БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі > ҚҰЖАТ

 
Халықты әлеуметтік қорғау    
 
 

    Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жергілікті әкімшіліктермен, мекеме, кәсіпорын, шаруа ќожалыќтарымен бірлесе отырып арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында атаулы жұмыстар атќаруда.
2013 жылы 9 айда аудан халқының саны 193 190 адамды құрады, экономикалық тұрғыдан белсендi халық саны 87 063 адам. Ауданда экономика саласында жұмыспен қамтылған халық саны 83 563 адам, оның ішінде жалдамалы азаматтардың саны 57 615 адам, өз-өзін жұмыспен қамтыған азаматтардың саны 25 948 адам. Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейi 96% . Статистикалық есеп бойынша жұмыссыз халықтың саны 3500 адам, немесе жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,0%.
2013 жылдың 9 айында жұмыспен қамту мәселесімен 956 адам жұмыс іздеп тіркелді, олардың 670 жұмысқа орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 407 адам жіберіліп 24 923 мың теңге төлем ақы төленді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 40 жұмыссыз азамат жіберіліп 1 920 мың теңге төлем ақы төленді. Кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, кәсіптік бағыттау жұмыстарына 7 мамандық бойынша 80 адам дайындалып 2 871 мың теңге қаражат жұмсалды. Жыл басынан бері 528 тұрақты жаңа жұмыс орындары және 394 уақытша және маусымдық жұмыс орындары ашылды.
Жастар тәжірибесін ұйымдастыруға жоғарғы және орта кәсіптік оқу орындарын бітірген 33 жас мамандар ауданның 16 мекемелеріне жіберіліп бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 2 573 мың.теңге жұмсалды.
Іле ауданы бойынша 2013 жылдың 9 айында бөлінген қаржы 100 пайызға игерілді, қыркүйек айының соңында тұрмыс жағдайы кедейшілік деңгейінен төмен тұратын халық саны 144 адам немесе 0,07 пайыз болды.
Ауылдық кенттік округтерде құрылған учаскелік комиссиялар жыл басынан бері 96 отырыс өткізді, осы отырыстың жиындарына 3 рет біздің мамандар қатысты.
Азаматтардың тұрмыс жағдайын көтерудің белсендi шараларының бірі халықтың тұрмыс жағдайы төмен топтарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.
Жыл басынан бері мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 23 отбасына (144 адамға) – 3210,552 мың теңге көлемінде тағайындалып төленді. Тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері 2477,0 теңгені құрады. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 104 адамға азайды.
Алайда, 2012 жылдың 9 айымен салыстырғанда отбасы кірістері де 5416,0 теңгеден 5058,0 теңгеге азайды.
8 отбасы (68 адам) 2 жылдан астам мерзімде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан шыға алмай келеді, себебі тұрмыс жағдайы өте төмен, табысы аз, көп балалы отбасы. Бұл отбасыларына қоғамдық жұмыс, кәсіптік оқу және әлеуметтік жұмыс, жол картасы бойынша жұмыстарға жіберу сияқты мүмкіндіктер қолданылып келеді. 4 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.
Сонымен қатар жергілікті бюджеттен жыл басынан бері:
18 жасқа дейінгі балаларға төлентін жәрдемақы – 966 отбасына оның ішінде 3092 балаға – 38069,889 мың тенге көлемінде;
тұрғын үй көмегі – 662 отбасына - 14080,0 мың тенге көлемінде;
мүгедек балаларды үйде оқыту және тәрбиелеуге 173 отбасына 4518,553 мың теңге көлемінде;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне материалдық – тұрмыстық жіне әлеуметтік жағдайларын жақсарту үшін төлентін коммуналдық көмек - 66 адамға – 1919,084 мың тенге көлемінде;
АҚТБ ауыруын жұқтырған 1 мүгедек балаға – 188,883 мың теңге көлемінде тағайындалып төленді;
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы азаматтарға 405 адамға әлеуметтік көмек- 31877,967 мың тенге, оның ішінде 337 адамҰО соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, ЧАЭС апатынан зардап шекендерге және Ауған соғысына қатысушыларға мерекелік күндерде біржолғы әлеуметтік көмек - 9770,0 мың тенге көлемінде тағайындалып, төленді.
Ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуға біржолғы әлеуметтік көмек 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 1733 адамға – 14999,115 мың тенге көлемінде тағайындалып, төленді.
Аудан бойынша мүгедектер саны 4 378 адам, немесе жалпы халық санының 2,2% құрайды, оның ішінде 66 адам ҰОС қатысушылары мен мүгедектері. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау» Заңын жүзеге асыру мақсатында 2013 жылдың 9 айында 86 адамға санаторлық-курорттық емделуге жолдама, 92 адамға ортопедиалық аяқ-киім алуға жолдама берілді. 164 адам міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіліп, 11 адамға тифлоқұралдары берілді. Жүріп-тұруы қиындыққа түсетін I топтағы және нашар еститін мүгедектерге жеке көмекші мен ымдау тілі мамандарының қызметтері ұсынылды. Аудан бойынша I топтағы 21 мүгедекке 21 жеке көмекші, ал «Ымдау тілі аудармашыларының Қазақстандағы ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі арқылы нашар еститін 68 адамға қызмет көрсетілді. Арнаулы гигиеналық құралдарды алуға, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарын ұстауға 14 348 мың теңге қаржы жұмсалды.
Қазақстан Республикасының «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік медико педагогикалық жағынан түзеу» заңын жүзеге асыру жолында аудандағы мүгедек балалары бар жанұяларға әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі жұмыс атқарады. Олардың негізгі мақсаттары – қосымша көмекті қажет ететін балаларды анықтап, оларды әлеуметтік дағдыларға, өзіне-өзі қызмет ету дағдысына, бос уақытты дұрыс ұйымдастыруға, ата-аналарды мүгедек балалармен тіл табысып, оларды күтуге үйрету. Аталған бөлімшеде 2013 жылы 575 баланы есепке алып әлеуметтік көмек көрсетті. Оларды қоғамға үйрету, ой-өрісін дамыту мақсатында түрлі мәдени іс шаралар өткізіліп тұрады.
Арнаулы логопед, дефектолог, массажист және психолог мамандарымен Өтеген батыр, Боралдай кенттері мен Жетіген ауылында оңалту кабинеттері жұмыс атқарады. Мемлекеттік стандарттарға сәйкес әлеуметтік жұмыскерлер жалғыз басты қарттар мен жұмысқа жарамсыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін үйлерге барып көмек көрсететін бөлімше 250 адамға қызмет көрсетті. Олардың негізгі мақсаттары – күнделікті тамақтарын, дәрі-дәрмектерін алып беру, үй тұрмыстарына көмектесу және емдеу мекемелеріне апарып келу.
Әлеуметтік жұмыскерлердің сапалы қызмет атқарулары үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда (униформалар, шаруашылық тауарлар мен керек-жарақтар т.б.).

«Іле аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ бастығы                                                                                                                                                                                                 Н.Құматаев

 

www.iletany.kz