БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ 

 
 
«Ауданның жергiлiктi атқарушы органында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты  
 

1. Жалпы ережелер

      1. «Ауданның  жергiлiктi атқарушы органында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты (бұдан әрi - Стандарт) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) нысаны автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73 және 74-баптарының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет тiзбесi осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - орталық) арқылы, ал орталықтар болмаған жағдайда, ауданның жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) көрсетедi.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны (нәтижесi) тұтынушыға кезек нөмiрiн көрсетiп есепке қою туралы немесе негiздi себептердi көрсетiп есепке қоюдан бас тарту туралы жазбаша жауап беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз топтарына немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы органдарына  көрсетiледi.
      Халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын топтарына:
     1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдар;
     2) 1 және 2-топтағы мүгедектер (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);
     3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
     4) заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
     5) жасына қарай зейнеткерлiк демалысына шыққан зейнеткерлер;
     6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма үш жасқа толмаған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
    7)оралмандар;
      8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
     9) көп балалы отбасылар;
      10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн атқару кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
      11) толық емес отбасылар жатады.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмi тұтынушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап (тiркеу, талон, қолхат алу және т.б. сәттен бастап) 30 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетудi алу үшiн орталыққа қажеттi құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты 30 минутты, ал уәкiлеттi органда 20 минутты құрайды.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн алған кезде кезек күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты орталықта 30 минутты, уәкiлеттi органда 15 минутты құрайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң стандарты тiзбесi осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн орындардың стендiлерiнде, сондай-ақ ресми ақпараттық кездерiнде орналастырылады. Елдi мекенде орталық болмаған жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын уәкiлеттi органдар мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн орындардың стендiлерiнде орналастырады.
      10. Мемлекеттiк қызмет орталықтар арқылы, мереке және демалыс күндерiн қоспағанда, үзiлiссiз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн көрсетiледi, филиалдар мен өкiлдiктер үшiн сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн бiр сағат түскi үзiлiспен жұмыс кестесi белгiленедi.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз, «электрондық» кезекке тұру тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      Уәкiлеттi органдарда мемлекеттiк қызмет жұмыс күндерi күн сайын сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн көрсетiледi. Ұлы Отан соғысының ардагерлерi кезексiз қабылданады.
      11. Орталықтардың ғимараттарында және уәкiлеттi органдарда мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн жағдай жасалған. Залда анықтамалық бюро, күту орындары, толтырылған бланкiлердiң үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналасқан.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) атқарушы органдар белгiлейтiн нысан бойынша есепке қою туралы өтiнiш;
      2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi аумақтық органының анықтамасын (өтiнiш берушiде және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерiнде меншiк құқығында оларға тиесiлi тұрғын үйдiң жоқтығы туралы);
      3) әлеуметтiк қорғау органының өтiнiш берушiнiң (отбасының) әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға жататынын растайтын анықтамасын, не мемлекеттiк қызметшiнiң, бюджеттiк ұйым қызметкерiнiң, әскери қызметшiнiң жұмыс (қызмет) орнынан анықтамасын;
      4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты тапсырады.
     5)Қажет болған кезде өтiнiш берушi, сондай-ақ отбасында қосымша тұрғын бөлмеге құқық беретiн ауыр сырқат түрiмен ауыратын адам бары туралы мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемесiнiң анықтамасын тапсырады.
       13. Өтiнiштердiң бланкiлерi мен үлгiлерi күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады.
      14. Орталықтың инспекторы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, ол осы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес құжаттардың толықтығын тексередi, журналға тiркейдi және құжаттарды жинақтау бөлiмiнiң инспекторына бередi.
      Орталықтың жинақтау бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды жинауды, тiзiлiм жасауды және уәкiлеттi органға жөнелтудi жүзеге асырады.
     Құжаттарды тапсырған кезде өтiнiш берушiге:
құжаттарды қабылдау күнi;
қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттарды беру күнi, уақыты мен орны;
өтiнiштi қабылдаған инспектордың тегi, аты және әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
      Осы Стандарттың 1-қосымшасында көзделген құжаттардың ресiмделуiнде кемшiлiктер анықталғанда, құжаттар пакетi толық болмағанда және оларды қабылдау кезiнде құжаттар тиiсiнше ресiмделмеген жағдайда орталықтың инспекторы мемлекеттiк қызметтi тұтынушыға құжаттарды қайтарады.
      Қоса берiлген құжаттармен бiрге өтiнiштердi тiзбесi осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетiлген тиiстi уәкiлеттi органға және керi жеткiзудi орталық осы өтiнiштердi қабылдаған күнi кемiнде 2 рет курьерлiк байланыс арқылы жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi орган орталықтан құжаттар пакетiн алғаннан кейiн олардың осы Стандарттың 6 және 12-тармақтарына сәйкестiгiне, картотека бойынша және/немесе автоматтандырылған ақпараттық жүйенi пайдалану арқылы деректердi тексередi, мекен-жайлық анықтамасын толтырады, орындалған құжаттардың тiзiлiмiн қалыптастырады және тұтынушыға беру үшiн орталыққа жолдайды.
      Уәкiлеттi органда құжаттарды қабылдауды осы Стандарттың 6 және 12-тармақтарында белгiленген талаптарды сақтаумен тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органның мамандары қабылдайды.
      Құжаттар дұрыс ұсынылған жағдайда уәкiлеттi органның қызметкерi қабылданған өтiнiштi есепке алу журналына тiркейдi және мыналар:
құжаттарды қабылдау күнi;
қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттарды беру күнi, уақыты мен орны;
өтiнiштi қабылдаған маманның тегi, аты және әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат бередi.
      Қабылданған құжаттарды уәкiлеттi орган қарайды, уәкiлеттi органның кеңсесi нөмiрiн, күнiн және парақ санын көрсете отырып тiркейдi, уәкiлеттi органның лауазымды адамына қарау үшiн енгiзiледi. Уәкiлеттi органның лауазымды адамы құжаттарды қарауға жауапты орындаушыны белгiлейдi және құжатты бақылауға қояды. Тiркелген, тиiстi түрде ресiмделген хат-хабар тапсырмаға сәйкес орындаушыға тапсырылады.
      15. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезектiлiк нөмiрiн алу үшiн өтiнiш берушi ұсынған құжаттарды уәкiлеттi органның орындаушысы Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi мәнiне қарайды.
      Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қоюға арналған құжаттарды қарау оң нәтиже берген жағдайда, орындаушы есепке қою нөмiрi мен күнiн көрсетiп, жазбаша жауап әзiрлейдi, оған орындаушы бұрыштама, лауазымды тұлға қол қояды және уәкiлеттi органның кеңсесi тiркейдi.
      Өтiнiштерге жауаптар қолхатта көрсетiлген жауап беру мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күн бұрын орталыққа арнайы байланыс арқылы жеткiзiледi.
      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабына сәйкес азаматтардың кезегi мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге байланысты жылжиды және мұқтаждар есебiнен шығарылады.
      Тұрақты негiзде кезек тiзiмдерiн түгендеудi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу есебiнде тұрған адамдардың тiзiмдерi кезек нөмiрiн көрсете отырып, осы Стандарттың 2-қосымшасында тiзбесi көрсетiлген орталықтардағы, уәкiлеттi органдардағы стендiлерде, уәкiлеттi органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады, сондай-ақ уәкiлеттi органдар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және азаматтар кезегiнiң жылжуын ескере отырып, қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына бiр реттен жиi емес жаңартылып тұрады, сондай-ақ осы тiзiмдерде тұрған адамдардың талап етуi бойынша жазбаша түрде берiледi.
      16. Дайын құжаттарды беру өтiнiш берушiнiң өзi немесе сенiмхат бойынша өкiлi келген кезде күн сайын қолхат бойынша онда көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырылады.
      Бұл ретте беру құжаттардың берiлуiн есепке алу журналында тiркеледi.
      Егер өтiнiш берушi немесе оның сенiмдi тұлғасы құжаттарды алуға мерзiмiнде жүгiнбеген жағдайларда, орталық құжаттарды беру мерзiмi басталған сәттен бастап оларды бiр ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн орталық оларды уәкiлеттi органға бередi.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Орталықтардың және уәкiлеттi органдардың қызметi тұтынушыға қатысты адамның конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау, қызметтiк борышын өтеу кезiндегi заңдылықты сақтау, әдептiлiк, толымды ақпарат беру, ақпараттың сақталуын, қорғауды және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негiзделедi.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерi осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа мен қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен қолжетiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң мақсатты мәнiн жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекiтедi.

5. Шағымдану тәртiбi

       20. Осы Стандартқа 1-қосымшада тiзбесi көрсетiлген орталықтардың, сондай-ақ уәкiлеттi органдардың мемлекеттiк қызмет көрсетуi сапасына наразылықтар болған жағдайда, шағым орталықтың немесе уәкiлеттi органның басшылығы атына берiледi.
      Орталық инспекторының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады.
      21. Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде, не қолма-қол, осы Стандарттың
3-қосымшасында тiзбесi көрсетiлген орталықтар арқылы қабылданады. Елдi мекенде орталықтар болмаған жағдайда шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не уәкiлеттi орган арқылы қолма-қол қабылданады.
      22. Қабылданған шағым орталықта ақпаратты есепке алу журналында тiркеледi және 15 күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады.
      Елдi мекенде орталық болмаған жағдайда қабылданған шағым уәкiлеттi органда шағымдар мен өтiнiштердi есепке алу журналында тiркеледi және 15 күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады.
      Шағымды қарау нәтижелерi бойынша тұтынушы жазбаша хабардар етiледi.

6. Байланыс ақпараты

      23. Орталықтар басшыларының, ал елдi мекенде орталықтар болмаған жағдайда, уәкiлеттi органдар басшыларының қабылдау кестесi осы Стандарттың 10-тармағына сәйкес орталықтардың немесе уәкiлеттi органдардың жұмыс кестесiне сай айқындалады.
      Орталықтардың байланыс телефондары, мекен-жайлары осы Стандарттың 2-қосымшасында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендiлерде көрсетiлген.
      Орталықтар басшыларының байланыс телефондары осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген.
      24. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiнiң мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, 10-кiреберiс, интернет-ресурс:
www.blogs.e.gov.kz.

 

«Ауданның жергiлiктi атқарушы   
органында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын
үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi
атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж  
азаматтарды есепке қою» мемлекеттiк қызмет  
көрсету стандартына 1-қосымша   

   

Кесте. Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және кол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақытылылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының %-ы (үлесi)

95

 

 

1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %-ы (үлесi)

90

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi

90

 

 

2.2. Құжаттарды лауазымды адам дұрыс рәсiмдеген жағдайлардың (жүргiзiлген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) %-ы (үлесi)

95

 

 

3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызмет ұсыну тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

80

 

 

3.2. Тұтынушы құжаттарды бастапқыдан дұрыс толтырған және тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесi)

80

 

 

3.3. Ақпаратқа интернет арқылы қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)

50

 

 

4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)

0,1

 

 

4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)

95

 

 

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

95

 

 

4.4. Шағымдану мерзiмiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

90

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

90

 

 

  

«Ауданның жергiлiктi атқарушы   
органында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын
үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi
атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж  
азаматтарды есепке қою» мемлекеттiк қызмет  
көрсету стандартына 2-қосымша    

  

Р/с

Атауы

Орталықтардың орналасқан мекен-жайлары

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

2

3

4

5

1 Алматы облысының ХҚКО Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 «б» үй

24-31-10

24-41-33
қабылдау бөлмесi

2 Іле ауданының  ХҚКО Өтеген батыр кенті, Қуат ы/а,

 


қабылдау бөлмесi

 

 

«Ауданның жергiлiктi атқарушы   
органында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын
үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi
атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж  
азаматтарды есепке қою» мемлекеттiк қызмет  
көрсету стандартына 3-қосымша      

 

Р/с

Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан мекен-жайлары

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

2

3

4

5

1 «Талдқорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ Талдықорған қаласы, Абай көшесi, 256-үй

27-06-14

27-30-36
қабылдау бөлмесi

2 «Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ Өтеген батыр кенті, Батталханов к-сі, 8-үй

387-96-24

387-96-24
қабылдау бөлмесi

3 «Алматы қаласынын тұрғын үй басқармасы» ММ Алматы қаласы, Жароков көшесi, 215-үй

380-04-97

380-05-01
380-05-02
қабылдау бөлмесi