2017 жылы 14 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ Алматы қалалық филиалының барып қызмет көрсету бөлімі мен Өтеген батыр кентіндегі дербес қызмет көрсету орталығының мамандары Алматы облысының Іле ауданы, Күрті ауылдық округінің әкімшілік орталығы – Ақши ауылының мәдениет үйінде таныстырылымдық шара өткізді. Оған Іле ауданы Күрті ауылдық округі әкімдігінің аппаратының өкілдері, Талгар қаласының аймақтық туберкулезге қарсы диспансері филиалы мен Ақши ауылдық ауруханасының қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті №8-ші және №41-ші орта мектептердің басшылығы мен мұғалімдер құрамы – барлығы 107 адам қатысты. Шара барысында қатысушыларға жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының көрсететін қызметтері жайында толыққанды ақпарат берілді. Аталмыш шараға округ әкімі аппараты қызу қолдау көрсетті.
Бұл шараларды өткізудегі басты мақсат – тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру, оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту, міндетті зейнетақы жарналарының көлемін ұлғайту, зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері, сондай-ақ Қордың көрсететін қызметтерін алудың басқа да мүмкіндіктері бойынша ақпарат беру.
Таныстырылымдар мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізумен қатар біздің мамандар, белгілі бір себептермен БЖЗҚ кеңсесіне келе алмайтын азаматтарға Мобильдік агент» жобасы аясында қызмет көрсетті.
Бұдан бөлек Междуреченск ауылдық округінің Междуреченск ауылында Алматы облысының Іле аудандық орталық емханасының қызметкерлері үшін де осындай шара өткізілді.
Естеріңізге сала кетелік, үстіміздегі жылы 18 шілдеде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен Алматы облысы әкімдігінің арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы Меморандумға қол қойылған болатын.
Осы Меморандум аясында қазіргі таңда облыстың аудан орталықтарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.



