БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 

 
 
Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2018 жылғы атқарған жұмысы және 2019 жылға жоспары туралы АҚПАРАТ 23.01.2019

 

          Жалпы аудан бойынша халық саны 207,4 мың. адам, жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайызды құрады.

         Жұмыспен қамтудың белсенді шараларының Кешенді Жоспарына сәйкес 2018 жылдың басынан  8 490 адамға қолдау көрсетіліп негізгі  жоспар 184%-ға орындалды (жоспар бойынша 4 603 адамға қолдау көрсету жоспарланған) Былтырғы жылмен салыстырғанда  жұмыспен қамту   сұрақтарымен   хабарласқандар саны 3 996 адамға көбейді. (2017ж.-4494 адам). Қамтылған адамдардың  7 566-ы жұмыспен қамтылса, олардың 5 850-і  тұрақты жұмысқа, 1 716 уақытша жұмысқа орналастырылды. Аудан бойынша жұмыспен қамту деңгейі 89,1%  (2017 ж.  – 88%) құрады.

          «Еңбек», нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 523 азаматты жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланып, ол 1630 адамға орындалып, бөлінген 206,0 млн.теңге толығымен игерілді.  2018 жылға 1969  жаңа  жұмыс  орындарын  ашу жоспарланған, нақтысында  2 608  жаңа жұмыс орны ашылды, өнеркәсіпте -538, білім  саласы- 80, ауыл шаруашылық-116, саудада-336, құрылыста-1105, көлік және қоймалау-10, басқа түрлері-423, жоспардың орындалуы 132 пайызды құрады. (2017ж.- 2504).

         Бағдарламаның бірінші бағыты еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар бойынша  жаппай оқытуды ұйымдастыруда бағытталған. Тегін техникалық және кәсіптік оқыту шеңберінде 101 жас түлек оқуға жіберілді, бұл жылдық жоспардың 101% құрады (жоспар бойынша 100 адам) (2017ж.-92 адам). Қысқа мерзімді оқытуға 401 адам (жоспар бойынша 400 адам) 20 мамандық бойынша жіберілді, ал (2017ж.-490 адам). Оқуды аяқтаған 391 адамның 382-і тұрақты жұмыспен қамтылды, немесе 99,5%-ға орындалды.

         Бағдарламаның екінші бағыты «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 2018 жылы 266 адам оқытылды, (2017 жылы 178 адам) оның ішінде 70 қатысушы 344,5 млн.теңге көлемінде  несие  алды. Несие алған азаматтар 86 жаңа  жұмыс  орындарын   құрды:  560  бас  ірі  қара  мал  бордақылауға  алынды,    1 жекеменшік бала бақша, 1 автокөлік жөндеу орталығы, 1 мейрамхана, 2 сән салоны ашылды, 5 кәсіпкер 6 дана арнайы техникалық көлік алды, 1 кәсіпкер сауда орынын арнайы жиһазбен жабдықтады, қолғап шығаратын 1 цех ашылды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 2018 жылы мемлекеттік грант 87 адамға әркайсына 240,0 мың.теңгеден  20,9 млн.теңге берілді.

         Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 2018 жылы жастар практикасына  161 жас маман  66 мекемеге жіберіліп, 40,0 млн.тенге көлемінде қаражат жұмсалды (жоспар бойынша 101 адам), былтырғы жылмен салыстырғанда (2017 жылы 129 адам). Бағдарламаны аяқтаған 161 адамның ішінен 161-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

         Ауданның 12 жұмыс берушілерімен әлеуметтік жұмыс орындарын құруға келісім шарттар жасалып, 124 жұмыссыз азаматтар жұмысқа жолдама арқылы жіберіліп, оларға 18,0 млн.теңге көлемінде қаражат жұмсалды. (Айына 18 200 теңге көлемінде субсидия төленді, жалпы еңбек жалақысы жүмыс берушілер тарапын есепке алғанда 52 000 теңге), (2017 жылы 100 адам болды). Қоғамдық жұмыстарға 2018 жылы 470 адамға қолдау көрсетуге  60,0 млн.теңге қаражат бөлінді (жалақысы айына 42 426 теңге), жылдың басынан 490 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты, немесе 106%-ға орындалды, (2017 жылы 500  адам қатысты).

         2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Электрондық еңбек биржасы (одан әрі - ЭЕБ) енгізілді,  жылдық жоспар 2 981 орындалды,  немесе 100,7%, сонымен қатар 647 жұмыссыз азаматтар түйендемелерін енгізді.

         Аудан бойынша барлық жәрдемақыларға қарастырылған қаражат толығымен игерілді. Жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті – 998 отбасы  (5392 адамға) – 191,7 млн.теңге көлемінде тағайындалып төленді.  Жұмысқа қабілеті бар атаулы әлеуметтік көмек алушылардың  арасынан 360 адам жұмыспен қамту белсенді шараларына тартылды, атап айтқанда: тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны-284, қоғамдық жұмыстарға қатысқандар саны -26, әлеуметтік жұмыс орнынға -3, қысқа мерзімді курстарға-47. Сонымен қатар 2018 жылы 722 отбасы 20,3 млн.теңге жәрдемақы көлемінде тұрғын үй көмегі және 4 907  мұктаж азаматтарға 88,7 млн.теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақылар төленді. Мемлекет пен қатар көптеген қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, кедейшілік проблемаларын шешуге, халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге  ықпалын тигізіп, өз үлесін қосуда. Жыл басынан осы ұйымдар арқылы аз қамтылған  14 188  адамға 17,6 млн. тенге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

         Аудан бойынша 4 511 адам мүгедектер саны, оның ішінен 2 546 адам оналту құралдармен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда санаторно-курортқа жолдама 496 адамға берілді, сурдо-техникалық заттар 269 адамға, арнаулы жүріп-тұру құралдары 200 адамға, міндетті гигиеналық құралдар 986 адамға, протездік-ортопедиялық құралдар 443 адамға, тифло-техникалық құралдар 152 заттай қамтамасыз етілді.  Сонымен қатар  212 жалғыз басты карттар мен мүгедектерге үйден әлеуметтік көмек және 179 мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден арнаулы әлеуметтік көмек қөрсетілді. Бірінші топтағы 242 мүгедек жандарға жеке көмекшінің қызметімен, ымдау тілі маманы 65 адамға қызыметімен  қамтамасыз етілді.

         2019 жылға жүктелген міндеттемелер:

         2019 жылы 2 616 жаңа жұмыс орнын кұру, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санын азайту, жұмыссыздық деңгейін 4,3%-дан 4,2%-ға дейін төмендету. 2019 жылға қысқа мерзімдік курстарға 400 адам, тегін техникалық оқуға 100 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 90 адам, жастар тәжіребиесіне 105 адам, қоғамдық жұмыстарға 225 жұмыссыз азаматтарды жұмылдыру, 80 адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз мемлекеттік грант беру жоспарланып отыр.  2019 жылы 3 006 мүмкіндігі шектеулі азаматтар  оналту бағдарламасымен қамтамасыз етіледі. 2019 жылы барлық әлеуметтік көмек түрлері бойынша 321,7 млн. тенге бөлініп, халықтың әлеуметтік жағынан әлжуаз топтарына жататын 10 595 адам қамтылады деп міндеттелді.

        

        

 

                   Іле аудандық жұмыспен қамту

          және әлеуметтік бағдарламалар

          бөлімінің басшысы                                                                Ж.Айтенова