БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
2012 жылдың 9 айында  атқарылған жұмыстар туралы есеп  

 

Аудандық   жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі жергілікті әкімшіліктермен, мекеме, кәсіпорын, шаруа ќожалыќтарымен бірлесе отырып  арналған  іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында атаулы жұмыстар атќаруда.

2012 жылы аудан халқының саны 190500 адамды құрайды,  экономикалық тұрғыдан  белсендi халық саны  85709 адам. Ауданда экономика саласында   жұмыспен қамтылған халық саны  82009 адам, оның ішінде жалдамалы азаматтардың саны 55 098 адам, өз-өзін жұмыспен қамтыған азаматтардың саны 26 911 адам. Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейi 94,2% . Статистикалық есеп бойынша жұмыссыз халықтың саны 3700 адам, немесе  жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,3%. 

         2012 жылдың 9 айында жұмыспен қамту мәселесімен былтырғы жылдан есепте тұрған жұмыссыз 92 адамды қоса есептегенде 1075 адам жұмыс іздеп тіркелді, олардың  750  жұмысқа орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 330 адам жіберіліп 25 619 мың теңге төлем ақы төленді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 110 жұмыссыз азамат жіберіліп 6 882 мың теңге төлем ақы төленді. Кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, кәсіптік бағыттау жұмыстарына 9 мамандық бойынша 135 адам дайындалып 7 386 мың теңге қаражат жұмсалды. Жыл басынан бері 705  тұрақты жаңа жұмыс орындары және 265  уақытша және маусымдық жұмыс орындары ашылды.

              Жастар тәжірибесін ұйымдастыруға жоғарғы және орта кәсіптік оқу орындарын бітірген 55  жас мамандар ауданның 20 мекемелеріне жіберіліп бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 5 636 мың.теңге жұмсалды.     

                                                                                                                         2012 жылдың 9 айында тұрмыс жағдайы кедейшілік деңгейінен төмен тұратын халық саны 248 адам болды немесе, 0,12 пайызды құрады, 2011 жылдың  9 айында 239 адам болған немесе, 0,13 пайызды құраған.

            Азаматтардың тұрмыс жағдайын көтерудің белсендi шараларының бірі  халықтың тұрмыс жағдайы төмен топтарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын және тұрғын үй көмегін  тағайындау  болып табылады.

2012 жылдың 9 айында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 42 отбасына  (248 адамға) – 3664,819 мың теңге көлемінде тағайындалып төленді.

Сараптай келе анықталғаны әлеуметтік көмек алушылардың құрамы жалпы көп балалы аналардан, 7 жасқа дейінгі бала күтімінде үйде отырған аналардан, толық емес отбасыларынан, жалғыз басты аналардан 18 жасқа толмаған балалардан тұрады.  

Жыл басынан бері:

- 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы – 994 отбасына оның ішінде  3083 балаға  – 35151,726 мың  тенге  көлемінде;

- Тұрғын үй көмегі – 750 отбасына  - 14300,00 мың тенге көлемінде;

- Мүгедек балаларды  үйде оқыту және тәрбиелеуге – 169 отбасына – 4514,436 мың  теңге  көлемінде;

-Жұмыс істейтін және жұмыссыздықтардың қатарына тіркелген  азаматтардың қайтыс болуына байланысты төленетін  біржолғы   жәрдемақы - 38 адамға – 606,360 мың тенге көлемінде;

-Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне  материалдық –  тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту  үшін төлентін  айсайынғы  жәрдемақы  - 77  адамға – 2265,263 мың  тенге көлемінде;

 - АҚТБ ауыруын жұқтырған 1 мүгедек балаға – 1765,526 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді;

- жеке қосалқы шарушылықты дамытуға және жеке іс ашуға біржолғы әлеуметтік көмек 2 отбасына 200,0 мың теңгеден 400,0 мың теңге көлемінде;

- ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлеріне отын сатып алуға 1854 адамға 14998,860 мың теңге;

            - Чернобыль апатынан зардап шеккендедің 25 жылдығына 49 адамға біржолдық материалдық көмекке 1240,0 мың теңге көлемінде тағайындалып төленді.

      Сондай-ақ, облыс әкімінің гранты бойынша, тұрмыс жағдайы төмен отбасынан, жетім, жартылай жетім 20 студентке 2012 жылға 6833,0 мың теңге әлеуметтік көмек бөлінген.

Мемлекетпен қатар көптеген қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, кедейшілік проблемаларын шешуге, халықтың тұрмыс деңгейіне  ықпалын тигізіп, өз үлесін қосуда. 2012 жылдың  9 айында осы ұйымдар жалпы 15958 адамдарға  23151.300 мың теңге оның ішінде аз қамтылған отбасыларына  2181 адамға – 4350.0 мың теңге көлемінде қайырымдылық  көмек  көрсетті.

                  Аудан бойынша мүгедектер саны 4 198 адам, немесе жалпы халық санының 2,2% құрайды, оның ішінде 77 адам ҰОС қатысушылары мен мүгедектері. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау» Заңын жүзеге асыру мақсатында 2012 жылдың 9 айында 86 адамға санаторлық-курорттық емделуге жолдама, 92 адамға  ортопедиалық аяқ-киім алуға жолдама берілді. 164 адам міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіліп, 11 адамға тифлоқұралдары берілді. Жүріп-тұруы қиындыққа түсетін I топтағы  және нашар еститін мүгедектерге жеке көмекші мен ымдау тілі мамандарының қызметтері ұсынылды. Аудан бойынша I топтағы  21 мүгедекке 21 жеке көмекші, ал «Ымдау тілі аудармашыларының Қазақстандағы ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі арқылы нашар еститін 68 адамға қызмет көрсетілді. Арнаулы гигиеналық құралдарды алуға, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарын ұстауға  14 348 мың теңге қаржы жұмсалды.

Қазақстан Республикасының «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік медико педагогикалық жағынан түзеу» заңын жүзеге асыру жолында аудандағы мүгедек балалары бар жанұяларға әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі жұмыс атқарады. Олардың негізгі мақсаттары – қосымша көмекті қажет ететін балаларды анықтап, оларды әлеуметтік дағдыларға, өзіне-өзі қызмет ету дағдысына, бос уақытты дұрыс ұйымдастыруға, ата-аналарды мүгедек балалармен тіл табысып, оларды күтуге үйрету. Аталған бөлімшеде  2012 жылы 575 баланы есепке алып әлеуметтік көмек көрсетті. Оларды қоғамға үйрету, ой-өрісін дамыту мақсатында түрлі  мәдени іс шаралар өткізіліп тұрады.

Арнаулы логопед, дефектолог, массажист және психолог  мамандарымен Өтеген батыр, Боралдай кенттері мен Жетіген ауылында оңалту кабинеттері жұмыс атқарады. ДЦП ауруымен ауыратын балаларды оңалтуға құны 300,0 мың теңге тұратын «Гравитон» костюмі сатып алынды. Логопед, дефектолог, психолог мамандарының кабинеттері жабдық құралдарымен толығынан қамтамасыз етілді. Сонымен қатар келешекте сенсор кабинеті ашылу жоспарлануда.

         Мемлекеттік стандарттарға сәйкес әлеуметтік жұмыскерлер жалғыз басты қарттар мен жұмысқа жарамсыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін үйлерге барып көмек көрсететін бөлімше 250 адамға қызмет көрсетті. Олардың негізгі мақсаттары – күнделікті тамақтарын, дәрі-дәрмектерін алып беру, үй тұрмыстарына көмектесу және емдеу мекемелеріне апарып келу.

         Әлеуметтік жұмыскерлердің сапалы қызмет атқарулары үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда (униформалар, шаруашылық тауарлар мен керек-жарақтар т.б.).