Орманда өрт шығу себептерін сараптағанда, көбінесе тұрғындардың немесе орман жұмысшыларының кінәсінен болатынын тұжырымдады. Сондықтан өрт қауіпсіздігінің ережелерін үйрету үшін үгіт-насихат жұмыстарын тек өрт сөндіру қызметкерлері ғана емес, олармен қатар қоғамдық мекемелер де жүргізуі тиіс.
Орман шаруашылығының жұмысында өрт қауіпсіздігі өте маңызды орынды алады. Әр орман шаруашылығы орманды өрттен қорғау жоспарын жасайды. Жоспарда орманның түрі, ортаның рельефі, су жолының, теміржол, автомобиль жолдарының жақынды ғы ескеріледі. Орман шаруашылығын түгелдей бөлімшелерге бөледі де схемаға кіргізеді.
Схемада көлік жолдары, тұрғын үй пунктлері, кардондар, өзен, көлдер, орман шаруашылығының кеңселері, өрт бақылайтын тұрғылар, хабар қабылдайтын пунктілер, өрт шығы қауіпі бар объектілер белгіленеді. Өрт қауіпсіздігі құрылығының жоспарында орманды бақылау қызметін ұйымдастыру, өрт сөндіру-бақылау құрғыларын салу, телефон байланысының жүйесін жаңартып тұру, радиобайланыс ұйымдастыру т.б. қызметтер белгіленеді.
Үгіт – насихат тәрбие жұмыстардың түріне лекциялар, баяндамалар, мектепте, клубтарда, сауықтыру алаңдарда, туристік базаларда және бұқаралық мәдени орындарда өткізу жатады. Үгіт насихат жұмысты газет бетінде де өткізеді. Өмірден алынған мысалдарды келтіріп газет, радио, теледидар арқылы өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру қажет. Документалды кинофильмдер де үлкен әсерін тигізеді. Орманға барар жолдарда, демалатын жерлерде, орман жұмыстары жүріп жатқан жерлерде түрлі-түсті плакаттар, хабарламалар арқылы өртке қарсы тұру көркені насихаттың да маңызы зор. Дер кезінде, сапала жүргізілген өрт қауіпсіздігінің шаралары орман сияқты халық байлығын өрттен аман сақтап қалуға ықпалын тигізеді.
Яғни, бұқаралық ақпарат құралдары-баспасөз, радио, теледидар, кино және т.б. Үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстары тиімді болу үшін, жұмысты үзбей, жыл бойы жүргізу керек.
|