БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ > ҚҰЖАТ
![]() |
![]() |
2014 жылғы І тоқсанға «Іле аудандық жер қатынастары бөлімінің» атқарылған жұмыстары туралы мәлімет | ![]() |
|
Бөлімнің қызметі, жылдық перспективалық және тоқсандық жоспарлық жұмыстарға сәйкес жүзеге асырылады. Жоспарларға, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын және Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулылыран, жоғары тұрған органның актілерін орындаудың негізгі ұйымдастыру шаралары қосылады. Бөлім «Бөлім туралы Ереже», жұмыс регламенті және қызметтік міндеттерінің тиісті үлестірілуі негізінде жұмыс істейді. «Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті, Алматы облысы, Іле ауданы аумағында жер қатынастарын реттеу арқылы біртұтас мемлекеттік саясатты өткізу болып табылады. Іле ауданы бойынша ф-22 есебіне сәйкес, Іле ауданы жерінің жалпы көлемі – 780 297 га, оның ішінде: суармалы егістік-27 795 га, тәлімі егістік - 17 176 га, көпжылдық көшеттер – 2 285 га, тыңайған жер - 395 га, шабындықтар – 1 202 га, жайылымдар – 537 330 га, бақшалар - 431 га, өзге жерлер – 133 683 га құрайды. 2014 жылдың 01 қаңтарынан ағымдағы жылдың І жартыжылдығы аралығында «Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жер телімінің берілуінде және пайдалануында жердің заңнамасының талабының сақталуын қадағалау жөнінде нақты жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік меншіктегі жерлерден жер теліміне меншік құқығын беру Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43 бабына сәйкес жүргізіледі. Жер учаскелерiн меншiкке немесе жер пайдалануға берудi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi осы Кодексте белгiленген өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатуға ұсынылатын жер учаскелерінің тізбесіне енгізілгендерді қоспағанда, жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке осы Кодекстің 50 бабына көрсетілгендей тегін беріледі. Жер учаскелерін аталған мақсаттар үшiн қайталап тегiн беруге жол берiлмейдi. Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 48 бабы талап күшіне байланысты, мемлекет меншігіндегі жер телімдерін беру, кейбір жағдайларлы қоспағанда, осы бекітілген заңға сәйкес сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатуға ұсынылады. Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 48 бабына 2007 жылдың 27 шілдесінде өзгерістер енгізілгеннен кейін, мемлекет меншігіндегі және ешкімге жер пайдалануға берілмеген жер телімдеріне құқық беру, шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргізу, орман өсiру үшін, қосалқы ауыл шаруашылығын, меншiкке немесе жер пайдалануға беріледі, осы заң нормаларында бекітілген кейбір жайларды ескермегенде сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату объектісі болып табылады. 2014 жылдың 01 қаңтарынан ағымдағы жылдың І жартыжылдығы аралығында осы Кодекстің 48 бабына сәйкес барлық талаптарын және сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатуды ұйымдастыру ережесі мен тәртібі бойынша жер телімдерін сату немесе жалға алу құқығымен, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 13.11.2013 жылғы №1140 Қауылысын негізге ала отырып, пайдалану нысаны шаруа қожалығын жүргізу үшін және басқалай құрылыс объектілеріне жер телімдерін беру туралы 2 конкурс өткізілді. -Барлық конкурсқа қойылған лот (жер телімі) саны – 40, оның ішінде, конкурсқа қойылған жер телімдерінің 80% пайызын құрайтын, комиссия хаттамасы негізінде – 32 лот. Қалған – 8 лот (20% пайыз жер телімі) бойынша конкурс, жер комиссиясының шешіміне сәйкес, арыз болмағанына, басқа претенденттер болмағанына немесе конкурстық құжаттар дұрыс болмауына байланысты өтпеген болып табылды. -Барлық конкурсқа қойылған лот (жер телімі) саны – 35, оның ішінде, конкурсқа қойылған жер телімдерінің 94% пайызын құрайтын, комиссия хаттамасы негізінде – 33 лот. Қалған – 2 лот (0,06% пайыз жер телімі) бойынша конкурс, жер комиссиясының шешіміне сәйкес, арыз болмағанына, басқа претенденттер болмағанына немесе конкурстық құжаттар дұрыс болмауына байланысты өтпеген болып табылды. Бөлімге І жартыжылдық 2014 жылы жеке және заңды тұлғалардан 1986 өтініш түсті, оның ішінде: заңды тұлғалардан-64 өтініш, 1922 өтініш жеке тұлғалардан түсті. Барлық арыздар тіркеуден өткен, қарастырылған және оларға жауаптар, қаулылар жобалары әзірленген. Өтініштердің белгiленген мерзiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз ету бөлімнің басшысымен, ал орындау тікелей орындаушылармен атқарылады. Бөлім жұмысының маңызды мақсаты, азаматтардың арыз-шағымдарын уақытылы қарастыру болып табылады. 2014 жылы І жартыжылдықта барлығы толық 623 жеке және заңды тұлғалармен үлгі келісім-шарттар жасалды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» № 358 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес «Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі: 1. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет стандарты; 2. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет стандарты; 3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет стандарты; 4. «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру»мемлекеттік қызмет стандарты; Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiтуге 2462 өтініш түсті, барлық жобалар мемлекеттік қызмет стандартына байанысты бекітілді. Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекітуге барлығы 161 өтініш, оның ішінде, заңды тұлғалардан 8 өтініш, жеке тұлғалардан -153 өтініш түсіп, барлық өтініштер қарастырылып, кадастрлық құнын бағалау актісі бекітілді. Іле ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Абиболла | ||||