БАСТЫ > Тұрғындар қауіпсіздігі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Өрттердің негізгі себебі  
     Өрттің қандай зиян келтіретінін әр адамға түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Кімде кім отпен ойнаса, оның соңынан кішкентай болсада тигізген зиянын ойлап, өрттен сақтану ережелерін ескермесе сол адамға көп қайғы келтіреді.
Біреу жанып жатқан пешін бақылаусыз қалдырып кетіпті. «Ештеңе емес жанады да сөнеді» - деп ойлайды. Екінші біреу жұмысқа кетер алдында электро пешті тоқтан алмады. «Бұл үйді жылытуға арналған» деп тұжырымдайды.
Мұндай ақаталау сөздерін жиі естуге болады. Отқа нем кетті – қарау өрт жалыны дүние мүлікті тіпті кейбір құрылыстарды да шарпып, орнында күлі ғана қалады.
Отпен болатын оқиғалардың көпшілігі қысқы мезгіл үлесіне түседі. Бұл уақытта пештер және электрмен жылытылатын құралдар тұрғын үйлерде жиі пайдаланылады. Олар дұрыс жөндеу өтпесе, өрттен сақтану ережелерін сақтамаса қайғылы оқиғалармен аяқталуы мүмкін.
Кейбіреулер тіпті «Көңілденіп алып» өнеркәсіп орындарында темекі тартуға тиым салынған өрттен сақтандыру белгілерге көңіл аудармай шылы шегетінін қайтерсің.
Қоғамдық орындарда, адам таситын автобустарда тағы басқа көптеген мекемелерде темекі тартып, көк түтінді будақтатады. Олар шылыммен өз денелерін улап қоймайды, сондайөақ айналасындағы адамдарға да қолайсыздық туғызады.
Бұларға қоғамдық ұйымдар әсер етіп қоймай, администрациялық шара қолданылу керек. Әйтпесе болмайды. Мастың қолындағы тұтанған сіріңке мен шылым өртті тудырады. Ол қайғылы жағдайға әкеліп соқтырады.