БАСТЫ > АППАРАТ > ҚҰЖАТ

АУДАН БАСШЫЛЫҒЫ
 
Аудан әкімінің орынбасарлары
 
Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы 1970 жылы маусым айынның 3 күні, Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Черноводск ауылында дүниеге келген.
1991 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Сонымен
қатар заңгер, экономист.
2000 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Жетыген ауылының әкімінің орынбасары.
2002-2003 жылдары аралығында Іле ауданы әкімінің аппаратында ауыл шаруашылық тұрғын үй бөлімінде бас маман. 
2003 - 2004 жылдары аралығында Байсерке ауылында әкімінің орынбасары,
2004-2005 жылдары аралығында Іле ауданы әкімінің аппаратында кіші және ірі бизнес бөлімінің басшысының қызметін атқарған.
2005-2016 жылдар аралығында Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының қызметін атқарған.
2016 жылдың 1 ақпанынан бастап, Іле ауданы әкімінің орынбасарының қызметіне тағайындалды.
 
 
 
Ерекешев Серікжан Қазиұлы, 1973 жылы Оренбург облысы, Адамов ауданы, Адамовка ауылында дүниеге келген.
2011 жылы Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығын бітірді. 2018 жылы Нархоз университетінің «мемелекеттік және жергілікті басқару» мамандығын бітірді Еңбек жолын 1997 жылдың 27 наурызынан «Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесін ЖАҚ-да тізімдерді енгізу қызметінде жетекші маман болып жұмыс істеп бастады.
16.10.2012 - 15.01.2013 жж Байсерке ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы; 15.01.2013 - 24.10.2016 жж Байсерке ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды.
2016 жылдың 25 қазанынан бастап Іле ауданы әкімінің орынбасарының қызметіне тағайындалды.
 
 

Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы, 1971 жылы 22 наурызда Талдыкорған облысы, Панфилов ауданы, Алты үй ауылында дүниеге келген.
1991 жылы ҚазССР Денсаулық сақтау Министрлігінің Республикалық медицина училищесінің санитар фельдшер мамандығын, 2006 жылы "Дарын" әлеуметтік-гуманитарлық институтының психолог, психология мұғалімі, психолог-заңгер мамандығын бітірген. Еңбек жолын 1991 жылдың 01 сәуірінен эпидемиологтың көмекшісі, сан.дәрігердің көмекшісі болып бастаған СЭС Мәскеу ауданы, Алматы қаласы.
1996-2011 жж экологиялық инспекцияда жетекші және бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
25.01.2011 - 01.10.2014 жж Алматы қалалық экологиялық инспекциясының бастығы, Алматы қаласы;
01.10.2014 - 26.11.2017 жж Қоршаған ортаны қорғау және экологияны қорғау бөлімінің бастығы (қалалық экология инспекциясы бөлімінің атауы өзгертілуіне байланысты), Алматы қаласы;
27.11.2017 - 12.02.2018 жж Іле ауданының Междуреченск ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманының м.а.;
2018 жылдың 13 ақпанынан бастап Іле ауданы әкімінің орынбасарының қызметіне тағайындалды.
 
 
 
Аудан әкімінің аппарат басшысы
 


Кәрібаев Мұхит Бақытұлы 1974 жылы ақпанның 11 жұлдызында Алматы облысы,Іле ауданы, Боралдай кентінде дүниеге келген.  Әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің құқықтану-заңгер факультетін бітірген. Жоғары білімді.
2002 жылы Боралдай кенттік округі әкімі аппаратының бас маманы.
2005 жылы Боралдай кенттік округі әкімінің орынбасары.
2008 жылы КазЦИК ауылдық округі әкімі болып қызмет атқарған.
2009 жылы Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарған.
2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап, Іле ауданы әкімінің аппарат басшысының қызметіне тағайындалды.



Аудан әкімінің көмекшісі
 

Қамалбек Арман Даниярұлы – 12 шілде 1988 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Узынағаш ауылында дүниеге келген. 2005-2009 жылдар аралығында Әль–Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде экономика және бизнес факультетінде қаржы мамандығы бойынша, 2009-2010 жылдары Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің оқыған мамандығы бойынша магистратурасында қаржылық менеджмент бойынша, Талдықорған қаласында 2010-2012 жылдары, Академиясының экономика және құқық университетінің " заңтану мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2008 жылы бастаған жеке- меншік ұйымдарда, және кәсіпкерлікпен айналысқан.
16.03.12 - 01.08.13 ж.ж - Іле ауданының « Тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, жетекші маман.
01.08.13 – 20.04.14 ж.ж - Іле ауданының « Тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, бас маман.
20.04.14. – 16.03.15 ж.ж – Іле ауданының « Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшының м.а.
16.03.2015 - 25.04.2018 ж.ж Іле ауданының « Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы болды.
2018 жылдың 26 сәуірінен бастап Іле ауданы әкімінің көмекшісі қызметіне тағайындалды.