БАСТЫ > 

 
 
Әдеп жөніндегі уәкілі Әдеп кодексінің талаптарын сақтау 19.07.2019

           

         

Іле ауданың Әдеп жөніндегі уәкілі Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында әдіснамалық-семинар өткізді. Әдеп жөніндегі уәкілдің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 19 шілде сағат 15.00-де Чапаев ауылдық кітапханада, сондай-ақ, Қараой ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында сағат 16.30-да Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша әдіснамалық семинар өткізілді.
Аталған семинарға Іле ауданы Чапаев және Қараой ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлерінен жалпы 25 адам қатысты.
Семинар барысында мемлекеттік қызметкерлерге Елбасының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларының, сондай-ақ Әдеп жөніндегі уәкілі институтының маңыздылығы жөнінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалардың талаптарын орындау қажеттігі бойынша жан-жақты ақпарат берілді.
Шара барысында мемлекеттік қызметшілерге әдеп кодексінің талаптарының қызметтен тыс жерде қатаң ұстану, сыбайлас жемқорлықтан сақтану, сыйлық алмау, жұмыс орынында себепсіз қалмау туралы бейнероликтер көрсетіліп, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 7-9 ШЕШІМІ бойынша «Мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғарғы мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған шара бойынша Мемлекеттік қызметшілердің әдеп негіздерін сақталуы жөніндегі» міндеттеме Декларациясы мен «Мемлекеттік қызметшінің іссапардағы тәртібі туралы» жадынамасы таныстырылды.
Шара соңында қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында анонимді сауалнама алынып, ұжымдағы психологиялық жай- күй тұрақты екендігі анықталды.