БАСТЫ > ҚҰЖАТ

 
 
 

«БЖЗҚ» АҚ мен Алматы облысы әкімдігінің арасында ынтымақтастығы жөнінде Меморандумға қол қойылды

05.11.2018

 

2017 жылдың 18-шілдесінде «БЖЗҚ» АҚ мен Алматы облысы әкімдігінің арасында ынтымақтастығы жөнінде Меморандумға қол қойылды. Осы Меморандум аясында 2018 жылы 02-қарашада «БЖЗҚ» АҚ Алматы қаласындағы филиалының өкілдері Іле ауданы Боралдай ауылындағы №39 мектеп-гимназиясы мұғалімдеріне арнап ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Филиал қызметкерлері, атап айтқанда директоры Амренов Н.С. және барып қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы Кожахметова А.А., 20 жылдық зейнетақы реформаларының нәтижелері, 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістермен таныстырып өтті. Шараға қатысқан тыңдармандар саны өте көп болды. Осындай шаралардың басты мақсаттары – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға тарту, міндетті зейнетақы жарналарының көлемі мен жиілігін арттыру, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін дамыту.

Жиынға қатысушылардың аса қызығушылығын тудырған мәселелер: 2018 жылы 1-шілдеден бастап өзгерген базалық зейнетақының тағайындалуы және БЖЗҚ-нан берілетін төлемдердің мөлшерін ұлғайту болды.

1. Аталған өзгерістер күшіне енбей тұрып базалық зейнетақы барлық зейнеткерлерге бірдей көлемде тағайындалатын. 2018 жылдың 1-шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуына байланысты жалпы өтілі 10 жыл немесе одан кем болса, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызы тағайындалады. Осы 10 жыл  үстіндегі әрбір толық жылға ең төменгі күнкөріс деңгейінен 2 пайыз қосылып отырады. Жұмыс өтілі 33 жыл не одан көп болған жағдайда, ең жоғарғы базалық зейнетақы – 100  пайыз ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде төленеді.

2. БЖЗҚ-нан берілетін төлемдердің көлемін ұлғайту бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, біз салымшыларға зейнетақы төлемдерінің жинақтар сомасына байланысты болатынын түсіндірдік, яғни жинақтар сомасы неғұрлым көп болса, айлық төлемдер де соғұрлым көп болады. Тіптен айлық табыс сомасы аз болса да, төлемдердің мөлшерін өсіруге әр салымшының мүмкіндігі бар, мысалы ерікті зейнетақы жарналарын аудару. Ол үшін салымшы БЖЗҚ-мен ерікті зейнетақы жарналары есебінен келісім жасасу керек. Бүгінгі таңда ерікті зейнетақы жарналарының үш түрі бар: жеке тұлға өз есебіне, жеке тұлға үшінші тұлға есебіне, заңды тұлға үшінші тұлға есебіне. Жарналар көлемі мен тәртібін салымшы өзі белгілейді.

Ерікті зейнетақы жарналар есебінен жинақтарын тұлға 50 жасына толғанда пайдалана алады, сонымен қатар мүгедектер, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрғылықты түруға кететін және кеткен азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетел азаматтары бұл құқықты иеленеді. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтары бар азамат қайтыс болған жағдайда, оның жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұрагерлікке беріледі.