БАСТЫ > 

 
 
Адал ұрпақ 27.05.2019

 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Іле ауданының орта білім беру мекемелері «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының белсенді мүшелерімен отырыс өткізді. «Адал ұрпақ» клубының негізгі мақсаты - белсенді клуб мүшелерін ынталандыру және оқушылардың бойына адалдық, өскелең ұрпаққа адамгершілік қасиеттерді ұстанудың маңыздылығын көрсету болып табылады. Отырысқа сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшелері шақырылды. Шараға Іле ауданының 48 мектебінен 120 оқушылары қатысты. Онда аудан мектептеріндегі «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысы, сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ мәселелері қаралды. Сондай-ақ, мектеп окушыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірнеше видеороликтер көрсетілді. Отырыс қонақтары ретінде Іле ауданы әкімінің орынбасары - А. Сатибаев, заң және мемлекеттік кұкық бөлімінің бас маманы - А. Қазбекұлы қатысты.