болып есептеледі. Қайтадан тендер жарияланады. Белгілі бір учаскеге бір ғана тапсырыс берілген жағдайда тендерлік құжаттаманың 8 тармағымен қарастырылған жағдай туындайды.
30. Тендерге қатысуға тапсырыстары бар конверттерді комиссия ашады. Комиссия отырысына қатысушы әлеуетті қызмет көрсетушілердің комиссия жұмысына араласуына жол берілмейді.
Конкурс ең үздік ұсынысты таңдау мақсатында өткізіледі.
31. Комиссия мүшелері тендерлік құжаттаманың 2 қосымшасына сәйкес тендерге қатысушылардың ұсыныстарын салыстырып, бағасын береді.
32. Комиссия мүшелері бастапқы деректердің дұрыс енгізілуін тексереді және комиссия отырысының хаттамасна қолдарын қояды, онда әр тендерге қатысушының есептеп алынған нәтиже жиынтығы және тендер жеңімпазын анықтау туралы комиссияның шешімі енгізіледі.
33. Тендерлік комиссиясының шешімі комиссия төрағасының, комиссия мүшелерінің және хатшысының қолдарымен бекітілген хаттамаға жазылады. Хаттама шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде дайын болуы тиіс. Комиссияның әр мүшесі өз ойын хаттамаға қосып беруге құқылы, ол туралы соңынан хаттамада белгіленуі тиіс. Уәкілетті орган хаттама көшірмелерін, олардан сұрау келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тендерге қатысушыларға жіберуі керек.
34. Комиссия шешімінің негізінде, тапсырыстарды ашқан күннен бастап 30 күнге дейінгі мерзімде уәкілетті орган тендерлік құжаттаманың 3 қосымшасына сәйкес тендер жеңімпазымен келісім-шарт жасасады. Келісім-шарт 5 (бес) жыл мерзімге жасалады.
35. Егер жеңімпаз келісім-шарт жасауға келмесе, сондай-ақ қатысушының кесірінен келісім-шартты рәсімдеу кешіктірілетін болса, бұл жағдай учаскеде қызмет көрсету құқығын алудан бас тарту болып есептеледі. Мұндай жағдайда, жеңімпаз жақсы жағдайларды ұсынған, қалған тендерге қатысушылар арасынан таңдалады.
36. Конкурс жеңімпазы Іле ауданының Жол полициясы басқармасы қолданатын арнайы техника түрін және қала бойынша жүрудің бағытын келісуге міндетті.
37. Конкурс жеңімпазы жоғарыда келтірілген келісім-шартты жасаған уақыттан бастап жарты жылда бір рет коммуналдық қалдықтарды шығаруға арналған арнайы техникасының бар-жоғын және оның техникалық жағдайын растауға міндетті.

 

ҚОСЫМША 1
ҚОСЫМША 2
ҚОСЫМША 3

Өз пікіріңізді қалдыру үшін: басты бетте "ХАТ ЖАЗУ" сілтемесін базыңыз!