БАСТЫ > Бос лауазымдар > ҚҰЖАТ

 
 
 

Іле ауданының әкімі әкімшілік мемлекеттік қызметке
бос лауазым орынына конкурс жариялайды.
 
 
 
 
1. Іле аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы - 1 бірлік, Е-R-4 санаты, мемлекеттік қызметте қызмет өткерген жылдарын есептемегенде лауазымдық жалақы мөлшері 56376 теңге.
Функционалдық міндеті:
Бөлімнің іс-құжаттарын жүргізу. Бақылаудағы құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету. Бөлімнің кіріс шығыс құжаттары мен бөлім басшысының бұйрықтарының жобаларын әзірлеу. Әр деңгейде өткізілетін спортттық іс шаралардың қаржылық сметалық шығындарын есептеу. Мемлекеттік тілді білу, ұжымда жұмыс жасай білу, коммуникабелдік, психологиялық сиысушылық, компьютермен және оргтехникамен жұмыс жасай білу.
Кандидатқа қойылатын талап :
Жоғарғы педагогикалық гуманитарлық, экономикалық, құқықтық немесе ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Конкурсқа қатысушыларға жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдары, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік процедуралар туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңдары, осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші азаматтар Іле ауданы әкімі аппаратына төмендегі құжаттарды өткізеді:
- белгіленген үлгі бойынша өтініш;
- белгіленген үлгі бойынша толтырылған сауалнама;
- кадр есебі бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұратын жері көрсетілген және телефоны, байланыс телефоны);
- нотариалды немесе басқа белгіленген заң тәртібінде расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;
- нотариалды немесе басқа белгіленген заң тәртібінде расталған білімі жөніндегі құжат көшірмесі;
- белгіленген үлгі бойынша денсаулығы туралы анықтама («Мемлекеттік қызметке түсушінің денсаулық жағдайы туралы» немесе № 086 -ф үлгісі);
- 3x4 көлеміндегі 1 суреті.
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
- құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.
Азаматтар білім, жұмыс тәжірибесі, кәсіптік деңгейі және беделі туралы қосымша ақпарат беруіне болады (квалификациясын жоғарылату, ғылыми дәрежесі, мінездеме, ұсыныс, ғылыми жариялымдары туралы құжаттар).
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттік Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурстық комиссияны құру Ережесі негізінде өткізіледі.
Тестке қатысуға жіберілген кандидаттар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Алматы облысы бойынша басқармасында құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде өтеді. (Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі 38, 119 кабинет)
Әңгімелесуге жіберлген кандидаттар Іле ауданы әкімінің конкурстық комиссиясында тест өткеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясының қорытынды отырысы __________2013 жылы өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар төмендегі мекен жайға тапсырылады:
Өтеген батыр кенті, З. Батталханов көшесі, 8 үй, 308 кабинет; электрондық адрес: 80asem80@mail.ru
Байланыс телефондары: (8-72752) 2-14-72, 8-727-2517-976.
Құжаттарды қабылдау мерзімі хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде.


Аудан әкімі Б. Абдулдаев