Бөлімнің қызметі, жылдық перспективалық және тоқсандық жоспарлық жұмыстарға сәйкес жүзеге асырылады. Жоспарларға, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын және Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулылары, жоғары тұрған органның актілерін орындаудың негізгі ұйымдастыру шаралары қосылады.
Бөлім «Бөлім туралы Ереже», жұмыс регламенті және қызметтік міндеттерінің тиісті үлестірілуі негізінде жұмыс істейді. «Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті, Алматы облысы, Іле ауданы аумағында жер қатынастарын реттеу арқылы біртұтас мемлекеттік саясатты өткізу болып табылады.
Іле ауданы бойынша ф-22 есебіне сәйкес, Іле ауданы жерінің жалпы көлемі – 779 693 га, оның ішінде: суармалы егістік- 80 765 га, тәлімі егістік - 32 249 га, көпжылдық көшеттер – 1 981 га, шабындықтар – 1 237 га, жайылымдар – 537 350 га, өзге жерлер – 126 111 га құрайды.
2016 жылы «Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жер телімінің берілуінде және пайдалануында жердің заңнамасының талабының сақталуын қадағалау жөнінде нақты жұмыстар атқарылуда.
Бөлімге 2016 жылы І тоқсанда жеке және заңды тұлғалардан 831 өтініш түсті, оның ішінде: заңды тұлғалардан-49 өтініш, 782 өтініш жеке тұлғалардан түсті. Барлық арыздар тіркеуден өтіп, қарастырылып жатыр және оларға жауаптар, қаулылар жобалары әзірленуде. Өтініштердің белгiленген мерзiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз ету бөлімнің басшысымен, ал орындау тікелей орындаушылармен атқарылады. Бөлім жұмысының маңызды мақсаты, азаматтардың арыз-шағымдарын уақытылы қарастыру болып табылады.
Әр аптаның сәрсенбі күні «Айқын» бағдарламасы бойынша есеп беріліп тұрды.
2016 жылы І тоқсанда барлығы толық 437 жеке және заңды тұлғалармен үлгі келісім-шарттар (жер телімін жалға алу шарты, жер телімін сатып алу-сату шарты, жер телімін ұзақ және қысқа мерзімді жалға алу құқығын сатып алу келісім-шарты) жасалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» № 358 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес «Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет стандарты;
2. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет стандарты;
3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
4. «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру»мемлекеттік қызмет стандарты;
5. «Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру».
6. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;
7. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге
ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
2016 жылы І тоқсанда 1069 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның ішінде альтернативті түрде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 1 мемлекеттік қызмет, «Е-Лицензиялау» жобасы арқылы 986 қызмет, «Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» жобасы 82 қызмет көрсетілді:
-«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» -барлығы -963 қызмет, оның ішінде альтернативті түрде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 1 мемлекеттік қызмет, «Е-Лицензиялау» жобасы арқылы -962 қызмет көрсетілді;
-«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»-барлығы 82 қызмет, оның ішінде «Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» жобасы арқылы-82 қызмет;
-«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»стандарты бойынша- 24 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» жобасы арқылы -24 қызмет көрсетілді.
|