2017 жылдың 10 шілде күні «Ауылым алтын бесігім» атты ауылдық мәдениет үйлері арасындағы облыстық байқау өтті. Байқауға Междуреченск ауылдық мәдениет үйі қатысты. Байқау аясында Междуреченск ауылдық кітапханасы «Ауылым алтын бесігім» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмемен ақын, композитор, ҚР мәдениет қайраткері, Алматы облысы мәдениет мұрағаттар және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Ғұмар Төлеужан Нүсіпжанұлы танысып, өз пікірін білдірді. Үш бөлімнен тұратын кітап көрмесіне табиғаты көркем Жетісу елді мекендерінің фотоальбомдары, Жетісу жерінің атақты ақын жазушыларының шығармалары, Алматы облысы әкімінің қолдауыменен жарық көрген кітаптары қойылды. Көрме Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған кітап инсталляциясы және Астана күніне арналған «Нұрын шашқан әлемге, тұтқа болған бар елге» көрмесімен жалғасты. Көрмеге Астана туралы кітаптар, Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері, Іле аудандық кітапханашыларының ЭКСПО-ға барған сапарынан сурет галереясы ұсынылды. Көрмеге кітапханашы Ж.Устенова библиографиялық шолу жасап, 50 адам көрмемен танысты. Кітапханаға 14 жаңа оқырман жазылып, 25 кітап қолға берілді.


|