Өрт сөндіру - өртті әрі қарай үдеуіне қарсы жасаған әрекет, өрт тудыратын жағдайды жою. Өрт сөндіруді нәтижелі өткізу үшін өртті басталған кезде жою керек. Және адамдардың тез ұйымдасып, тез қимылдауы ең бірінші шарт.
Өрт сөндіру үшін суды, судың буын, көбікті, көмірқышқыл және инертті газдарды, құмды, мата жапқыштарды қолданады.
Су ең арзан, тез табылатын, қолда бар, күшті өрт сөндіру құралы. Суды үлкен де кіші өрттерді сөндіруге пайдаланады. Тек электр тоғынан, тез өртенетін сұйықтардан шыққан өртке қолданбайды. Судың өрт сөндіруге жарайтыны – оның ыстықты жақсы басатын қасиетінде.
Сондықтан өртеніп жатқан заттарға су құйғанда ыстығы тез азайып, қалған ыстықты судан шыққан буы да азайтады.
Өрт сөндіру қызметі ең алдымен сумен қамтамасыз етуді ойластырады. Суды өрт шыққан жерге жеткізу су құбырлары, өрт сөндіру су айдыны және табиғи су көздері арқылы өткізіледі.
Сәулеттерде сыртқы су құбырларымен қатар ішкі су құбырлары жасалады. Өрт сөндіруге арналған су құбырларының жоғары қысымды және төқмен қысымды түрлері болады.
Мекемелерде су құбырларынан басқа қоймалардың жанында ашық немесе жер асты су айдынын жасайды. Кейбір заводтарда су буының қоры көп болады. Судың буы да өрт сөндіруде үлкен көмегін тигізеді. Өртті көбікпен де сөндіреді. Көбікті қатты заттарды және тез өртенетін сұйықтарды сөндіруге қолданады. Өртті көмірқышқыл газбен де сөндіреді. Бірақ осы газбен өрт сөндіргенде үй ішінде адамдар болмау керек. Өрт сөндіруге арнайы үгінді өрт сөндіру тетіктері де пайдаланады.
Өрт сөндіруге жәрдемді дер кезінде шақыруға, объектінің ағашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуына, оның іске жарамдылығына, жергілікті өрт сөндіру тобының іскерлігіне, жуапкершілігіне өртті неғұрлым тез тез сөндіру ісі тікелей байланысты.
Кейбір жағдайда адамдар өрт сөндіру жәрдемін уақытында шақырмай, өз күштерімен өртті сөндіруге тырысады. Ол дұрыс емес.
Өрт шыға салысымен кез келген адам өрт сөндіру тобын шақыруға тиіс. Телефон арқылы жәрдемді шақырып, мекен-жайды анық, дұрыс хабарлау керек, өз аты-жөніңізді айтуға ұмытпаңыз.
Егерде электрленген сигнализацияны пайдаланғанда, кері сигналды күтіп жәрдем келгенше төменде көрсетілген шараларды жасау керек.
а) электр жүйесін өшіріп тастау керек;
б) желдеткіштерді тоқтатып қою;
в) технологиялық қондырғыларға тез өртенетін сұйықтарды жеткізуін тоқтату;
г) объектілерден материалды құндылықтарды көшіріп әкету;
Өрт сөндіру тобы келген соң қызметкерлер мен жұмысшылар өрт сөндіруге көмектеседі.
|