БАСТЫ > Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер > ҚҰЖАТ

 
 
 
2013 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша Алматы облысы Іле ауданының жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы ақпарат  


        Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтерді ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі №983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Реестріне сәйкес көрсетеді. Аудан деңгейінде 56 мемлекетік қызмет көрсетіледі, оның ішінде: 4 мемлекеттік қызмет ХҚКО арқылы,37 мемлекеттік қызмет жергілікті атқарушы органдар арқылы, 15 мемлекеттік қызмет альтернативті түрде көрсетіледі.
ХҚКО бірге салыстырмалы түрде өткізілген сараптамаға сәйкес 2013 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету барысында мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін бұзу анықталмады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде «Е-акимат», «ИИС ЦОН», «Адресный регистр», «Е-собес» ақпараттық жүйелері қолданылады.

2013 жылы барлығы 45236 мемлекеттік қызмет көрсетілген:
-жергілікті атқарушы органдар арқылы-37057
-ХҚКО арқылы-8179

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санының көпшілігін құрайтын мемлекеттік қызметтер:
- «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» -7555 қызмет (немесе жалпы санының-20,4%);
- «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну» 6369 қызмет (немесе жалпы санының-17,2%);
- «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну» 6069 қызмет (немесе жалпы санының-16,4%);

Есептік кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына арыз-шағым келіп түспеген.

2013 жылы 3511 рұқсат құжаттары берілген.
Тегін негізде 53 мемлекеттік қызмет, ақылы негізде 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
51 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде, 5 мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетіледі.

Алматы облысы Іле ауданы 3 ХҚКО жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметті алудың ыңғайлылығы үшін халыққа мемлекеттік қызметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық стендтермен, мүмкіншілігі шектеулі қызмет алушыларға жағдайлар жасалған мекемелерінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту мақсатында ішкі бақылау жұмыстары, түсіндіру жұмыстары, семинарлар өткізілді.
Әрбір тоқсан сайын мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту сұрақтары қарастырылады.
Аудан әкімі аппаратында мемлекеттік органдардың бірыңғай тіркеу және статистикалық мәліметтерді дайындау сапасына мониторинг жүргізіледі.
Ауданда «Электрондық үкімет» порталында мемлекеттік қызметтер көрсету жұмыстары ақпараттық қолдау жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпаратты халықтың арасында түсіндіру мақсатында аумақтық бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпарат жарияланған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту, мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерін сақтауды қадағалау мақсатында аудан әкімі аппаратында «Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі» бөлімі құрылған.