БАСТЫ > 

 
 
Іле ауданының аймақтық сайлау комиссиясы хабарлайды! 06.06.2019

 

Құрметті Іле ауданының тұрғындары!

9 маусым, жексенбі, ҚР кезектен тыс Президент сайлауына шақырамыз.

Осыған орай, Іле ауданы бойынша сіздерге 81 сайлау учаскесі сағат 7.00ден кешкі 20.00ге дейін қызмет етеді.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі әрі өздігімен жүре алмайтын азаматтарға үйде отырып дауыс беруге мүмкіндік бар. Ол үшін жергілікті сайлау учаскесіне өтініш жазу қажет.

Бұдан бөлек, шалғай саяжай тұрғындары үшін арнайы қоғамдық көліктер қатынайды.

Сайлау учаскесінің орналасқан жерін білу үшін және басқа да мәселелер бойынша 2-20-27 немесе 2-51-70-93 нөмірлеріне хабарласыңыздар!

Сайлауға қатыс! Өз таңдауыңды жаса!