БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
2012 жылдың 1 тамызына дейін атқарылған жұмыстар туралы АҚПАРАТ  
 

2012 жылдың 1 тамызына жұмыспен қамту мәселесімен былтырғы жылдан есепте тұрған жұмыссыз 92 адамды қоса есептегенде 668 адам жұмыс іздеп тіркелді, олардың 491 жұмысқа орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 328 адам жіберіліп 18 644 мың теңге төлем ақы төленді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 103 жұмыссыз азамат жіберіліп 6 094 мың теңге төлем ақы төленді. Кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, кәсіптік бағыттау жұмыстарына 8 мамандық бойынша 135 адам дайындалып 5 522 мың теңге қаражат жұмсалды. Жыл басынан бері 691  тұрақты жаңа жұмыс орындары және 265  уақытша және маусымдық жұмыс орындары ашылды.

Жастар тәжірибесін ұйымдастыруға жоғарғы және орта кәсіптік оқу орындарын бітірген 55 жас мамандар ауданның 16 мекемелеріне жіберіліп бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 4 910 мың.теңге жұмсалды.              

2012 жылы 1 тамызға жергілікті бюджеттен күнкөрісі төмен жандарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 41 отбасына тағайындалып 2828,1 мың теңге көлемінде, тұрғын үй көмегі 717 отбасына тағайындалып 11 630,0 мың теңге, жұмыс істейтін және жұмыссыздықтардың қатарында тіркелген 31 азаматтардың қайтыс болуына байланысты төленетін бір рет берілетін жәрдемақы 493,1 мың теңге, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері 76 адамға тұрғын-үй коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер 1 885,0 мың теңге. Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы 974 отбасындағы 3034 балаға тағайындалып 27 295 мың теңге,  мүгедек балаларды үйде оқыту және тәрбиелеуге 161 отбасына 3 564 мың теңге. Сондай-ақ, Чернобыль  апатынан зардап шеккендедің  333 адамға 8 505,0 мың теңге бюджет қаражаты жұмсалды.

Аудан бойынша мүгедектер саны 4 163 адам, немесе жалпы халық санының 2,2% құрайды, оның ішінде 76 адам ҰОС қатысушылары мен мүгедектері. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау» Заңын жүзеге асыру мақсатында 2012 жылы 59 адамға санаторлық-курорттық емделуге жолдама, 69 адамға ортопедиалық аяқ-киім алуға жолдама берілді. 153 адам міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіліп, 10 адамға тифлоқұралдары берілді. Жүріп-тұруы қиындыққа түсетін I топтағы  және нашар еститін мүгедектерге жеке көмекші мен ымдау тілі мамандарының қызметтері ұсынылды. Аудан бойынша I топтағы  21 мүгедекке  21 жеке көмекші, ал «Ымдау тілі аудармашыларының Қазақстандағы ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі арқылы нашар еститін 68 адамға қызмет көрсетілді. Арнаулы гигиеналық құралдарды алуға, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарын ұстауға  14 348 мың теңге қаржы жұмсалды.

Қазақстан Республикасының «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік медико педагогикалық жағынан түзеу» заңын жүзеге асыру жолында аудандағы мүгедек балалары бар жанұяларға әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі жұмыс атқарады. Олардың негізгі мақсаттары – қосымша көмекті қажет ететін балаларды анықтап, оларды әлеуметтік дағдыларға, өзіне-өзі қызмет ету дағдысына, бос уақытты дұрыс ұйымдастыруға, ата-аналарды мүгедек балалармен тіл табысып, оларды күтуге үйрету. Аталған бөлімше 2012 жылы 603 баланы есепке алып әлеуметтік көмек көрсетті. Оларды қоғамға үйрету, ой-өрісін дамыту мақсатында түрлі  мәдени іс шаралар өткізіліп тұрады.

Арнаулы логопед, дефектолог, массажист және психолог  мамандарымен Өтеген батыр, Боралдай кенттері мен Жетіген ауылында оңалту кабинеттері жұмыс атқарады. ДЦП ауруымен ауыратын балаларды оңалтуға құны 300,0 мың теңге тұратын «Гравитон» костюмі сатып алынды. Логопед, дефектолог, психолог мамандарының кабинеттері жабдық құралдарымен толығынан қамтамасыз етілді. Сонымен қатар келешекте сенсор кабинеті ашылу жоспарлануда.

            Мемлекеттік стандарттарға сәйкес әлеуметтік жұмыскерлер жалғыз басты қарттар мен жұмысқа жарамсыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін үйлерге барып көмек көрсететін бөлімше 286 адамға қызмет көрсетті. Олардың негізгі мақсаттары – күнделікті тамақтарын, дәрі-дәрмектерін алып беру, үй тұрмыстарына көмектесу және емдеу мекемелеріне апарып келу.

            Әлеуметтік жұмыскерлердің сапалы қызмет атқарулары үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда (униформалар, шаруашылық тауарлар мен керек-жарақтар т.б.).