БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ > ҚҰЖАТ

 
 
2019 жылы І тоқсанда «Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ
атқарылған жұмыстары туралы мәлімет
08.04.2019

         
          «Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Алматы облысы Іле ауданының аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Бөлімнің қызметі, жылдық перспективалық және тоқсандық жоспарлық жұмыстарға сәйкес жүзеге асырылады. Жоспарларға, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын және Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулылары, жоғары тұрған органның актілерін орындаудың негізгі ұйымдастыру шаралары қосылады.

           Бөлім «Бөлім туралы Ереже», жұмыс регламенті және қызметтік міндеттерінің тиісті үлестірілуі  негізінде жұмыс істейді, 4 қызметкер (бөлім басшысы, 3 бас маман) және 5 техникалық қызметкер бар. 

          Бөлімде тұрақты түрде мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп Кодексін сақтау және коорупциялық қылмысты тоқтату бойынша профилактикалық жұмыстары жүргізіліп отырады. Мемлекеттік қызметкерлер этикасын бақылау кітабы жүргізіліп отырады және бөлім қызметкерлерінің заңға қарсы іс-қимылдарын жазу бойынша азаматтардың өтініштері үшін қорап орнатылған, және кепілдік телефоны қызмет етеді. (1414)

            Іле ауданы бойынша ф-22 есебіне сәйкес, Іле ауданы жерінің жалпы көлемі – 779 683 га, оның ішінде ауылшаруашылық жерлері-644 561 га, оның ішінде: суармалы егістік- 27 182 га, тәлімі егістік  - 76 821 га, көпжылдық көшеттер – 1 981 га, шабындықтар – 1 237 га, жайылымдар – 537 340 га.

           2019 жылы І тоқсанда «Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жер телімінің берілуінде және пайдалануында жердің заңнамасының талабының сақталуын қадағалау жөнінде нақты жұмыстар атқарылды.

           Бөлімге 2019 жылы І тоқсанда жылы жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардан 858 өтініш түскен, оның ішінде  жеке  тұлғалардан барлығы -776 өтініш, заңды тұлғалардан-82 өтініш түсті.

            Барлық арыздар тіркеуден өтіп, қарастырылып жатыр және оларға жауаптар, қаулылар жобалары әзірленуде. Өтініштердің белгiленген мерзiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз ету бөлімнің басшысымен, ал орындау тікелей орындаушылармен атқарылады. Бөлім жұмысының маңызды мақсаты, азаматтардың арыз-шағымдарын уақытылы қарастыру болып табылады.

          «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына  қосымша  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – 
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 
2019 жылғы 30 қаңтардағы № 40
бұйрығымен бекітілген   мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес «Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2 мемлекеттік қызмет және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 285 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес 2 мемлекеттік қызмет, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 25 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес 3 мемлекеттік қызмет, барлығы 7 қызмет көрсетіледі:

           1.«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет;

           2.«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет;

           3.«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;

           4."Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет;

           5."Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату" мемлекеттік көрсетілетін қызмет;

           6."Жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет;

           7."Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет;

          2019 жылы І тоқсанда жыл басынан бері барлығы толық  2754 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның ішінде   «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Іле ауданының бөлімі арқылы 2049 мемлекеттік қызмет, альтернативті түрде «Е-Лицензиялау» жобасы арқылы 366 қызмет көрсетілді және 339 мемлекеттік қызмет ретінде жеке және заңды тұлғалармен үлгі келісім-шарттар (жер телімін жалға алу шарты, жер телімін сатып алу-сату шарты, жер телімін ұзақ және қысқа мерзімді жалға алу құқығын сатып алу келісім-шарты) жасалды;

          -«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» -барлығы -1866 қызмет, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Іле ауданының бөлімі арқылы 1500 мемлекеттік қызмет,  «Е-Лицензиялау» жобасы арқылы -366 қызмет көрсетілді;

          -«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»-барлығы 132 қызмет көрсетілді;

         -«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» стандарты бойынша- 243 мемлекеттік қызмет көрсетілді;

         -«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» стандарты бойынша- 173 мемлекеттік қызмет көрсетілді;

         Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жетілдіру мақсатында, 1 дөңгелек үстел, 2 семинар кеңестер өткізілді, сондай ақ,  мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жиірек жүргізу мақсатында, көптеген шаралар жүргізілмек екенін хабарлаймыз. Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында, тамыз айында электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін түсіндіру мақсатында жәрмеңке өткізу жоспарлануда.  Акция бағытында өткізілетін жәрмеңке әлеуметтік желілерде және жергілікті БАҚ насихатталады.

          Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде орын алған кемшіліктерді жою бойынша біршама жұмыстар атқарылды, «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жіберілген кемшіліктерді болдырмау мақсатында, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

           Мемлекеттік қызмет жөніндегі ақпарат уәкілетті органның арнайы ақпараттық стенділерінде орналастырылды;

           Мемлекеттік қызметті алуға қатысты консультативтік қызметтер 1414 телефоны арқылы бірыңғай байланыс орталығының call-орталығында, 8-727-517-312 телефондары арқылы «Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ көрсетіледі, сонымен қатар қажетті ақпаратты Іле ауданы әкімінің ресми сайтынан көруге болады.