БАСТЫ >   Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
 

 
 
 
 Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ 19.04.2017

     

Сыбайлас жемқорлық- заман  ағысымен бірге өсіп-өркендеп,мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін  жойылмай отырған дерттің бірі. Бұл біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсанын келтіріп отырған кесел.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің әр салада  қолға алынуда.Сондықтан, парақорлықпен оның алдын алып, жолын  кесуге қоғам болып  белсенділік танытуымыз керек.

Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп,беделіне нұқсан келтіреді,заң қағидаларын теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтарына  мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеліп соғады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға сәйкес  жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымжардың, өзін өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттілігі шегінде кадр қызметкерлерін тарта отырып,заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты,таза және сау ортаны шарпып,тыныс тіршілігін тарылтатын,заңсыз әркеттерімен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органның,ұйымдардың,жеке кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер келтіретін қауіпті дертке айналмауы  халықтың өз қолында.  Ол үшін аталған дертке қарсы  жұмылуымыз қажет. Сонда ғана  ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

 Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы.Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының конститутциясын және Заңдарын сақтауға,басқа адамдардың құқықтарын,бостандықтарын,абыройы мен қадір –қасиетін құрметтеуге міндетті.

«Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «дүние-байлық неге керек,денсаулығың болмаса,Төрелігің неге керек,халықтың көңілі толмаса»-деген нақыл сөз  бар.  Расында  біз жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз. 

 

 

 

 Іле аудандық «ХҚКО» бөлімінің бас маманы Н. Баегизов