БАСТЫ > Мемлекеттік қызмет > ҚҰЖАТ

 
 
 
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
әрекет ету жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған
салалық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша МӘЛІМЕТ
 

   
   Іле ауданында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған бағдарламаны» іске асыру мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп және жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі комиссия құрылып, мәслихат сессиясында құрамы бекітілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бекітілген жоспар бойынша аудан комиссиясының мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен комиссия отырыстары өткізілуде. Аталған жоспарға сәйкес негізгі міндеттердің бірі тұрғындар тарапынан мемлекеттік билікке деген сенімділігін арттыру, құқық қорғау және басқа мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлықты азайту, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметін қарқындатуды келешекте дамыту және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты болдырмау болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын тиімді пайдалану және қамтамасыз ету үшін, ауылдық және кенттік округ әкімдері, мемлекеттік мекемелер және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссиясы құрамындағы прокуратура, ауданаралық қаржы полициясы, ҰҚКД, АІІБ, ауданның салық комитеті, «Іле ауданының ішкі саясат бөлімі» өз құзіретінде БАҚ-қа жариялау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын халыққа хабарлайды.
Аталған жоспарды орындау мақсатында әр аудандық бөлімдерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты және қылмыстың алдын алу және ескерту бойынша тұрақты түрде жұмыстар, сонымен қатар барлық қызметкерлермен бірге Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс Кодексі», «Салық төлеушілер Кодексі», «Салық қызметі мекеме қызметкерлерінің кәсіби этика Кодексі» Заңдарды зерделеу бойынша семинарлар жүргізілуде.
Лауазымды тұлғалар тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушулықтар фактілерін болдырмау мақсатында тұрақты түрде мемлекеттік мекеме ұжымдарымен «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту» тақырыбында дөңгелек үстелдер, лекциялар, оқулар өткізілуде. Аудан көлемінде 23 ақпарат-насихат топтары жұмыс жүргізуде, 10 кездесу өткізілді. 6 сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою тақырыбында ұрандар жазылып, 10 бильборд ілінді, 6 дөңгелек үстел өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы саласында жүргізілген тексерулер және анықталған заң бұзушылықтардың қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Тақырыптық 5 мақала жарық көрді.
Бағдарламаны орындау үшін барлық ауылдық және кент әкімдіктерде айқындылықты және заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында келіп түскен өтініштерді рәсімдеу тәртібімен стендтер ілінген. Мысалы: жер телімдерін беру тәртібі, жер телімдерін алуға өтініш иелерінің тізімі, жер телімін беру жөніндегі комиссия мүшелерінің тізімі ілінген.
Аудандық «Нұр Отан» ХДП филиалымен, сондай-ақ ауданаралық салық полициясы басқармасымен бірлесіп «Орта және шағын кәсіпкерлік үшін сыбайлас жемқорлыққа тосқауылдар» дөңгелек үстелдер өткізілді. Ауданның барлық мемлекеттік мекемелерінде және басқа да қоғамдық орындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес плакаттары, «Нұр Отан» ХДП, салық полициясының сенім телефондарымен банерлер ілінген.
ХҚКО 11 уәкілдік мекемелермен (включая Е-услуги) 115 қызмет түрін көрсеткен, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жақсарды, кезекте тұру уақыты азайған.
Ауданда ХҚКО үш өкілдігі – Боралдай кентінде, Қараой ауылында және Ақши ауылында жұмыс істейді. Үш қоғамдық кіру пункті бар, екеуі өкілдерде, біреуі аудандық бөлімшеде.
Көші-қон полициясы бөлімімен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету- тұрғылықты жері бойынша есептен шығу және тұру мерзімі үш күннен бір күнге дейін мерзімі азайды, яғни, қызмет өтініш қабылданған күні көрсетіледі. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға ЖСН алуға құжаттар қабылдау бойынша жалпыға білім беретін және мектеп алды оқу орындарында жұмыс ұйымдастырылған.
Қабылданған жоспар келесі: әрекеттілік және нәтижелік; жүзеге асырушылық (орындаушылық); атаулылық (жауапкершіліктік); сабақтастық; тұрақтылық; кешенділік; жүйелілік сияқты негізгі принциптерді сақтап кең кешенді ұйымдастырушылық іс-шараларды орындау және жетілдіруді болжайды.
Мемлекеттік басқару жүйесін мейлінше жетілдіру үшін мемлекеттік қызметтерді көрсетудің айқын үлгілері енгізілуде, бұл мемлекеттік мекемелердің жұмысының туралығын және айқындылығын жақсартады, қабылданған шешімдердің тиімділігін арттырады.
Мемлекеттік мекемелер қызметінің айқындығын қамтамасыз ету мақсатында веб-сайт, порталда әкім блогы құрылған, онда аудан тұрғындарымен сұхбат жүргізіледі.
«Электронды үкіметті» енгізу, бұл Интернет-ресурстар құралдары арқылы тұрғындар мен мемлекет арасындағы нағыз «кері» байланыс құру сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша әрекеттің бірі болып табылады.
Осыған байланысты, барлық мемлекеттік мекеме басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсыласу бойынша жоспарлы, мақсатты және жүйелі шараларды орындауды қатаң бақылауға алуды қамтамасыз ету ұсынылды.
Салық төлеушілерге бұқаралық ақпарат кұралдары арқылы сенім телефон нөмірі жеткізілген (2-02-08), нөмір құқықтык-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде орнатылған. Келіп түскен өтініштер салық басқармасының сенім телефоны аркылы түскен хабарына есеп беру журналына тіркеледі жэне өтініште көрсетілген жағдайларды орындау бойынша тиісті қызметкерге қадағалау жасалады.
Мемлекеттік қызметшілердің салық төлеушілерге қызмет көрсету сапасына көп көңіл бөлінеді. Бұл жайында Елбасының жыл сайынғы халыққа жолдауында ескертіліп отырады. 20.07.2009 жылы №276 бұйрықпен салық органдарының мемлекеттік қызмет көрсету регламеті шығарылып бекітіліді. Регламент салық басқармасының ақпаратты қабылдау және өндеу орталықтарында ілінген, сонымен қатар ҚР ҚР СК сайтынан көруге болады.
Іле ауданында Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспарға сәйкес жүргізілуде, үнемі бақылауда тұр.