БАСТЫ > 

 
 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша әдіснамалық семинар
29.08.2019

 

Іле ауданың Әдеп жөніндегі уәкілі Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында әдіснамалық-семинар өткізді. Әдеп жөніндегі уәкілдің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 28 тамыз сағат 10.00-де Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша әдіснамалық семинар өткізілді.
Аталған семинарға Іле ауданының бөлім басшыларымен қатар Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлерінен жалпы 20 адам қатысты.
Семинар барысында мемлекеттік қызметкерлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалардың талаптарын, сондай-ақ Елбасының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларының сақтау бойынша жан-жақты ақпарат берілді.
Шара барысында Әдеп кодексінің талаптарының қызметтен тыс жерде қатаң ұстану, сыбайлас жемқорлықтан сақтану, сыйлық алмау, жұмыс орынында себепсіз қалмау туралы бейнероликтер және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - әрбір азаматтың міндеті" атты слайд көрсетілді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 7-9 ШЕШІМІ бойынша «Мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғарғы мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған шара бойынша Мемлекеттік қызметшілердің әдеп негіздерін сақталуы жөніндегі» міндеттеме Декларациясы мен «Мемлекеттік қызметшінің іссапардағы тәртібі туралы» жадынамасын орындау қажеттілігі туралы айтылды.