Қысқы мезгілде үй жайларды жылыту үшін пештер пайдаланылады. Пештердің жылу жинайтын және жылуды жинамайтын түрлері болады. Жылу жинайтын пештерде ауқымы 0,2 м3 – ден астам, сыртқы қабырғаларының қалыңдығы от жағар жерінде 6 см және басқа жерлерінде 4 см кем болмауы керек.
Түтін мұржаларынан шығатын газдың қызуы 120-130 градустан аспау керек. Пештің қабырғаларын қатты ысытатын пештер түрі ең тиімді деп есептеледі. Пештер бір мойынды, екі мойынды және көп мойынды болады. Ең үнемді пештерде ыстық газдар бір жолмен көтеріліп, бірнеше жолдармен (мойындармен) параллельді түрде төмен қарай түседі. Бұл пештер жылуды күшті сақтайды. Жылуды жинамайтын пештер уақытша пайдалануға, заттарды кептіруге немесе қосымша жылытқыш ретінде пайдаланылады.
Қазіргі кезде металлдан жасалған пештер, жылжымалы калориферлі қондырғылар қолданады. Бұл пештер кептіргі ретінде немесе қосымша жылу беру үшін қолданады.
Егерде пештің ысып тұрған үстіне жанатын зат түссе, өрт шығуы мүмкін. Өрт шығу қауіпі пештің дұрыс орналаспауына да байланысты болады. Егерде ыстық газдардың жолдарында өртенетін заттар немесе қоршаулар тұрса, пештер тез өртенетін тетіктерге жақын тұрса өрт шығуы мүмкін. Сондықтан мұндай пештерді пайдаланғанда өрт қауіпсіздігі ержелерін есте сақтауларыңыз керек.
Кез келген өрт жағдайына тап болсаңыз дереу «01» немесе «2-07-22» номерлеріне телефон шалыңыз!
|