БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ > ҚҰЖАТ

 
 
«Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ 2016 жылы атқарылған жұмыстары туралы
мәлімет
09.01.2017
 
          

Бөлімнің қызметі, жылдық перспективалық және тоқсандық жоспарлық жұмыстарға сәйкес жүзеге асырылады. Жоспарларға, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын және Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулылары, жоғары тұрған органның актілерін орындаудың негізгі ұйымдастыру шаралары қосылады.

           Бөлім «Бөлім туралы Ереже», жұмыс регламенті және қызметтік міндеттерінің тиісті үлестірілуі  негізінде жұмыс істейді. «Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті, Алматы облысы, Іле ауданы аумағында жер қатынастарын реттеу арқылы біртұтас мемлекеттік саясатты өткізу болып табылады.

            Іле ауданы бойынша ф-22 есебіне сәйкес, Іле ауданы жерінің жалпы көлемі – 779 683 га, оның ішінде: егістік- 80 761 га, оның ішінде: суармалы егістік- 27 239 га, тәлімі егістік  - 53 522 га, көпжылдық көшеттер – 1 981 га, шабындықтар – 1 237 га, жайылымдар – 537 340 га.

           2016 жылы «Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жер телімінің берілуінде және пайдалануында жердің заңнамасының талабының сақталуын қадағалау жөнінде нақты жұмыстар атқарылды.

            Бөлімге 2016 жылы жеке және заңды тұлғалардан 2970 өтініш түсті, оның ішінде: заңды тұлғалардан-158 өтініш, 2812 өтініш жеке тұлғалардан түсті. Барлық арыздар тіркеуден өтіп, қарастырылып жатыр және оларға жауаптар, қаулылар жобалары әзірленуде. Өтініштердің белгiленген мерзiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз ету бөлімнің басшысымен, ал орындау тікелей орындаушылармен атқарылады. Бөлім жұмысының маңызды мақсаты, азаматтардың арыз-шағымдарын уақытылы қарастыру болып табылады.

            Әр аптаның сәрсенбі күні «Айқын» бағдарламасы бойынша есеп беріліп тұрды.

            2016 жылы барлығы толық 1724 жеке және заңды тұлғалармен үлгі келісім-шарттар (жер телімін жалға алу шарты, жер телімін сатып алу-сату шарты, жер телімін ұзақ және қысқа мерзімді жалға алу құқығын сатып алу келісім-шарты) жасалды.

           Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №272 бұйрығымен бекітілген   мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес «Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 6  мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

           1. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет стандарты;

           2. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет стандарты;

           3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

           4.  «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

           5. «Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру».

           6. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге
ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

         2016 жылы барлығы 4655 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның ішінде альтернативті түрде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 736 мемлекеттік қызмет, «Е-Лицензиялау» жобасы арқылы 3698 қызмет, «Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін  ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» жобасы 221 қызмет көрсетілді:

          -«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» -барлығы -4273 қызмет, оның ішінде альтернативті түрде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 678 мемлекеттік қызмет,  «Е-Лицензиялау» жобасы арқылы -3595 қызмет көрсетілді;

          -«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің  кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»-барлығы 279 қызмет, оның ішінде альтернативті түрде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 58 мемлекеттік қызмет және «Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін  ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» жобасы арқылы-221 қызмет;

         -«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»стандарты бойынша- 103 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін  ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» жобасы арқылы -103 қызмет көрсетілді;

          «Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жетілдіру мақсатында 2016 жылы атқарылатын іс-шаралар жоспары бойынша баяндама, дөңгелек үстел, семинарлар өткізілді.

Бөлімде  «Қазақстан Республикасында 2015 жылға арналған автокөлік стратегиясы» және «Қазақстан Республикасында 2006 – 2012 жылдарға арналған көлік жолдары саласын дамыту» бағдарламаларын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын және Үкіметінің қаулысын орындау жұмыстары атқарылды. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлігі туралы» Заңына сәйкес, «ҮАААЖ» автокөлік жолының, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің құрылысына және «Алматы – Өскемен» автокөлік жолының, «Алматы- Қапшағай» телімінің қайта құрылуына түскен жер телімдерін мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару үшін, Іле ауданы әкімдігімен «Жер телімдерін мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару, соның ішінде сатып алу жолымен» әзірленген қаулысы бойынша сатып алу шарттары жасалды.

Бүгінгі күні жол құрылысына түскен және иеліктен шығарылған жер телімдерін  «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрлігі автомобиль жолдары комитетінің Алматы облыстық Департаменті» ММ-не өткізу жұмыстары әзірленуде.  

Іле ауданы аумағында орналасқан үш серіктес қалашықтарының құрылысына түскен жер телімдерінің бас жоспарларын бекіту туралы, соның ішінде: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 02 қарашадағы №1739 және №1740 қаулыларымен «Gate City» және «Golden City» қалашықтарының бас жоспарлары бекітілген. Ал, «Growing City» қалашығының бас жоспары, Алматы облысы маслихатының 2009 жылы 09 желтоқсандағы №26-166 шешімімен бекітілген. 

Іле ауданы бойынша үш қалашықтың аумағында орналасқан жер телімдері Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігінің 2007 жылы 13 ақпандағы №01/01-429 ұсынысы және Алматы облысы әкімінің қатысуымен 2007 жылы 21 ақпанда өткен жиналыс хаттамасына сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға жер телімдерін бөліп беру тоқтатылғанын хабарлаймыз.

 Іле ауданы аумағында «Gate City» бірінші кезеңін газдандыру үшін, магистральді газ құбырының екінші іске қосу кешенінің, «Gate City» бірінші кезеңі бойынша газдандыру желілерінің құрылысы мақсатында, «Мемлекет мұқтажына жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен, соның ішінде сатып алу жолымен шығарудың басталуы туралы»  Іле ауданы әкімдігімен 2014 жылы 03 шілдеде №7-722  қаулысы тіркеуден өтіп, осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, құрылысқа түскен 138 жер телімдерінің меншік иелеріне және жер пайдаланушыларына хабарламалар жолданған, оның ішінде 60 сатып алуға жатады. Осы жер телімін иеліктен шығару үшін бағалау жұмыстары әзірленіп, меншік иелерімен және жер пайдаланушылармен келіссөздер жүргізілуде.

25 - жер учаскесінің иесінен келісім алынды

35 - келісімсөз жүргізуден бас тартуына, шақырылған қоғамдық отырыстарына келмеуіне байланысты, құжаттар сот органына тапсырылды.

Іле ауданы аумағында «Gate City» бірінші  серіктес қалашығына қажетті, су арналар және тазартылған ағын суларды буландырғыш тоғандарға бағыттау және ағын суларды тазарту құрылыстары- обьектілердің құрылысын жүргізу мақсатында, «Мемлекет мұқтажына жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен, соның ішінде сатып алу жолымен шығарудың басталуы туралы»  Іле ауданы әкімдігімен 2015 жылы 08 сәуірде №4-184  қаулысы тіркеуден өтіп, осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, құрылысқа түскен 69 жер телімдерінің меншік иелеріне және жер пайдаланушыларына хабарламалар жолданған, оның ішінде 16 сатып алуға жатады. Осы жер телімін иеліктен шығару үшін бағалау жұмыстары әзірленіп, меншік иелерімен және жер пайдаланушылармен келіссөздер жүргізілуде.

 Алматы облысы, Іле ауданы аумағында «Gate City» бірінші серіктес-қаласының жол инфрақұрылымды жайғастыру мақсатында Алматы-Өскемен автомобиль жолының 18 шақырымда көлік жолының құрылысын жүргізу үшін, «Мемлекет мұқтажына жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен, соның ішінде сатып алу жолымен шығарудың басталуы туралы»  Іле ауданы әкімдігінің 2014 жылы 14 қазанда №10-965  қаулысы тіркеуден өтіп, осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, құрылысқа түскен 8 жер телімдерінің меншік иелеріне және жер пайдаланушыларына хабарламалар жолданған. Осы жер телімдерін  иеліктен шығару үшін бағалау жұмыстары жүргізілді және  құрылысқа түскен жер телімдерін сатып алу үшін  31 988 218 тенге қаражат бөлінді. Қазірзгі уақытта құрылысқа түскен 8 жер телімнің, 4- жер телім иелеріне тең бағалы  жер телімдері ұсынылды, қалған 4- жер телімдерінің құжаттары рәсімделіп, жер телім иелерімен сатып-алу  шарттары әзірленіп, қаражат есеп шоттарына аударылған.

Алматы облысы, Іле ауданы аумағында «Gate City» бірінші серіктес қалашығының ішінде 1-кезеңде әкімшілік ғимараттарын (мектеп, бала-бақша, әкімшілік ғимарат, полиция пункті және емхана) салуға жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні, «CS Land» ЖШС-не тиесілі жалпы көлемі 4,5540 га болатын жер телімінің орнына серіктес қаланың шекарасынан теңбе-тең жер телімі ұсынылып, жер телімі банкте кепілдікте болуына байланысты банктен келісім хат алынып жер телімін бөліп орнына тең бағалы жер телім ұсынылу жайында келіссөздер жүргізілуде.

 Іле ауданы аумағында «Gate City» бірінші серіктес-қаласының оңтүстік жоспарланған ауданына жол және жол-коммуникациялықдәріздің /бірінші кезеңнің/ құрысын жүргізу мақсатында, Іле ауданы әкімдігімен 2015 жылы 15 шілдеде №7-363, 2015 жылы 27 шілдеде №8-373   қаулылары «Мемлекет мұқтажына жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен, соның ішінде сатып алу жолымен шығарудың басталуы туралы»  шыққан. Сатып алуға жататыны 94 жер телімі. Осы жер телімін иеліктен шығару үшін бағалау жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлу туралы аудан тарапынан, Алматы облысы жер қатынастары басқармасына өтінім жолданған.

Коянкус ауылында орналсқан көлемі 4,2000 га болатын мектеп құрылысына қажетті жер телімін мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізіліп, жер телімі банкте кепілдікте болуына байланысты құжаттар сот орындарына жолданған.

Іле ауданы аумағынан өтетін «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральды газ құбыры бірінші кезең құрылысы мақсатында, «Мемлекет мұқтажына жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен, соның ішінде: сатып алу жолымен шығарудың басталуы туралы»  Іле ауданы әкімдігінің 2013 жылы 23 қазанда №8-1877  қаулысы тіркеуден өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Барлық 36 жер телімдерінің меншік иелері және жер пайдаланушылары хабарланды және хабарландырулар «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ-де тіркеуден өтті. Оның ішінде 7 жер телімі сатып алуға жатады, барлық соммасы 12 661 теңге құрайды. Жер телімінің меншік иелері жер телімдерінен мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде. 

«Алматы-Байсерке-Талғар» магистральды газ құбыры екіншіші кезең құрылысы мақсатында, «Мемлекет мұқтажына жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен, соның ішінде сатып алу жолымен шығарудың басталуы туралы»  Іле ауданы әкімдігінің 2014 жылы 25 ақпанда №2-140  қаулысы тіркеуден өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Барлық 63 жер телімдерінің меншік иелері және жер пайдаланушылары хабарланды және хабарландырулар «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ-де тіркеуден өтті. Оның ішінде  26- жер телімі сатып алуға жатады, барлық соммасы 455 977 теңге құрайды. Оның ішінде, қалған 2 жер телімдерінің меншік иелері келіспеуіне байланысты сот орындарына жолданып, мәселе соттта қаралуда.

Іле ауданы аумағынан өтетін «Алматы-Талдықорған» магистральды газ құбыры құрылысы мақсатында, «Мемлекет мұқтажына жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен, соның ішінде сатып алу жолымен шығарудың басталуы туралы»  Іле ауданы әкімдігінің  2014 жылы 06 наурызда №3-158  қаулысы тіркеуден өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Барлық 62 жер телімдерінің меншік иелері және жер пайдаланушылары хабарланды және хабарландырулар «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ-де тіркеуден өтті.    «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-мен «Мыхаев» ЖК арасында  бағалау жұмыстары және жерге орналастыру жұмыстары жүргізуге келісім шарт жасалған. Бүгінгі күні қаулыда көрсетлген жер телімдерін иеліктен шығару мерзімі өтіп кетуіне байланымты қаулының күші тоқтатылуда. Ал және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-сі арасында сот отырысы болып, «Мыхаев» ЖК-не жұмстарды толық бітіру міндеттелген.

Осыған орай, Іле ауданы әкімдігінің 03.06.2015 жылғы № 6-304 «Мемлекет мұқтажына жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен, соның ішінде сатып алу жолымен шығарудың басталуы туралы» қаулысы тіркеуден өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Жер пайдаланушыларға пошта торабы арқылы хабарландырулар жолданып, аудандық әділет басқармасына хабарламалар тіркелді.

  Нақты уақытта, құрылысқа қажетті жер телімдерін және жылжымайтын мүліктерді сатып алу үшін, қараша айына жоспарланған, сатып алынатын жер телімдеріне жұмсалатын қаражаттың сомасы – 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңгені құрайды.

Мемлекет мұқтажына алынатын жер телімдерінің көлемі аз (0,0001 га) болуына байланысты, және де, осыған орай бағалау құнының да аз болуына байланысты, меншік иелері және  жер пайдаланушылар құрылысқа қажетті жер телімдерден бас тартуда.

«Жетыген–Қазбек бек» айналмалы темір жолының және инфрақұрылым обьектілерінің құрылысы мақсатында, «Мемлекет мұқтажына жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен, соның ішінде сатып алу жолымен шығарудың басталуы туралы» Іле ауданы әкімдігінің 2014 жылы  10 қыркүйекте № 9-931 қаулысы тіркеуден өтіп, 114 жер телімдерінің меншік иелеріне және жер пайдаланушыларына хабарламалар жолданған, оның ішінде: сатып алуға жататыны 86 жер телімі. Қазіргі уақытта осы қаулылар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Барлық жер телімдерінің меншік иелері және жер пайдаланушылары хабарланды және хабарландырулар «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ-де тіркеуден өтті.

Бағалау және жерге орналастыру жұмыстары жұргізілді. Жер телімдерінің меншік иелері және жер пайдаланушыларымен келісім жұмыстары жүргізілуде. Қазірзгі уақытта құрылысқа түскен 86 жер телімінің: 18- жер телім иелеріне тең бағалы  жер телімдері берілуі қарастырылуда, 5 – жер учаскесі бойынша жер иесі алынатын жер көлемінен бас тартты.

41 - бағалау құнымен келіспеген меншік иелерінің құжаттары сотқа жолданды.

22 жер телім иелерімен сатып-алу  шарттары дайындау жұмыстары жүргізілуде. Осы жер телімдерін  сатып алу туралы аудан тарапынан, Алматы облысы жер қатынастары басқармасына өтінім жолданған.