Алматы қаласының қала маңы аймағының бас жоспары қала маңы аймағы аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың негізгі құжаты болып табылады.
Бас жоспарды әзірлеудің басты мақсаты - Алматы қаласы және қала маңы аймағындағы елді мекендерде экологиялық қолайлы, тыныс-тіршілікке қауіпсіз орта құруға, әлеуметтік-экономикалық дамытудың болжамды параметрлері негізінде аумақтың функционалдық-жоспарлық ұйымдастырылуын қалыптастыруға; Алматы қаласы мен Алматы облысының өзара байланысты мүдделерін ескере отырып, аумақты пайдалану регламенттерін әзірлеуге бағытталған қала құрылыстық шаралар кешенін жүргізу.
Қала маңы аймағының бас жоспары 17,44 мың шаршы километр аумақта орындалған және Алматы облысының бес әкімшілік аудандарын: Қарасай ауданын толық, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарының бір бөліктерін, сондай-ақ Қапшағай әкімшілігінің аумағын қамтиды.
Бас жоспарда: қалыптасқан және болжамды демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар ескерілген қала маңы аймағының аумақтық және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары; Жетісудың мәдени мұрасын ескере отырып, ерекше қорғалатын аймақтарды бөлу; өндірістік, рекреациялық, жасыл аймақтарды дамыту мен орналастыру; функционалдық аймақтандыру және жоспарлық құрылымдау арқылы, инженерлік және көліктік инфрақұрылымды дамыту айқындалады.
Бас жоспар іске асырудың мынадай жобалық кезеңдерін ескере отырып орындалған:
бастапқы жыл - 2009 жыл;
бірінші кезең - 2015 жыл;
аралық кезең - 2025 жыл;
есептік мерзім — 2035 жыл;
болжамдық мерзім - 2040 жыл.
Бас жоспар, қала құрылысы жағдайлары мен ресурстық әлеуетті кешенді талдауды ескере отырып, Алматы қаласына іргелес аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен функционалдық мақсатын анықтайды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін бас жоспарларды әзірлеу 2008 жылдан бастап жүзеге асырыла бастады, Өтеген батыр кентінің бас жоспары 2009 жылдың қаңтар айында Іле ауданы мәслихатымен бекітілді.
Ары қарай « Алматы қаласының қала маңы аймағының бас жоспары туралы (Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы
№ 1097 қаулысымен қала маңй аймағының бас жоспары бекітілді, аталған жоба аясында Іле ауданының келесі елді мекендеріне бас жоспарлар әзірленді: Покровка, Первомайский, Боралдай кенттері, Қоянқұс , Түймебаев, Жәпек батыр, Көкқайнар, Байсерке, Ынтымақ, Жаңаталап, Жаңадәуір, Жетіген, Междуреченск, Казцик, Чапаев, Қараой, Екпенді ауылдары.
2011 жылы Өтеен батыр кентінің бір бөлігіне (қоғамдық және тұрғын аймақ), Боралдай кентінің бір бөлігіне (қоғамдық, өндірістік және тұрғын аймақ) нақты жоспарлау жобасы әзірленді, сонымен қатар Н.Тлендиев ауылына бас жоспар, Ащыбұлақ ауылдық округінің өндірістік аймағына нақты жоспарлау жобасы әзірленді.
Әзірленген қала құрылысы құжаттары 2012 жылдың 20 шілдесінде Іле ауданының мәслихаты шешімімен бекітілді.
2012 жылы Жаңа талап ауылына нақты жоспарлау жобасы және Құйған, Қосөзен ауылдарына бас жоспармен бірлескен нақты жоспарлау жобасы бекітілді.
2013 жылы Жетіген ауылдық округінің Жаңа Арна ауылына бас жоспармен бірлескен нақты жоспарлау жобасы әзірленді және бекітілді.
Нақты жоспарлау жобасы тек қана Боралдай және Өтеген батыр кентінің тұрғын аймақтарының бір бөліктерінде және өндірістік аймақтарына , сонымен қатар Жаңа талап, Тлендиев ауылдарының тұрғын аймақтарында, Ащыбұлақ ауылдық округінің өндірістік аймақтарында бар.
Қазіргі уақытта 2014жылға әзірленген қала құрылысы құжаттары жоқ басқа елді мекендерге бас жоспармен бірлескен нақты жоспарлау жобасын әзірлеу жүргізіліп жатыр: Көктерек, Әли, Еңбек, Ақши, Жауғашты, Комсомол, Төле би ауылдары.
Бас жсопарларды әзірлеуге қаражат бөлу мақсатында Қазақстан Республикасы жер Кодексінің 44 бабына сәйкес уәкілетті орган «Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қаржыландыру кестесі құрылып, Іле ауданының қалған елді мекендеріне бас жоспарларды әзірлеуге Алматы облысының сәулетжәне қалақұрылысы басқармасына ұсыныс берілді.
|