БАСТЫ > Тұрғындар қауіпсіздігі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Жазғы демалыс лагерлеріндегі өрт қауіпсіздігі  
      Жазғы демалыс басталған кезде денсаулық сақтау лагерлерінде дайындық жүргізіледі, мектептерде балалар демалу үшін лагерлер ұйымдастырылады.
Демалыс үйлерінде, денсаулық сақтау лагерлерінде жөндеу жұмыстары және балаларды қабылдау жұмыстары басталады, осы кездерде өрт сөндіру қауіптерінің жағдайына, өртке байланысты тәртіптерді қатаң сақтау керек екеніне көңіл бөліңіздер. Міндетті түрде бүкіл корпустардың ішкі-сыртқы электр жүйелерінің қауіпсіздігін тексеріп, бүкіл ағаштан құрылған корпустардың барлығын өрт сөндіргіштермен қамтамасыз етіп, тек қана қамтамасыз етіп қоймай демалушылармен демалыс үйлерінің ұжымын, жұмысшыларын өрт сөндіру құралымен қалай қолдану керектігін үйрету керек. Барлық корпустарда, ғимаратарда өрт қауіпіне байланысты адамдардың өрт және апат орнынан шығарылуы туралы қабатты жоспарлар, өрт сөндіруге байланысты инструкциялар болуы, сонымен қатар есіктердің барлығы бағыттар бойынша ашылуы керек.
Іле ауданының өртке қарсы қызмет бөлімінің қызметкерлері аудандағы мектептерде жазғы денсаулық сақтау лагерлеріндегі өрт-техникалық тексерістер жүргізіп, дайындылықтарын тексереді.
Осы жылы Іле ауданының өртке қарсы қызмет және білім беру бөлімдерінің қызметкерлерімен мектептерде жас өрт сөндірушілермен іс-шаралар өткізіліп, осы жас өрт сөндіруші оқушыларды мектептегі лагерлерге жұмысқа бейімдеді. Себебі бұл оқушылар өрт сөндіру тәртіптеріне қатаң үйреніп жаттыққан.
Сіздерге қызықты және жақсы демалыс тілейміз!