Электр жүйелерін тексеріңіздер,- жарамсыз ба әлде жарамды ма. Егер жарамсыз болса электр жүйесін жақсы білетін адамды шақыруларыңыз керек. Өздеріңіз ешқандай өндіріс қорғау жұмыстарын жасамаңыздар.
Әрқашан электр құралдарымен қолданып болған соң, өшіруді ұмытпаңыздар!
Естеріңізде сақтаңыздар теледидар тез лаулап жанатын перделер мен перде ілгіш гардиндердің қасында және үй жылытатын құралдардың қасында тұрмауы керек.
Қабырға жиһаздарына теледидар, радиосөйлегіштер орнатып қоймаңыздар, бұл өте қауіпті.
Теледидардың үстін жаппаңыздар, корпустың вентиляциясына қауіп төндіреді.Қосулы тұрған теледидарды қараусыз қалдырмаңыздар, көрмесеңіздер тоқтан шығарып қойыңыздар. Егер теледидар күйген болса, өшіріп, сулы матамен жауып қойыңыздар.
Ал, күнделікті тұрмыстық құралдарға (үтік, электржылытқыш) келсек, естеріңізде сақтаңыздар: олар үзіліс сақтап жұмыс жасау керек.
Құрметті мырзалар!
Өздеріңіздің үйлеріңіздің электр жүйелерін, пештерін, шатырларын, үй асты подвалдарын – тағы да бір рет тексеріп шығыңыздар.
Дұрыс электр құрылымдарымен қолданыңыздар.
Дер кезінде істелінген шаралар сіздердің денсаулықтарыңызды және тыныштықтарыңызды сақтайды.
Аз қабатты тұрғын үйлерге демелу орындарды, ауыл аймақтарда, селоларда салынған бір-екі қабатты үйлер жатады. Бұл үйлер әртүрлі конструкциялы болады.
Кірпіштен, темірбетоннан салынған үйлерде өрт шығу қауіпі аздау. Ал ағаш үйлерде өрт шығу қауіпі жоғары.
Мұндай үйлерде жасырын өрт болмайды. Каркасты үйлер өртті үдетуге жағдайы жоғары. Өйткені құрылыс конструкцияларында бос орындар бар. Бос орындар өртену көлемін үлкейтеді. Аз қабатты үйлер әдетте шатырмен болады. Шатырдың конструкциялары ағаштан жасалады. Сондықтан шатырды өртенбейтін материалдардан жасау тиімді.
Аз қабатты үйлердің көбі пеш арқылы жылынады. Статистикалық мәліметі бойынша әр оныншы өрт аула құрылыстарының немесе немесе тұрғын үйдің пештері, түтін шығу жолдары дұрыс істелмеуден болады. Немесе пештің дұрыс жасалмауынан, пайдалануынан болады. Аз қабатты үйлердің ерекшелігі аула құрылыстары.
Бұл құрылыстарда неғұрлым өртенетін заттар пайдаланса, соғұрлым өрт қауіпі жоғары болады. Оның үстіне соңғы кезде жылу температурасы жоғары каминдер, моншалар салына бастады. Осы жайлардың бәрі өрт қауіпін күшейтеді.
Егерде тұрғын үйлерде су арқылы жылыту жүйесі өткізілсе, өрт қауіпі азаяды.
Қандай да болмасын, отқа байланысты қауіп төніп тұрса өрт сөндіру қызметіне «101» немесе «2-07-22 » номеріне телефон шалыңыздар.
|