|
Аты -жөні
|
Өмірбаяны
|
Мекен -жайы
|
Байланыс телефондары
|
1
|
Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы, Іле аудандық «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары

|
1952 жылы 22 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Галкино ауылында дүниеге келген.
1967 жылы Галкино ауылында cегіз жылдық мектепте білім алған.
1967-1971 жылдар аралығында Қазақ ССР ауыл шаруашылық Министрлігінің Қапланбек зоотехникалық-малдәрігерлік техникумында оқыған.
1971-1973 жылдары Кеңес армиясында әскери борышын өтеген.
1974 жылы Ленинград ветеринарлық институтына оқуға түсіп, оны 1979 жылы үздік бітіріп, ветеринарлық дәрігер мамандығын алып шыққан.
1979-1985 жылдар аралығында Алматы зооветеринарлық институтында комсомол комитетінің хатшысы болды.
1985-1986 жылдары Іле ауданында Іле аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы қызметін атқарған.
1986 жылы Іле кеңшары парткомының босатылған хатшысы болып сайланды.
1990-1992 жылдары Іле аудандық халық депутаттары Кеңесінің төрағасының орынбасары болды.
1992-1993 жылдары Іле аудандық халық депутаттары Кеңесінің төрағасы болды.
1993-1995 жылдары Іле ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.
1996 жылы Іле ауданы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне ауыстырылған.
1998 жылдан және 2013 жылдың қараша айына дейін Іле ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2013 жылдың 2 қарашада Іле аудандық мәслихатының V шақырылымының депутаты болып сайланды.
2013 жылдың 7 қарашасында Іле аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды.
Ерен еңбегі үшін «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының Парламентінің 10 жылдығына» мерекелік медальдарымен және 2013 жылы Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталған. Отбасылы, төрт баласы бар.
|
Іле ауданы, Өтеген батыр кенті.
|
|
2
|
Әмзе Әлдибекұлы Исаев

|
Әмзе Әлдибекұлы Исаев1949 жылы 29 қазан айында Алматы облысы, Іле ауданы, Чапай ауылында дүниеге келген. 1957 жылы КазЦИК ауылында мектепке барып, 1966 жылы тәмәмдады. 1969-1971 жылдары әскери борышын өтеп қайтты.
1975 жылы Талғар қалалық уылшаруашылық техникумына түсіп, 1980 жылы аграном мамандығын алып шықты.1981 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтына сырттай түсіп, 1987 жылы агроном мамандығын бітірді.Осы аралықта 1975 жылы жүзім шаруашылығы бригадасы бригадирінің көмекшісі болса, 1978 жылы жүзім шаруашылығының бригадирі болып жұмыс атқарды.1982 жылы агроном, 1986 жылдан бастап совхоздың бірінші өнім шығару бөлімінің бастығы болып қызмет жасады.1989 жылы М.Түймебаев атындағы совхоздың бас инженер-гидротехнигі болып тағайындалды.1991 жылы сәуір айынан қыркүйек айына дейін партиялық комитеттің хатшысы болды.1991 жылдың қыркүйек айынан М.Түймебаев совхоз директорының орынбасары болып тағайындалды.
1993 жылы ауылдық комсомолдық кеңесінің төрағасы болып сайланды.1993 жылы қараша айында ауылдық әкімшіліктің басшысы болып тағайындалды. 1994 жылы Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.1996 жылы Іле ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.1998 жылы Боралдай кенттік округінің әкімінен 2002 жылы Ащыбұлақ округінің әкімі болып тағайындалды. 2008 жылдың желтоқсан айынан бастап Іле аудандық «Нұр Отан» ХДП филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып, бүгінде Іле ауданы «Ардагерлер»кеңесінің төрағасы
|
Ащыбұлақ ауылы
|
|
3
|
Баян Топаркеліні
ақын, ұстаз

|
Баян Топаркеліні 1957 жылдың он екінші наурызында Арыс қаласында дүниеге келген. ОҚО Отырар ауданы Қоғам ауылында нағашы әжесі Әуен Дулатбайқызының қолында тәрбиеленді. Осы ауылдағы Қоғам орта мектебін 1974 жылы тәмәмдап, Алматы қаласындағы Қазақтың Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтының Жаратылыстану – география факультетін бітірді. Отыз жылдан аса КазЦИК ауылындағы Ә.Молдабеков атындағы орта мектепте қызмет етіп келеді. Бала кезінен өлең жырға жаны жақын ұстаз жуырда Халықаралық Жазушылар одағына мүше болып қабылданды
|
КазЦик ауылы
|
87057783652
|
4
|
Медеу БиғайшаҰлағатты ұстаз, ақын
|
Медеуова Биғайша Бесірқызы 14 желтоқсан 1952 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Қаратоған селосында туылған. Әкесі- Медеуов Бесір, шешесі – Медеуова Нағиман. Ата-анасы ауыл ардагерлері.1960 жылы Н.Өмірзақов орта мектебіне 1 сыныпқа қабылданып,орта мектепті Шелек ауданы Қорам орта мектебінде 1970 жылы бітірді. Комсомол, партия қатарында болды.1971-1976 жылдары Қазақ Ұлттық Университетінде, тарих факультетінде білім алған. Еңбек жолы Нарынқол ауданы, Талғар ауданы, Іле аудандары мектептерінде өтті. М.Мақатаев атындағы №13 орта мектепте тарих пәнінен сабақ береді. 4 балам бар. Қыздары Жұмабай Мақпал, Құрманжан Тоғжан «Қазақстан» телеарнасының режиссер - редакторлары. Ұлдары Жұмабай Эрнест - Медеу ауданы ішкі істер органдарында тергеуші, Жұмабай Сәкен - Алматы қаласы, Ғылым Білім министрлігі балалар құқығын қорғау департаментінің бас маманы. Жұбайы- география пәні мұғалімі. Келіні -ұстаз. Үш немересі бар. Еңбек өтілі 39 жыл.
Марапаттары: «Ы.Алтынсарин» медалі, «ҚР Ағарту ісінің үздігі»
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі,ақын.
|
Өтеген батыр
|
87072905700
|
5
|
Айдарбекова Роза Маратқызы
аудандық «Іле таңы» газетінің редакторы
|
Айдарбекова Роза Маратқызы 1956 жылы 20 мамырда Алматы облысы, Панфилов ауданында дүниеге келген.
1973 жылы Жаркент қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепті бітірді.Еңбек жолын 1973 жылы Алматы мақта-мата комбинатында тоқымашылықтан бастаған. 1975-1978 жылдары осы комбинаттағы «Лениншіл жас» газетінің тілшілер қосын басқарды. 1982 жылы Қазақтың С.М. Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы) мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1978 жылдан бері «Ильич жолы» қазіргі «Іле таңы» газетінде тілші, аудармашы, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.1997 жылдан бері «Іле таңы» газетінің бас редакторы.«Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы Іле аудандық филиалының жанындағы депутаттық фракцияның жетекшісі.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған. «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы», «Астана қаласының 10 жылдығы» мерекелік медальдарының иегері. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Қазақстан Журналистер Одағының алғыс хатымен марапатталған. Облыс әкімдігінің бұқаралық ақпарат құралдары арасында жарияланған бәйгелерінің бірнеше мәрте жүлдегері.Қазақстан әйелдерінің І съезінің, Бүкіләлемдік Ислам экономикалық форумының делегаты.
«Албан Кеңес», «Тау тұлғалы азамат», «Ұлағатты қос ғұмыр», «Өшпейтін өнегелі өмір» атты кітаптарды шығаруға редакторлық жасаған.
|
Өтеген батыр ауылы
Самен батыр көшесі
|
87772519310
|
6
|
Жәбиева Мейрамгүл Түйебайқызы
Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасының директоры
|
ЖәбиеваМейрамгүл ТүйебайқызыАлматы облысы Күрті ауданы Ақши ауылында1956 жылы 12 мамыр дүниеге келген , жоғары білімді, мамандығы кітапханашысы , бітірген оқуы Қазақтың Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Институтының кітапханашы – библиограф мамандығы бойынша еңбек жолын 1973 жылы Алматы облысы, Күрті ауданында мектеп кітапханасында жұмыс істеуден бастап, кітапханашы- әдіскер баспалдақтарынан , аудандық кітапхана директорына дейін көтерілді. 1997 жылы Ақши селолық кітапханасының меңгерушісі қызметін атқарса, 1999 жылдан бастап Өтеген батыр кентінде аудандық кітапхана директоры болып тағайындалып, осы күнге дейін қызметін жемісті жалғастыруда. «ҚР Мәдениет қызметкері» , «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған », ҚР Конституциясының 20 жылдығы медалі ,Елбасының алғыс хатын алды және 2013 жылы іс-сапармен Англия,Франция қалаларындағы Ұлтық кітапханаларында өткен семинар-кеңеске қатысуы Мейрамгүл Түйебайқызының еңбегінің жемісін аңғаруға болады. «Лучшие люди Казахстана»энциклопедиясына енген және Іле ауданының»Құрметті азаматы.
|
Өтеген батыр ауылы
Жауғаш батыр 72
|
87012844714
|
7
|
Жарқынбеков Сұлтан Данашұлы
Іле ауданы Әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің бастығы, профессор,ақын .

|
Жарқынбеков Сұлтан Данашұлы 1желтоқсан 1965 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаулы ауылында дүниеге келген. Әкесі - Жарқынбеков Данаш, Ұлы Отан соғысының ардагері, анасы -Демеубаева Ләсиман. Көп балалы ана. «Күміс алқа иегері»
1971 жылы Жалаулы Орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 1981 жылы негізгі мектепті аяқтап, 1985 жылы Алматы Құрылыс техникумының «Архитектура» бөлімін бітірді.
1990-1997 жылдары Әл – Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық Мемлекеттік Университетін бітірген. Мамандығы – «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі».
1997-2000 жылдары Райымбек ауданы Нарынқол ауылы О. Жандосов орта мектебінің директоры
2000-2005 жылдары Алматы облысы Іле ауданы Ынтымақ ауылы,№30 орта мектебінің директоры
2005-2011 жылдары Іле ауданы әкімдігі, Ішкі саясат бөлімінің басшысы
2005-2011 жылдары Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
2011 жылдан Ішкі саясат бөлімінің басшысы
2015 жылдан ғылыми атақ - профессор
«Астананың мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін, сондай-ақ Астана қаласының 10 жылдығы құрметіне арналған» мерекелік медалі, ҚР-сы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналға мерекелік медалі ,Қазақстан Республикасы Халықтар Ассамблеясының 20 жылдығы медалі, Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» шығармашылық бірлестігінің «Абылайхан» және «Ұлт мақтанышы» медалдары, ҚР-сы Президентінің Алғыс Хатымен марапатталған.
Ол бірнеше кітаптың авторы. Атап айтқанда, «Халықтық педагогиканы қазақ тілі мен әдебиет сабағында пайдалану», «Қазақ тілін оқытудағы ауыз әдебиеті деректерін пайдалану», Тәрбие жолы сан тарау «Сабақ – шығармашылық үрдіс», «ХХІ ғасыр мұғалімі», «Жаңа технология қазақ тілі мен әдебиет сабағында» атты мұғалімдерге арналған әдістемелік оқу құралдары болса, саясат саласында «Жасампаздық жолдауына бүкіл халықтық қолдау», «Ішкі саясат: құрылым және технология»,«Пришло время конкретных дел», «Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты», «Діни бірлестіктерге мониторинг жүргізу әдістемесі», «Қазақстан - 2030», « Өрге басқан он жыл», «Сырсандық», «Жалаулы- жұмақ мекенім! » «Ілетану» т.б.
Атаулы еңбектер мен іс-тәжірибесі , республика көлемінде таратылды. Бүгінгі таңда әдебиет пен өнер саласында қалам тартып, облыс, республика көлемінде танымал әріптесіміз Жетісу өлкесі жайлы қалам тербеп, бірнеше әндерге сөз жазады. «Жалаулы-жұмақ мекенім», « Жетіген-әнімнің тірегі-сен», «Сағынамын мен сені», «Ынтымақ, сен менің жүрегімсің», « Байсеркем, бір өзіңе болдым ғашық» , « Мен сүйемін» , «Тәуелсіз Қазақстан», «Қыздар-ай», «Өтеген батыр маршы», «Іле-Сәулет алға!», «Ауылым-жыр әнім»,«Әкеме», «Бауырға тілек», «Жырлайды жүрек бұлбұлым», «Түлек сыры» және т.б. өлеңдеріне белгілі сазгер Владимир Питерцев ән жазып шығармашылық жұмыстарын жүзеге асыруда. Атаулы әндерді ҚР-ның еңбек сіңірген артісі Сұлушаш Нұрмағанбетова, ҚР-ның халық артісі Мақпал Жүнісова, Майра Ильиясова, Ақжол Мейірбеков, халықаралық байқаудың жүлдегерлері «Эллегия тобы», Данаш Нұршат, Гүлмира Құрманбаева т. б. орындаушылар орындап жүр. Сол сиқты драматургия саласында «Әнім-жырым ешқашан өлтірмейді», «Астанама көктем келді» атты туындылары сахнаға шығып , көремендер тарапынан жақсы бағаланды.
|
Ынтымақ ауылы
Абай көшесі 45/ж
|
87478049056
|
8
|
Надирбекова Ғалия
Өтеген батыр кенті № 13 М.Мақатаев атындағы орта мектеп директоры
|
Надирбекова Ғалия 17 қазан 1950 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы, Ақкөл совхозында дүниеге келді.1958 жылы Ақкөл орта мектебінің бірінші сыныбына барып, 1968 жылы мектепті бітірді. 1968 жылдан 1974 жылға дейін Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында оқып, тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі мамандығын алып шықты.
Еңбек жолын 1972-1980 жылдар аралығында Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы Н.К.Крупская атындағы орта мектепте мұғалім болып бастады.
1980-1982 жылдары Талдықорған облысы Андреев ауданы, Андреев №2 орта мектебінде мұғалім болды.
1982 - 1984 жылдар аралығында Күрті ауданы Ақши ауылындағы В.И.Ленин атындағы орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған.1984-1987 жылдары Ақши ауылы «Ромашка» аудандық балалар бақшасында меңгерушісі.1987-1989 жылдары Күрті аудандық білім бөлімінде инспектор.1989-1991 жылдары Т.Бокин атындағы орта мектепте оқу-ісінің меңгерушісі
1991-2001 жылдары Ақши ауылындағы № 8 орта мектепте директор,2001 жылдан бүгінге дейін Өтеген батыр кенті № 13 М.Мақатаев атындағы орта мектеп директоры қызметін атқарады.
1991 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Мақтау қағазы,1993 жылы Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі значогі,2004 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы,2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Ы.Алтынсарин медалімен марапатталды.Іле ауданының «Құрметті азаматы»
|
Өтеген батыр ауылы
Абай көшесі 19а/22
|
87017177123
|
9
|
Мұханов Шынәділ
ұстаз, ақын
|
Мұханов Шынәділ1950 жылы Алматы облысы, балқаш ауданының Қарой ауылында туған.1977 жылы ҚазМу-дың журналистика факультетін бітірген.1970-1982 жжбалқаш аудандық «Балқаш Еңбеккері» газетінің бөлім меңгеруші, жауапты хатшы, мәдениет бөлімінің меңгерушісі.1983-1997жж Күрті ауданында механик –инженер,2004 жылдан бастап №8,№41мектепте алғашқы әсери –дайындық пәнінің оқытушысы. Іле ауданының «Құрметті азаматы», «Мәдениет майталманы»медалінің иегері.
|
Ақши ауылы
|
|
10
|
Төрткен Кененқызы
ардагер ұстаз
жазылды
|
Төрткен Кененқызы 1936 жылытуған. ӘкесіКененӘзірбаевхалықақыны, сазгер , әнші. ЕңбекжолынөзітұрмысқашығыпбарғанТалдықорғаноблысы, ГвардияауданындаЖоламанстанциясының № 274 орта мектебіндеағапионервожатыйлықтанбастаған. 1979-1987 жылдараралығындаІлеаудандықмұғалімдеркәсіподағының басшылығынасайланған. Зейнеткекетералдындааудандыққадрбөлімінеауысқан.
Отызжылданастамхалықағартусаласындаістегенеңбегіелеусізқалғанжоқ. 1981 жылы “СССР халықағартуісініңозыққызметкері”, 1985 жылы “ҚазақстанРеспубликасыныңхалықағартуісініңозыққызметкері” дегенбелгілермен, 1995 жылы ҚР- білім МинистрлігініңҚұрметграмотасыменмарапатталған. Еңбекардагері. Қазақстанжастарыныңтұңғышфестивалінің” лауреаты (1957ж.), “ БүкілОдақтықкөркемөнерпаздартворчествосының” лауреаты (1985ж.), “Тұлпар” сыйлығыныңлауреаты (1995ж.) Ілеауданының «Құрметті азаматы»,
|
Өтеген батыр кенті
Титова 37
|
87013149520
|
11
|
Питерцев Владимир Виниаминович

|
12.11.1949 жылы дүниеге келген. Аудандық мәдениет үйінің үйірме жетекшісі, танымал сазгер
|
|
|
12
|
Мельник Анастасия Михайловна
|
1977 жылы дүниеге келген. Білімі- жоғары, Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институты «Элегия» үлгілі вокалды тобының жетекшісі, еңбек өтілі 20 жыл
|
|
|
|