БАСТЫ > Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер > ҚҰЖАТ

 
 
 
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық мемлекеттік органдарының, жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және
(немесе) лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
 
 
      
  Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша
 шағымдану жазбаша түрде беріледі: осы мемлекеттік қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша Министрлік басшысының немесе  оның уақытша міндетін атқарушы тұлғаның атына; осы мемлекеттік қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша облыстардың,  республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшысының атына; осы мемлекеттік қызмет стандартының 12-тармағында  көрсетілген мекен-жай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшының атына жазбаша түрде беріледі.
  Шағымның қабылдануын растау оның Министрліктің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында  шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөні, тегі, берілген шағымға жауап алынатын мерзімі мен орны көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде   тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

  Шағым тіркелгеннен кейін жауапты маманды анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің, облыстардың,
 республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдардың басшыларына жолданады.

  Көрсетілетін қызметті беруші Министрліктің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мекен-  жайына  келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
  Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және бағалау  жөніндегі уәкілетті органға шағымдануға болады.
  Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті органның мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
  Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында
 белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.