БАСТЫ > Тұрғындар қауіпсіздігі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Өрт қауіпсіздік ережелері  
     Өрт жағдайы, жарақат алу және адам өлімі көбінесе тұрғын үй секторында орын алады.
Үй иелерінің салғырттығы, жауапсыздығы өрт шығу қауіпіне себеп болады.
«Қырағы болыңыздар, үйде қараусыз электроқұралдарды, қосылып тұрған газда тамақты ұмытып тастамаңыздар»- деп Іле ауданының ТЖБ қызметкерлері аудан тұрғындарын ескертеді. Өйткені өрт бір үйден көршілердің үйлеріне ауып кетеді. Өрт шығу себептері әртүрлі : пештің, үтіктің, теледидардың ақаулары, отты абайсыз қолдану. Статистика бойынша ұйқыға жатарда төсекте шылым шегушілер өрт шығудың себепшісі болудан бірінші орын алады.
Кейбір адамдар осыны біле тұра сақтық жасамайды. Алкогольдің әсерінен сақтығын жоғалтып төсекте шылым шегіп, темекісін өшірмей, өртке себепші болады. Сондықтан азаматтарға өрт қауіпсіздігінің ержелерін орындамаса, салғырттық жасаса қайғылы жағдайға, материалдық шығынға апарып соғатыны туралы ойлануын ескертеміз.
қауіпсіздендірмеу, электр жабдықтарын қараусыз қалтыру, отты дұрыс пайдаланбау, мас күйінде шылым шегу болып табылады.
Осыған орай Іле аудандық өрт сөндіру қызметі тағы да өрттің өте қатерлі апат екенін, көбінесе оның құрбаны адамдар болатынын ерекше ескертіп айтады.
Өрт - өте қатерлі қауіп! «Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!»
Осы жағдайларды ескеріп Іле аудандық өрт сөндіру қызметі жеке меншік үйлердің, пәтер иелерінен өрт қауіпсіздігі ережелерін мұқият, үлкен жауапшылықпен орындауын сұрайды.
Отты пайдаланғанда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұлжытпай орындауын ұмытпаңыздар!
Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, электрөткізгіш сымдарды уақытында жөндеп тұрыңыз!
Тұрмыстық электрқұралдарды қолданғанда қауіпсіздік ережелерін орындап отырыңыз! Ұмытпаңыздар - өртті сөндіргеннен гөрі, өрттің алдын ала ескертуі оңай