БАСТЫ > Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
2015 жылғы автомобиль жолдары туралы ақпарат  
 
 

Іле ауданында Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы - 222 шақырым, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының маңызы – 443 шақырым, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары – 824 шақырымды құрайды.
Бүгінгі таңда, аудандық маңызы бар жолдардың асфальттанған жолдары - 762 шақырым, құм-тас төселгені – 143 шақырым, жөндеу жұмыстары жүргізілмеген қабаты – 128 шақырымды құрайды.
Автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту мақсатында, 2013 жылы Іле ауданының 32 елді мекенінің ағымдағы жол жөндеу жұмыстарына - 104,4 шақырым автомобиль жолына – 941,5 млн.теңге (2012 жылмен салыстырғанда 553 млн.теңге) бөлінді.
2014 жылы ауданның жол жөндеу жұмыстарына бюджеттен 755 млн. теңге (шамамен 38,7 шақырымды құрайды) бөлінді.
Ағымдағы жылы Іле ауданының елді мекендерінде алғаш рет - 263,7 млн.теңгеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Жоспар бойынша 10 елді мекеннің, 10 көшесіне, ұзындығы 8,9 шақырымға орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша, ағымдағы жылы жол жөндеу жұмыстарына - 363,4 млн.теңге бөлінді. Жоспар бойынша 11 елді мекеннің 42 көшесіне, жалпы ұзындығы – 21 шақырымға жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өңірлік даму» бағдарламасы бойынша, ағымдағы жылы жол жөндеу жұмыстарына– 128 млн.теңге бөлінді. Жоспар бойынша 8 елді мекеннің 8 көшесіне, жалпы ұзындығы – 8,8 шақырымға ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
2013 жылдың соңында, ауданның күрделі жол жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы, ұзындығы – 83 шақырымға, жалпы қаражаты - 2,5 млрд.теңгеге жасалған болатын.
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына, 2013 жылы төмендегі автомобиль жолдарына орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді: 1. Алматы – Жетіген – Қапшағай су қоймасы автомобиль жолының, 15-23 шақырым аралығы; 2. «Первомайка – Боролдай – Водник автомобиль жолы» 0 мен 2 шақырым аралығы; Сонымен қатар облыстық автомобиль жолдарының ағымдағы жол жөндеу жұмыстарына 1,5 млрд.теңге бөлінген болатын.
2014 жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында төменде көрсетілген автомобиль жолдарына орташа жол жөндеу жұмыстары жоспарланған: Энергетик кенттік округіне кірме жолы, 0 мен 3 шақырым аралығы., Первомай – Боралдай – Водник автомобиль жолының жалғасы 2 мен 6 шақырым аралығы., КазЦик ауылына бағытталған бұрылыс жолы., Қосөзен ауылына кірме жол, 0 мен 8 шақырым аралығы.
Ағымдағы жол жөндеу жұмыстары: Первомай – Жаңаталап, Алматы – Ақсай – Боралдай – Шелеккемір, Алматы 1 – Шамалған бекеті – Ұзынағаш (Боралдай кентіне бағытталған жол) 0 мен 2 шақырым аралығы.