БАСТЫ > 

 
 
Конституция күні құтты болсын!
29.08.2019

 

 

Құрметті Іле ауданының тұрғындары, Қазақстандықтар!
Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекесі - Конституция күнімен құттықтаймын! Осыдан жиырма төрт жыл бұрын, тамыздың 30-да Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің Конституциясы бекітілді. Еліміздің Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, заңды мүдделеріне, мемлекеттің экономикалық өсуіне, қай салада болмасын дамуына кепіл болады. Осы орайда, Сіздерді 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Елімізге тұрақтылық, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын! Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз - Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін!