БАСТЫ > 

 
 
Көкқайнар ауылында салынған су бөгені 23.07.2019

    

Аудан басшысы Қарасаев Б.Ә. Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Көкқайнар ауылында салынған су бөгенін көрді. Бұл бөген Көкқайнар мен ауылдық округ саяжайларын жалғайтын су қоймасы. Тозығы жеткен су қоймасы жергілікті тұрғындарды әбден әбігерге салған еді. Осыған сәйкес, аудан басшысының тапсырмасымен бөген мен ауыл арасын жалғайтын ұзындығы 8 шақырымды құрайтын жол күрделі жөндеуден өтті. Бүгінде бұл жолдар бітуге шақ қалды. Арнайы тексеріспен барған аудан басшысы мектеп пен балабақша айналасына жол белгілерін орнатуды, жаяу жүргіншілер жолын арнайы жолақпен белгілеуді тапсырды. Сонымен қатар, жарық шамдары, аялдама мен санитарлық тазалық нормаларын қатаң сақтауды ескертті.