Бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеті өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды нәтижелі түрде үдемелі индустриялық-инновациялық дамыу объектілеріне жұмылдырылып, жұмыспен қамтуға тартып, әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды, табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу, ауылдық елді мекендерді дамыту.
Бағдарламаның бірінші бағыты ауылдық елді мекендерді дамыту, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.
Бұл бағытқа 986,9 млн.тенге бөлінген. 2014 жылы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде құрылатын жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдесу 8 жоба бойынша, 143 жаңа жұмыс орындары ашылу жоспарланған, оның ішінде 72 орталық арқылы жұмысқа орналасады. Осы бағыт арқылы жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Жапек батыр, Қосөзен және Екпенді ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар салуда. Есепті кезеңге 35 жұмыс орны ашылды, оның ішінде 19 жұмыспен қамту орталығы арқылы.
Бағдарламаның екінші бағыты ауылда кәсіпкерлікті ынталантыру жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Шағын несие 5 жыл мерзімге, 3 млн тенгеге дейін жылдық 6 пайызбен берілді.
Ағымдағы жылы 200,0 млн тенгені 100 адамға шағын несие беру жоспарланып отыр.
2014 жылы кәсіпкерлік негіздерін игеру курстарына 55 адамды оқыту жоспарланған. Оқу «Даму Қоры» АҚ Алматы облыстық филиалы арқылы оқытылады.
Бағдарламаның үшінші бағыты - бойынша өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды, табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
Үшінші бағыттың бірінші компоненті арқылы 70 адам қамтылған. Есептік кезеңге 70 адам оқуда, оның ішінде:
60 адам шаштараз, аспазшы, тігінші, бульдозер-машинист және электргазбендәнекерлеуші;
-10адам электрик, есепші және автокрановщик мамандықтары бойынша бір айлық курсқа біліктілін арттыруда. Бұл шараға 11 млн.164 мың тенге қаржы бөлінген.
Бұдан басқа әлеуметтiк жұмыс орындарын құру мақсатында 107 адам жоспарланған, бүгінгі күнге 107 адам әлеуметтік жұмысқа жіберілді. Бұл шараға 14млн. 747 мың.тенге қаржы бөлінді.
2014 жылы жастар тәжірібиесін ұйымдастыруға 105 адамға 20 млн.641 мың тенге бөлінді. Есептік кезеңге ауданның мекемелерінде 79 жас түлектер жастар практикасынан өтуде.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында әкімшіліктің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрменкеге 113 мүмкіндігі шектеулі азамат қатысты. 30 мекеме мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 106 бос жұмыс орындарын ұсынды.
Жәрменке барысында 54 мүгедек әр түрлі мамандықтар бойынша мекемелерге жұмысқа орналасты.
Аудан бойынша 5121 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген.Есептік кезеңге оның 1033-ші жұмыс істейді, 218-і өзін-өзі жұмыспен қамтыған.Бағдарлама аясында жылдың соңына дейін 144 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған.
Бұндай іс-шаралар тқсан сайын өткізу көздлуде.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтаға арналған жәрменкенің негізгі мақсаты, мүгедектерді жұмысқа орналастыру, жұмыс берушімен кездесіп мүгедектерге жаңа жұмыс орындарында жағдай жасау.
Бағдарлама туралы жарнамалық хабарлама билбордтар арқылы үгіттемелер жүргізілуде.
Жұмыспен қамту орталығының
Директоры Е.Жақашев
|