БАСТЫ > Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер > ҚҰЖАТ

 
 
 
2014 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша Алматы облысы Іле ауданының жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы ақпарат  


        Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтерді ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі №983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Реестріне сәйкес көрсетеді. Аудан деңгейінде 74 мемлекетік қызмет көрсетіледі, оның ішінде: 6 мемлекеттік қыхмет ақылы негізде, 9 мемлекеттік қызмет альтернативті түрде, 59 мемлекеттік қызмет тегін негізде. 34 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде, 40 мемлекеттік қызмет электронды/қағаз түрінде.
10 мемлекеттік қызмет ХҚКО арқылы, 24 мемлекеттік қызмет жергілікті атқарушы органдар арқылы, 40 мемлекеттік қызмет альтернативті түрде көрсетіледі.
ХҚКО бірге салыстырмалы түрде өткізілген сараптамаға сәйкес 2014 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету барысында мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін бұзу анықталмады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде «Е-акимат», «ИИС ЦОН», «Адресный регистр», «Е-собес», «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйелері қолданылады.

2014 жылы барлығы 189513 мемлекеттік қызмет көрсетілген:
- жергілікті атқарушы органдар арқылы – 179327;
- ХҚКО арқылы - 9038;
- электронды үкімет порталы арқылы – 1148.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санының көпшілігін құрайтын мемлекеттік қызметтер:
- «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» -105247 қызмет (немесе жалпы санының-55,5%);
- «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттарды қабылдау» - 39382 қызмет (немесе жалпы санының-20,8%);
- «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну» 7352 қызмет (немесе жалпы санының-3,9%);
Есептік кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына арыз-шағым келіп түспеген.
2014 жылы 5234 рұқсат құжаттары берілген.

Алматы облысы Іле ауданы 3 ХҚКО жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметті алудың ыңғайлылығы үшін халыққа мемлекеттік қызметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық стендтермен, мүмкіншілігі шектеулі қызмет алушыларға жағдайлар жасалған мекемелерінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту мақсатында ішкі бақылау жұмыстары, түсіндіру жұмыстары, семинарлар өткізілді.
Әрбір тоқсан сайын мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту сұрақтары қарастырылады.
Аудан әкімі аппаратында мемлекеттік органдардың бірыңғай тіркеу және статистикалық мәліметтерді дайындау сапасына мониторинг жүргізіледі.
Ауданда «Электрондық үкімет» порталында мемлекеттік қызметтер көрсету жұмыстары ақпараттық қолдау жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпаратты халықтың арасында түсіндіру мақсатында аумақтық бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпарат жариялануда. 2014 жылы жергілікті «Іле таңы» апталығында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы 40 мақала жарияланған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту, мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерін сақтауды қадағалау мақсатында аудан әкімі аппаратында «Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі» бөлімі қызмет етуде.