БАСТЫ > Тұрғындар қауіпсіздігі > ҚҰЖАТ

 
 
 
Газ қолданғандағы cақтық ережелері  
      Көмір мен ағаш отынға қарағанда газ - арзан да, адамға қолайлы отын. Газ оңай және тез жанады да күл қалтырмайды. Дұрыс пайдаланбаған жағдайда бықсымайды.
Бірақ газдың өз ерекшеліктері бар. Бұл ерекше қасиеттерін жетік білмеген жағдайда немесе немқұрайлықпен қараса жарылысқа, өртке және улануға апарып соғады. Өрт шығудың негізгі себебі – газдың шығып кетуі. Газ құбырының герметикалық қасиеті бұзылса, газ оты шығатын жерден газ шығып кетуі де, өртке себеп болады. Табиғи газ да сұйық газ да ауамен қосылса жарылатын қоспа пайда болады. Сондықтан үйдің ішінде газдың иісін сезген кезде, сіріңке жағу, элекроөшіргіштерді жағу, ашық отты пайдалану немесе темекі шегуге тыйым салу керек. Өйткені бұл шараларды орындамаған жағдайда газ жарылысы болады. Сұйық газдар табиғи газдарға қарағанда өртшығу қауіпі жоғары.
Газдың шығып кету себебі әртүрлі болады. Егерде газдың шығуы кранның ашық қалғанынан болса, кранды жауып, үйдің ішін желдетіп қою керек. Ал газдалған жылыту жүйесі бар, пәтерлерді күнде таңертең таза ауа жіберіп, ауаны газдан тазартып отыру қажет. Балалар мен танымайтын адамдарға газ құралдарын қолдануға тыйым салу керек.
Газ плитаны таза ұстау керек. Қайғылы апатқа ұшырамас үшін төмендегі жағдайларға тыйым салынады:
- газ плитаның крандары жабылмай, газ құбырының кранын ашу;
- қолда жанып тұрған сіріңкесіз пл
- итаның кранын ашу;
- жанып тұрған газға сұйықтардың төгілуі;
- газ плитаны өз бетімен жөндеу жүргізу;
Баллонды газды жылыту жүйелерінен 1 метрден кем жерге қоюға болмайды. Баллонды газды қою газ шаруашылығының қызметкерлері міндеті. Газды орнатарда өрт қауіпсіздігі ережесін бұлжытпай орындауды ұмытпау қажет.

Ауылды жердегі тұрғын үйлер көбінесе сұйықталған баллонды газбен немесе газ құбыры арқылы газбен қамтамасыз етіледі. Тұрмыста табиғи газбен сұйықталған газды қолдану өрт қауіпсіздігі ережелерін білуді және қатаң сақтауды талап етеді.
Ауылды жердегі тұрғын үйлер төмен қысымды газ құбырынан қамтамасыз етіледі. Мұндай газ құбырларын үйлерден 2 метр жерден ары тартады. Егерде газ құбыры су құбырымен қатар келсе, олардың арасы 0,5 метрден кем болмауы керек, ал электр кабелі мен телефон кабельдері арасы 1 метрден кем болмауы керек.
Газ құбырының сыртқы жағын арнайы өртенбейтін жылу ұстайтын материалдармен қаптайды.
Ішкі газ құбырын үйдің қабырғасы бойы орнатады. Үйде газ құбырын орнатқанда, есік, терезелермен қиысуды рұқсат етпейді. Жеке газ құрылғы әдетте екі баллоннан тұрады. Газ баллонын орнату өрт қауіпсіздігі еренжесіне сәйкес болуы керек.
Бұл баллондар 1-2 қабатты 4 бөлмеден артық емес үйлерде орнатуға болады. Газ баллондарын газ құралдары орнатылған бөлмеге, яғни ас үйге орнатылады.
Ас үйде 55 литр бір баллон, 27 литр ені баллон ұстауға болады. Бір баллон қорда тұрады.
Қордағы баллондарды ас үйден тыс жерде сақтау керек. Ашық күн түсетін жерге, жылу тиетін жерге баллонды қоюға
болмайды.
Үй иелері жиі баллондарды ауыстырып тұрады. Баллонды ауыстырған кезде арнайы нұсқаулықтағы ережелерді орындау керек. Газ баллонын орнататын қызметші осы ережені үй иелеріне мұқият ескертіп отыруға тиіс.