р/н
|
Мемлекттік бағдарламаның аталуы
|
Қай уақыттан бері жұмыс жасайды
|
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
|
Орындалуы
|
1
|
2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын тездетілген индустриальды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (ТИИД)
|
19 наурыз 2010жылы Қазақстан Республикасы Президентінің №958 Жарлығымен қабылданды
|
Мақсаты: Диверсификация арқылы экономиканың тұрақты және теңдестіріліп өсуін қамтамасыз ету және бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарылату.
Міндеттері:
1)диверсификациясын және бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарылатуды қамтитын басымды экономика секторларын дамыту;
2)Индустриализациялау үшін берекелі орта құру
3) тиімді аймақтық экономикалық қуатты ұйымдастыру негізінде экономикалық өсудің орталықтарын қалыптастыру;
4)экономиканың басымдық секторларын дамыту процесінде үкімет пен бизнестің тиімді өзара әрекетін қамтамасыз ету.
Орындау мерзімі 2010-2014ж.ж.
|
ТИИД Бағдарламасы бойынша 2013 жылы Ынтымақ ауылындағы «Дольче» ЖШС фармацевтикалық кәсіпорнында қолданыстағы жабдықтарды модернизациялау өткізілді, 1,3 млрд. теңге мөлшеріндегі қаржы игерілді.
2014 жылға 2 инвестициялық жоба жоспарлануда:
-«Сарыбұлақ компаниясы» ЖШС-на құс етін өндіру жөніндегі зауыт, қаржыландыру 4,5 млрд. теңгені құрайды, қазіргі уақытта құрылыс-монтажды жұмыстары аяқталды, берілуі осы жылдың 4 тоқсанына жоспарлануда, 712,4 млн. теңге игерілді.
-дәрі-дәрмектер өндіру зауыты GMP сапа стандартына сәйкес «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС 3,7 млрд. теңгеге қаржыланды, қуаттылығы жылына 1,5 млрд.таблетка мен капсула, 2 млн. флакон. Қазіргі уақытта құрылыс-монтажды жұмыстары аяқталды, ішкі жұмыстары жүргізілуде, технологиялық жабдықтар орнатуға келісім-шарт жасалды, 560,5 млн. теңге қаржы игерілді. Берілуі осы жылдың 4 тоқсанына жоспарлануда.
|
2
|
«Жұмыстылық
жол картасы 2020»
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19 маусым 2013жылғы № 636 қаулысымен бекітілді.
|
Бағдарлама 2009 және 2010 жылғы жол картасы және 2020 жұмыстылық Бағдарламасын іске асыруды логикалық жалғастыру болып табылады.
-тұрақты, өнімді жұмыстылыққа және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал ету.
-еңбек нарқында болжам мен мониторинг тиімділігін жоғарылату
- Қазақстандағы әлеуметтік –экономикалық жағдай үшін жаһанды дағдарыстың жағымсыз зардаптары мүмкіндігін төмендету және экономикалық өрлеудің қажетті негіздерін қамту;
- тұрғындардың жұмыстылық өнімділігін жоғарылату және тұлғалардың өзін-өзі жұмыспен қамтуын қалыптастыру;
-кәсіптік белсенділікті дамыту;
-кәсіби және аймақтық еңбек ресурстары тұтымдылығын жоғарылату;
- жұмыспен қамтылған жастарды ұтымды тұрақтандыру және бейімделуі үшін жағдай жасау;
-әлеуметтік қолдау шараларын күшейту, асырандыларды төмендету және еңбекке белсенділікке ынталандыру;
|
Ауданда «2020 жұмыстылық жол
картасы» бағдарламасы 3 бағытта іске асырылып жатыр: инфрақұрылымдарды дамыту және ТКШ, ауылшаруашылық кәсіпорындар және оқыту, көшіру арқылы.
Бірінші бағыт бойынша 2013 жылы 12 жоба бойынша 472 жұмысшы орны құрылса, 2014 жылы төмендегі жобалар іске асырылады: Өтеген батыр, Боралдай кенттерінде жолдардың ағымдағы жөнделуі, Жапек батыр, Қосөзен, Екпінді дәрігерлік амбулаториялары құрылысының салынуы.Есеп беру кезеңінде 144 жұмысшы орны құрылып, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 73 адам жіберілді.
Екінші бағыт ауылдағы кәсіпкерлікті дамытумен байланысты. Ол өз ісін дамыту немесе құру жөніндегі ауыл тұрғындарының бастамасын қолдайды.
2013 жылы барлығы 51 адам жалпы сомасы 125,3 млн. теңгеге несие алды. Оның 43-і мал шаруашылығын дамытуға, 4-өнеркәсіпке, 4-халыққа қызмет көрсетуге. 2014 жылдың 1-жарты жылдығында 21 адам 50,7млн. теңгеге ауыл шаруашылығын дамыту және қызмет көрсету саласы үшін несие алды.
Ағымдағы жылы 55 адамды кәсіпкерлік негізін оқытуға жоспарланып отыр, 55 қатысушыға шағын несие беріледі. Осы мақсатта 110 млн. теңге бөлінді.
Үшінші бағыттың 1-компоненті бойынша 2013 жылы 169 адам қамтылды. Оқуға 40 адам жіберілді, әлеуметтік жұмыс орнына 97, жастар тәжірибесіне 32 адам жіберілді.
Ағымдағы жылы 40 адам оқып жатыр,112 әлеуметтік жұмыс орны құрылды, жастар тәжірибесін 91 адам өтіп жатыр, оның 46-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды.
|
3
|
«Бизнес
жол картасы 2020» бағдарламасы
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 13 сәуір 2010жылғы № 301 қаулысымен бекітілді.
|
Мақсаты: экономиканың шикізаттық емес секторларында аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты және тепе-теңдікте өсуін қамтамасыз ету, сонымен бірге қолданыстағы жаңа тұрақты жұмыс орнын құру.
Міндеттері: Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Қазақстанның ТИИД бойынша Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру механизмінің бірі болып табылады. Бағдарлама 2009 және 2010 жылдарға арналған Жол картасын іске асырудың логикалық жалғасы.
Бағдарлама шынайы өнімдерді құратын, өндірістік салаларды қолдауға бағытталған.
Қолдау тек қана орта және шағын бизнес кәсіпорындарына қолдау көрсетеді.
Бағдарлама үш бағыт бойынша іске асырылады:
1) Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау.
2) Кәсіпкерлік сектордыжақсарту.
3) Экспорт бағытындағы өндірісті қолдау.
|
«Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы негізінде мемлекеттік қолдау шараларымен 2013 жылы жалпы көлемі 706,2 млн. теңгеге пайыздық мөлшермен субсидиялау бойынша 6 жоба қамтылды. 2014 жылға жалпы көлемі 1500 млн. теңгеге пайыздық мөлшермен субсидиялау бойынша 10 жоба жоспарлануда.
|
4
|
ІҚМ (ірі қара малы) етін экспорттау мүмкіншілігін дамыту жөніндегі «Сыбаға» бағдарламасы
|
Бағдарлама 2011 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс жасайды.
|
Мақсаты: ІҚМ аналығын және ұрықтандыратын бұқаларды ет тұқымды жас малдарды өндіру үшін сатып алу;
-қарыз көлемінің 15% аспайтын көлемде негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу, айналым қаражатын толтыру.
Міндеттері: Қазақстанда малшаруашылығын дамытудың «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Ол тек шағын және орта шаруашылыққа несие беріп қана қоймай, жем-шөп базасын салуға және дамытуға қаржы бөледі.
Бағдарлама КазАГРО бастамасы, 5 жылға есептелген. Оның басты міндеті ірі қара мал басын көбейту және шет елге сиыпр етін экспорттау. Ең бастысы, бұрыннан малшаруашылығымен айналысып келе жатқандар да, жаңадан енді асыл тұқымды мал өсіруменг айналысқысы келгендер де ала алады.
|
2013 жылы «Сыбаға» бағдарламасын іске асыру жөнінде «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы ІҚМ аналығын сатып алуға және ет тұқымды жас малдарды өндіру үшін ұрықтандырушы бұқаларды аудан бойынша 1 шаруашылық несие алып, 10,3 млн. теңгеге 50 бас ІҚМ сатып алды.
2014 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» Алматы филиалына 19 шаруашылық мал сатып алу үшін несие алуға тапсырыс берді. Қазіргі уақытта 110 бас ІҚМ сатып алуға 2 шаруашылық 22,3 млн. теңге несие алды.
|