БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ  

2011 жылы жұмыспен қамту мәселесімен былтырғы жылдан есепте тұрған жұмыссыз 85 адамды қоса есептегенде 1407 адам жұмыс іздеп тіркелді, олардың 1400 жұмысқа орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 447 адам жіберіліп 25 598 мың теңге төлем ақы төленді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 166 жұмыссыз азамат жіберіліп 9 599 мың теңге төлем ақы төленді. Кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, кәсіптік бағыттау жұмыстарына 12 мамандық бойынша 227 адам дайындалып 7 183 мың теңге қаражат жұмсалды. Жыл басынан бері 1 175 тұрақты жаңа жұмыс орындары және 578 уақытша және маусымдық жұмыс орындары ашылды.
Жастар тәжірибесін ұйымдастыруға жоғарғы және орта кәсіптік оқу орындарын бітірген 288 жас мамандар ауданның 46 мекемелеріне жіберіліп бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 31,0 млн.теңге жұмсалды.
2012 жылы аймақтарды дамыту бағдарламасына сәйкес 1 750 жұмыссыз азаматтарды тіркеуге алып олардың 1651-н жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 400, әлеуметтік жұмыс орындарына 100, Жастар тәжірибесіне 35 жұмыссыз азаматтарды жұмылдырып, кәсіби даярлауға 150 жұмыссыз азаматтарды оқытылу жоспарлануда.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың үстіміздегі жылдың 28 қаңтарындағы Қазақстан халқына арналған Жолдауына сәйкес 2020 жылға дейін Жұмыспен қамту-2020 ұстанымды жаңа бағдарламасы әзірленді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеті өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды нәтижелі түрде үдемелі индустриялық-инновациялық дамыу объектілеріне жұмылдырып жұмыспен қамтуға тартып, әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру.
Бағдарламаны іске асыру негізгі 3 бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
I. Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
II. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
III.Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
1 бағыт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілуі мүмкін:
- оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар;
- шәкіртақының төленуімен, тегін біліктілікті арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына (бұдан әрі – кәсіптік оқыту) жолдау;
- оқитын адамдарға (оқу орнына дейін және кері жол жүруіне және жатақханада тұруына немесе тұрғын үйді жалға алумен байланысты шығындарды өтеуге) субсидия беру;
- лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдесу;
- жалақыны ішінара субсидиялау;
- психологиялық бейімдеу.
2 бағыт - ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу - кәсіпкерлікті ынталандыру жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Осы бағыт шеңберінде мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады:
- 5 жыл мерзімге микрокредит беру;
- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, бұл ретте инфрақұрылымды салу немесе реконструкциялау құны жобаның (жобалардың) құнынан аспауға тиіс;
- консультативтік қызмет көрсету;
- кәсіпкерлік негіздерін оқыту.
3 бағыт - еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру. Бұл бағыт Қазақстан Республикасы азаматтарының экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық даму орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларын көздейді. Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағытына қатысудың басым құқығын ауыл жастары иеленетін болады.
Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден көшуі:
бір ауданның ішінде;
бір облыс шегіндегі бір ауданнан басқа ауданға жүзеге асырылуы мүмкін.
Бағдарламаның осы бағытына қатысушылар мынадай критерийлерге сәйкес келуге тиіс:
өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар не еңбекке жарамды табысы аз адамдар санаттарына жатуға тиіс;
экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерде тұруға тиіс;
айлық жиынтық табысы бірге тұратын отбасы мүшелерінің әрқайсысына шаққанда ең төмен күнкөріс деңгейінен аспауға тиіс.
Аталған бағдарламаның 1-ші бағытын жүзеге асыру үшін 2011 жылы аудан бойынша 80 адамды оқытылып, оның ішінде 10 адам 3 жылдық мерзімге оқытылуға, 50 адам 3 айдан 6 ай аралығындағы мерзімде қайта даярлау және 20 адам 3 айлық мерзімде біліктілігін арттыру курстарына жіберіп олардың дерлік барлығы тұрақты әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.
2 бағыт бойынша кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу мақсатында 10 адамды кәсіпкерлік негізіне оқытылды. Бағдарламаның осы бағытына қатысушы 11 адамға микрокредиттер берілді.
2011 жылы жергілікті бюджеттен күнкөрісі төмен жандарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 54 отбасына тағайындалып 5 320,0 мың теңге көлемінде, тұрғын үй көмегі 870 отбасына тағайындалып 20 842,0 мың теңге, жұмыс істейтін және жұмыссыздықтардың қатарында тіркелген 61 азаматтардың қайтыс болуына байланысты төленетін бір рет берілетін жәрдемақы 910,4 мың теңге, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері 95 адамға тұрғын-үй коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер 3 512,0 мың теңге, жеке қосалқы шарушылықты дамытуға және жеке іс ашуға біржолғы әлеуметтік көмек 2 отбасына 200,0 мың теңгеден 400,0 мың теңге көлемінде төленді. Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы 1 101 отбасындағы 3341 балаға тағайындалып 45 965 мың теңге, мүгедек балаларды үйде оқыту және тәрбиелеуге 161 отбасына 4 850,1 мың теңге, ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлеріне отын сатып алуға 3 753 адамға 27012,0 мың теңге тағайындалып төленді. Сондай-ақ, облыс әкімінің гранты бойынша, тұрмыс жағдайы төмен отбасынан, жетім, жартылай жетім 21 студентке әлеуметтік көмек 6 386,0 мың теңге, Чернобыль апатынан зардап шеккендедің 25 жылдығына 46 адамға 25,0 мың теңгеден біржолдық материалдық көмекке 1 150,0 мың теңге көлемінде бюджет қаражаты жұмсалды.
2012 жылға күнкөрісі төмен жандарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 5 985,0 мың теңге көлемінде, 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақыға 49 956,0 мың теңге, тұрғын үй көмегіне 28 937,0 мың теңге, жұмыс істейтін және жұмыссыздықтардың қатарында тіркелген азаматтардың қайтыс болуына байланысты төленетін бір рет берілетін жәрдемақы 1 456,0 мың теңге, мүгедек балаларды үйде оқыту және тәрбиелеуге 6 213,0 мың теңге, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын-үй коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер көрсетуге 5200,0 мың теңге, ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлеріне отын сатып алуға 29 124,0 мың теңге және облыс әкімінің гранты бойынша, тұрмыс жағдайы төмен отбасынан, жетім, жартылай жетім студенттерге әлеуметтік көмек көрсетуге 6 485,0 мың теңге көлемінде бюджеттік қаражат қарастырылған.
Аудан бойынша мүгедектер саны 4 018 адам, немесе жалпы халық санының 2,2% құрайды, оның ішінде 95 адам ҰОС қатысушылары мен мүгедектері. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау» Заңын жүзеге асыру мақсатында 2011 жылы 26 адамға кресло-арбалар, 85 адамға санаторлық-курорттық емделуге жолдама, 114 адамға ортопедиалық аяқ-киім алуға жолдама берілді. 150 адам міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіліп, 10 адамға тифлоқұралдары берілді. Жүріп-тұруы қиындыққа түсетін I топтағы және нашар еститін мүгедектерге жеке көмекші мен ымдау тілі мамандарының қызметтері ұсынылды. Аудан бойынша I топтағы 14 мүгедекке 14 жеке көмекші, ал «Ымдау тілі аудармашыларының Қазақстандағы ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі арқылы нашар еститін 73 адамға қызмет көрсетілді. Арнаулы гигиеналық құралдарды алуға, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарын ұстауға 13 245 мың теңге қаржы жұмсалды.
Қазақстан Республикасының «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік медико педагогикалық жағынан түзеу» заңын жүзеге асыру жолында аудандағы мүгедек балалары бар жанұяларға әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі жұмыс атқарады. Олардың негізгі мақсаттары – қосымша көмекті қажет ететін балаларды анықтап, оларды әлеуметтік дағдыларға, өзіне-өзі қызмет ету дағдысына, бос уақытты дұрыс ұйымдастыруға, ата-аналарды мүгедек балалармен тіл табысып, оларды күтуге үйрету. Аталған бөлімше 2011 жылы 559 баланы есепке алып әлеуметтік көмек көрсетті. Оларды қоғамға үйрету, ой-өрісін дамыту мақсатында түрлі мәдени іс шаралар өткізіліп тұрады.
Арнаулы логопед, дефектолог, массажист және психолог мамандарымен Өтеген батыр, Боралдай кенттері мен Жетіген ауылында оңалту кабинеттері жұмыс атқарады. ДЦП ауруымен ауыратын балаларды оңалтуға құны 300,0 мың теңге тұратын «Гравитон» костюмі сатып алынды. Логопед, дефектолог, психолог мамандарының кабинеттері жабдық құралдарымен толығынан қамтамасыз етілді. Сонымен қатар келешекте сенсор кабинеті ашылу жоспарлануда.
Мемлекеттік стандарттарға сәйкес әлеуметтік жұмыскерлер жалғыз басты қарттар мен жұмысқа жарамсыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін үйлерге барып көмек көрсететін бөлімше 186 адамға қызмет көрсетті. Олардың негізгі мақсаттары – күнделікті тамақтарын, дәрі-дәрмектерін алып беру, үй тұрмыстарына көмектесу және емдеу мекемелеріне апарып келу.
Әлеуметтік жұмыскерлердің сапалы қызмет атқарулары үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда (униформалар, шаруашылық тауарлар мен керек-жарақтар т.б.).
2012 жылы мүгедектердің әлеуметтік, қоғамдық, көлік тасымалдау, рекреациялық инфрақұрылымдарға кіруге мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жоспарлануда.