БАСТЫ > АППАРАТ > ҚҰЖАТ

 
 
 
«Іле ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ  
 

(Іле ауданы әкімдігінің №4-683    «23» «сәуір» 2009 ж. қаулысымен бекітілген)

  1. Жалпы ереже

1. Аудан әкімінің аппараты (онан әрі-аппарат) мемлекеттік мекеме болып табылады, аудан әкімі және әкімдікті ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалды-техникалық қызметпен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

2. Аппарат қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерімен және осы Ережемен реттеледі.

3.       Аппарат жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілетін заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гербі бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілдегі өз атауы бар.

4.       Аппарат жөніндегі Ереже аудан әкімдігімен бекітіледі.

5.       Заңды    мекенжайы:  Алматы облысы, Іле ауданы, Батталханов көшесі, 8.   

 

2.       Аудан әкімі аппаратының міндеттері мен мақсаттары

6. Аудан әкімі аппаратының негізгі мақсаты аудан әкімі және әкімдікті нәтижелі қызметпен қамтамасыз ету болып табылады.

7. Аппараттың міндеттері:

       7.1 Аудан әкімі және әкімдікті ақпараттық-аналитикалық, құқықтық қызметпен қамтамасыз ету;

       7.2 Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Премьер-министрдің Кеңсесімен, Қазақстан Республикасының Парламентімен, Алматы облысы әкімі аппаратымен, облыс және аудан мәслихаттарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара әрекетті қамтамасыз ету;

3. Аудан әкімі аппаратының қызметі

8. Аппарат алдында тұрған міндеттерді шешу үшін келесі қызметтерді жүзеге асырады:

8.1 Әкімшілік-ұйымдастырушылық және құқықтық:

8.1.1 Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің  актілерін, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс, аудан әкімдігінің қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру, аудан аумағында олардың орындалуын бақылау;

8.1.2 Барлық дәрежедегі атқарушы билік органдарымен  қарым қатынаста болып, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобасын дайындауда олардан мәліметтер, аудандағы әлеуметтік-экономикалық саясатты құратын болжам мен тұжырымдама алу, оларды өңдеу және сараптамасына қатысу.

8.1.3 Қызмет саласын, жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдардың жауапкершілігін және өкілеттігін, олардың жұмыстарының әдістері мен стилін жақсарту жөніндегі мәселелерді шешуді анықтайтын ұсыныстарды дайындау;

8.1.4          Әкім және оның орынбасарларының қызметтерін құжаттамамен қамтамасыз ету, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, әкімдіктердің қаулыларын дер кезінде ресімдеу,  оларды жергілікті атқарушы органдарына, кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге жеткізу;

8.1.5    Қызметтік құжаттарды, хаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру.

8.2. Ақпараттық-аналитикалық:       

8.2.1 Әкім және оның орынбасарлары үшін ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын сипаттайтын мәліметтер дайындау;

8.2.2     Әкімдіктің халықаралық қызмет мәселесі жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

8.2.3         Бұқаралық ақпарат құралдарында әкім қызметін баяндау.

8.3. Кадрлық:

8.3.1 Мемлекеттік қызметтің нәтижелілігін жоғарлату және жетілдіру жөніндегі мемлекеттік, облыстық және аудандық бағдарламаларды өңдеу және жүзеге асыруға қатысады;

8.3.2 Аудандық мемлекеттік қызметкерлер кадрының жағдайы  мониторингін, мәліметтер базасын құру және кадрлық резервті жүргізу; 

8.3.3 Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және дайындау, қайта дайындау мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, сонымен қатар шет елдерде;

8.3.4 Аудан әкімімен тағайындалатын және жұмыстан босатылатын, қызметтер тізіміне кіретін кадрлар құрамы жөніндегі ұсыныстар енгізу және өңдеу;

8.3.5 «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңды сақтауды, мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулерді сақтаудағы мәселелерді бақылауды, мемлекеттік қызметкерлердің жеке ісін, жұмыс кітапшасын (қызметтерде болғаны жөнінде мәліметтерді) жүргізуді жүзеге асырады.

 

4.    Аудан әкімі аппаратының өкілеттігі

9. Аудан әкімінің аппараты өз қызметін жүзеге асыру үшін, өз құзыретіне жататын мәселелер жөнінде құқылы:

9.1 Жергілікті бюджеттен қаржыланатын органдардан қажетті мәліметтер алуға, сондай-ақ оларға орындауға міндетті тапсырмалар беруге;

9.2 Аудан әкімінің құзіретіне жататын мәселелер бойынша барлық меншіктік формадағы ұйымдардан және мекемелерден, кәсіпорындардан мәліметтер, құжаттар, басқа материалдар, жазбаша және ауызша түсініктер алуға және сұратуға;

9.3 Аудан әкімінің өкімдерінің, шешімдерінің орындалуына тексеру жүргізуге, оларды орындамау себептері және жағдайлары, анықталған заң бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды қабылдауға;

9.4 Әкім аппаратының құзіретіне жататын мәселелер жөнінде, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хаттар жүргізуге;

9.5 Аудан әкіміне құрылымдық бөлімшелердің жетекшілерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;

9.6 Бөлім және басқа құрылымдық бөлімшелердің жиналыстарына қатысуға;

9.7 Басшылықтың тапсырмасы бойынша бөлім, кәсіпорын, мекеме және ұйымдардың қызметкерлерін, аудан әкімінің құзіретіне жататын мәселелерді шешуге қатыстыруға;

10. Қажетті құжаттарды, мәліметтерді, хабарларды, жергілікті бюджеттен қаржыланатын органдардың лауазымды тұлғаларының жазбаша түсініктерді беру жөніндегі әкім аппаратының талаптары, заңмен белгіленген мерзімде, егер әкім аппаратымен оларды орындаудың басқа мерзімі белгіленбесе, орындалуға жатады.

 

5.    Аудан әкімінің аппарат басшылығы

11. Аудан әкімінің аппаратын аппарат жетекшісі басқарады,  аудан әкіміне тікелей бағынады. Аппарат жетекшісі әкімшілік мемлекеттік қызметкер болып табылады, аудан әкімімен  қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

12. Аппарат жетекшісі келесі негізгі қызметтерді атқарады:

12.1 Аудан әкімдігінің аппарат жөніндегі Ережесін бекітуге ұсынады;

12.2 Ұсыныстар енгізеді:

12.2.1 Аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат жетекшісі және аудан әкімінің көмекшісі арасындағы міндеттерді бөлу жөніндегі;

12.2.2 Аппарат құрылымы жөніндегі;

12.2.3 Белгіленген штат саны шегінде штаттық кесте жөніндегі;

12.2.4 Аудан бюджетінен қаржыланатын ауданның атқарушы органдарының жетекшілеріне, аппарат қызметкерлеріне қызметтік еңбек ақы мөлшеріне қосымша ақы және үстеме төлеу жөніндегі;

12.2.5 Жоспарлау мәселесі жөнінде;

12.3. Аппарат бөлімдерінің қызметін үйлестіреді және жалпы басшылықты жүзеге асырады;

12.4 Аудан және ауылдық, кенттік әкімдер аппаратының қызмет істеуін қамтамасыз ететін және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, аппарат қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату жөніндегі;

12.5 Аудан әкімімен тағайындалатын, лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды енгізеді;

12.6 Аудан әкімінің облыс әкімінің аппаратымен, ауылдық, кенттік әкімдерімен, жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдардың жетекшілерімен, орталық атқарушы органдардық құрылымдық бөлімшелерімен байланысты қамтамасыз етеді;

12.7 Облыс және аудан әкімдерінің қабылдаған шешімдері мен өкімдерінің, әкімдіктің қаулыларын орындауды бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

12.8 Аппарат құзіреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

12.9  Аппараттағы ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

12.10 Оған аудан әкімімен жүктелетін басқа қызметтерді орындайды.

13. Әкім аппаратының жетекшісі құқылы:

13.1 Жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдардан, ауыл, кент әкімдерінен, кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден әкім үшін қажетті мәліметтерді, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, әкімдік қаулыларының орындалуы туралы есептер талап етуге;

13.2 Атқарушы органдарға әкімнің шешімдері мен өкімдерінің, әкімдік қаулыларының жобаларын, құжаттарын, егер олар белгіленген талаптарға және әкімге қарастыруға енгізу тәртібіне сай келмеген жағдайда,  қайтаруға.

 

6.    Аудан әкімінің аппарат қызметін ұйымдастыру

14. Аппаратқа жүктелген қызметтерді орындау үшін оның құрамында бөлімдер құрылады. Бөлім бастықтары, көмекші, бас және жетекші мамандар аппарат қызметкерлері болып табылады.

15. Аппарат бөлімдері жетекшілік ететін әкім орынбасарларымен келісілген және аппарат жетекшісімен бекітілген осы Ереженің, сондай-ақ бөлімдер туралы Ереже негізінде іс-әрекет етеді.

16. Аппарат қызметкерлері Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

17. Аппарат бөлімдерінің бастықтары:

17.1 Бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға дербес жауапкершілік тартады;

 17.2  Аудан әкімінің, оның орынбасарларының, сонымен қатар аппарат жетекшісінің тапсырмаларын орындайды;

17.3 Бөлім қызметкерлерін босату және орнын ауыстыру, оларды мадақтау және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды енгізеді;

17.4 Бөлім қызметкерлері арасындағы міндеттерді бөледі, еңбектің, еңбек және атқарушылық тәртіптің тиісті ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;

17.5 Іс жүргізуді қолданылып жүрген нұсқауға сәйкес жүргізуге жауап береді.

18. Аппарат қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін атқаруда, осы Ереженің 4 бөлігінде көрсетілген өкілеттікті жүзеге асырады.

19. Осы Ережеден шығатын мәселелерді қарастыру тәртібі мен дайындау аппарат жетекшісімен реттеледі.

 

7.    Аудан әкімі аппаратын қайта құру және жою

Аудан әкімі аппаратын қайта құру және жою Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен іске асырылады.