БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ > ҚҰЖАТ

 
 
БӨЛІМНІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ  

  

1.  Жалпы ереже 

1. «Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» - мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Бөлім) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын және осы салада жергілікті атқарушы билік органдарының қызметін үйлестіретін Іле ауданы Әкімінің жергілікті атқарушы органы болып табылады.

       2. Бөлім өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, облыс, аудан Әкімдігінің қаулыларына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтары мен нұсқауларына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз аталуы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен қазынашылық органдарда шоттары болады.

      Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      4. Бөлім заңда белгіленген тәртіппен өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша қабылдайтын шешімдер бөлім бастығының бұйрықтарымен рәсімделеді.

      5. Аудан Әкімі бөлім мүлкінің құрылтайшысы және меншік иесі болып табылады.

      6. Бөлім құрылымын, шекті штат санын және оны ұстауға ақша бөлу мөлшерін, сондай-ақ еңбек ақы төлеу қорын қоса алғанда аудан Әкімі бекітеді.

     7. Бөлімнің заңды мекен-жайы: 040700, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Титов көшесі, 3 «а» үй.

     8. Бөлімнің мемлекеттік тілде толық аталуы – «Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

         Орыс тілінде толық аталуы: государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Илийского района».

      9. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

     10. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

       Бөлімнің өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.

 

2. Бөлімнің негізгі қызметтері және құқықтары

 

      11. Бөлім заңда белгіленген тәртіппен төмендегілерді жүзеге асырады:

      1) халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, тұрмысы төмен отбасыларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін уақытылы және дұрыс тағайындау, тұрмысы төмен азаматтардың ішінен жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету жөніндегі заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыру;

      2) жұмыспен қамту, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік стратегияны іске асыру;

      3) аудандық халықты жұмыспен қамту Бағдарламасын әзірлеу және орындалуын қамтамасыз ету;

      4) кедейшілікті төмендету, жұмыспен қамту жөніндегі және басқа да  әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру және жүзеге асырылуын талдау;

      5) болжам жасау, сұраныс және жұмыс күшіне ұсыныс мониторингісі, еңбек рыногында біртұтас ақпараттық база құру,  халықты еңбек рыногындағы жағдай жөнінде ақпараттандыру;

      6) халықты жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал ететін белсенді шараларды дамыту, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету деңгейін көтеру. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жұмыссыздарды кәсіби даярлау тәжірибесін жетілдіру;

      7) жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру, еңбек рыногында бәсекеге қабілетсіз азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал ететін шаралар өткізу;

      8) шетел жұмыс күшін пайдалануды реттеу жолымен ішкі рынокты қорғауды қамтамасыз ету, шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру;

      9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын әрбір нақты отбасының кедейшілік деңгейіне байланысты саралап жіктеуді қамтамасыз ету жолымен іске асыру;

      10) халықтың өмір сүру деңгейін анықтайтын мінездемелерге талдау жасау: халықтың өмір сүру деңгейін және әлеуметтік қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалардың жобаларын әзірлеуге қатысу;

      11) атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегі туралы индикативтік жоспар жасауға қатысу;

      12) азаматтардың өтініштері мен арыздарын қарау, талдау жасау және оның себептерін жинақтау;

      13) әлеуметтік қорғау саласы бойынша қолданыстағы заңдарды жетілдіру жөнінде жоғары тұрған органдарға ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

      14) мүгедектерді арнайы қозғалыс құралдарымен, протез-ортопед бұйымдарымен, сурдо-тифло-техника құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырып, құжаттарды Алматы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына өткізу;

      14-1) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының негізінде мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;

      14-2) жүріп-тұруы қиындыққа түсетін 1 топтағы мүгедектерге жеке көмекші беруді ұйымдастыру;

      14-3) есту бойынша мүгедектерге ымдау тілі мамандарын беруді қамтамасыз ету;

      15) соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді және халықтың басқа да санатын әлеуметтік қорғау саласындағы заңдарды іске асыру;

      16) зейнеткерлерге, мүгедектерге материалдық-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік және мәдени қызмет көрсету, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлерін және соларға теңестірілген тұлғаларды санаторлық-курорттық жолдамалармен қамтамасыз ету үшін облыстық басқармаға өтініш беру;

       17) мүгедектерді оңалту бағдарламасын, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық, педагогикалық түзеу арқылы қолдау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;

        17-1) жалғыз басты қарттар мен мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері мен мүгедек балаларды оңалту кабинеттерінің қызметтерін үйлестіру;

        18) ауыр дәрежедегі кемістігі бар балаларды күтуге әлеуметтік көмек көрсету және ұйымдастыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

       19) жалғызбасты қарттарға және еңбекке қабілетсіз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы ведомствалық статистикалық есепті 6 собес нысаны бойынша құрастыру;

       20) әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары саласында әлеуметтік әріптестік туралы Келісімдердің жобаларын әзірлеуге қатысу, ұжымдық шарттарды бекіту тәжірибесін жинақтау, олардың орындалуына бақылау жасау, сондай-ақ өзінің құзыреті шегінде әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;

       21) жұмыспен қамту мәселелрі бойынша поселкелік, ауылдық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде әдістемелік және іс жүзінде көмек көрсету, олардың жұмысын үйлестіру;

       22) қаржылық және статистикалық есептерді құрастыру және оларды белгіленген мерзімде тиісті органдарға ұсыну;

       23) кәмелетке толған тұлғаларға байланысты қорғаншылық пен қамқоршылық қызметін жүзеге асыру.

       12. Негізгі міндеттерді және бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін, заңда белгіленген тәртіппен төмендегі құқықтарға ие:

       1) халықты әлеуметтік қорғау, кедейшілік және жұмыссыздықпен күресу жөніндегі мемлекеттік емес құрылымдар құруға ықпал етуге;

       2) бөлімге жүктелген қызметтерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ басқа да ұйымдардан қажетті құжаттар, қорытындылар, анықтамалар және өзге де материалдар сұратуға және алуға;

       3) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша құзыретті орган ретінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңда көзделген құқықтарды иеленуге;

       4) әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың сенімділігін тексеру;

       5) әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері бойынша қажетті түсініктемелер беруге;

      6) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша белгіленген тәртіпте семинарлар және кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізуге;

      7) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен өзара әрекет жасауға.

 

 

3. Бөлім қызметін ұйымдастыру

 

      13. Бөлімге облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының келісімімен аудан әкімі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басшылық етеді.

      14. Бастықтың бір орынбасары, төрт сектор, екі бөлімше меңгерушілері болады.

      Бөлім бастығы бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді.

      15. Бөлім бастығы осы мақсатта:

      1) Бөлімнің бөлімшелерінің, секторларының, мүгедек балаларды оңалту кабинеттерінің қызметіне басшылық жасайды;

      2) орынбасардың міндетін және өкілеттігінің шегін белгілейді;

      3)  секторлар мен бөлімше басшыларының міндеттерін белгілейді және жауапкершілігін анықтайды;

      4) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және жауапкершілігін анықтайды;

      5) заңда белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      6) мемлекеттік органдармен, басқа да ұйымдармен қарым-қатынастарда қолданыстағы заңдарға сәйкес бөлім туралы мәлімет береді;

      7) заңда белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін көтермелейді, материалдық көмек көрсетеді, тәртіптік жаза қолданады;

      7-1) жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді және заңда белгіленген тәртіппен өз құзырлығы шегінде  шара қолданады;

      8) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

     

4. Бөлімнің мүлкі

 

      16. Бөлімнің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      Бөлімнің мүлкі мемлекет берген мүліктің есебінен құралады және негізгі мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Бөлім балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.

      17. Бөлімнің мүлкі коммуналдық меншікке жатады.

      18. Бөлімнің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 

      19. Бөлім қайта құрылған және таратылған жағдайда бөлім мүлкі меншік иесіне қайтарылып беріледі.

 

 

5. Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізу  

 

       20. Ережеге өзгертулер мен толықтырулар аудан әкімінің шешімімен бекітіледі.

 

 6. Бөлім жауапкершілігі

 

      21. Бөлім міндеттемелері бойынша өзінің иелігіне жататын ақшаларға жауап береді. Олар жетіспеген жағдайда оның міндеттемелері бойынша меншік иесі жауапты болады.

 

 

7. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

 

      22. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.