Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтерді ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі №983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Реестріне сәйкес көрсетеді. Аудан деңгейінде 88 мемлекетік қызмет көрсетіледі, оның ішінде: 6 мемлекеттік қыхмет ақылы негізде, 82 мемлекеттік қызмет тегін негізде, 22 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде, 52 мемлекеттік қызмет электронды/қағаз түрінде, 14 мемлекеттік қызмет ХҚКО арқылы.
ХҚКО бірге салыстырмалы түрде өткізілген сараптамаға сәйкес 2016 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету барысында мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін бұзу фактісі бойынша 2 маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде «Е-акимат», «ИИС ЦОН», «Адресный регистр», «Е-собес», «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйелері қолданылады.
2016 жылы барлығы 230851 мемлекеттік қызмет көрсетілген:
-жергілікті атқарушы органдар арқылы – 201836;
-ХҚКО арқылы-28387;
- электронды үкімет порталы арқылы – 628.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына арыз-шағым келіп түспеген.
2016 жылы 19 түрлі рұқсат құжаттары бойынша 5256 рұқсат құжаттары берілген.
Алматы облысы Іле ауданы 2 ХҚКО жұмыс істейді. Сонымен қатар аудан орталығынан 40 км-ден астам қашықтықта орналасқан елді мекендерде мобильді ХҚКО қызмет көрсетеді. Мемлекеттік қызметті алудың ыңғайлылығы үшін халыққа мемлекеттік қызметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық стендтермен, мүмкіншілігі шектеулі қызмет алушыларға жағдайлар жасалған мекемелерінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту мақсатында ішкі бақылау жұмыстары, түсіндіру жұмыстары, семинарлар өткізілді.
Әрбір тоқсан сайын мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту сұрақтары аудан әкімі аппартаының жиналысында қарастырылады.
Аудан әкімі аппаратында мемлекеттік органдардың бірыңғай тіркеу және статистикалық мәліметтерді дайындау сапасына мониторинг жүргізіледі.
Ауданда «Электрондық үкімет» порталында мемлекеттік қызметтер көрсету жұмыстары ақпараттық қолдау жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпаратты халықтың арасында түсіндіру мақсатында аумақтық бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпарат жариялануда. 2016 жылы жергілікті «Іле таңы» апталығында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы 11 мақала жарияланып, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 4 семинар-кеңес өткізілді. Сонымен қатар халық арасында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша 13 түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
|