БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі > Жоба

 
 
Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2016 жылдың 1 жартыжылдың атқарған жұмысы туралы АҚПАРАТ  

Аудан бойынша халық саны 191,2 мың. адамды құрады, экономикалық тұрғыдан белсендi халық саны 102,6 мың. адам, жұмыспен қамтылған халық саны 98,6 адам. Оның ішінде өздігінші жұмыспен қамтығандардың саны 23,7 мың. адам болды, халықтың жұмыспен қамтылған санында өздігінші жұмыс істейтіндердің үлесі 24 пайызды құрады. 2016 жылдың 1 шілдеге жұмыссыз халықтың саны 4000 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейi 3,9% пайызды құрады.
2016 жылдың 1 шілдеге жұмысыздықтан әлеуметтік қоғау шаралармен қамтылуға 1991 адам тіркелдi, оның ішінен жұмысқа орналастырылған азаматтардың саны 1531 адам немесе жұмысқа орналастыру деңгейi 77% құрады.
Жылда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі қаулысымен бекітіліп, мекемелермен келiсiм-шарттар жасалады. 2016 жылға жоспар -500 адамға бекітілді. Жылдың басынан қоғамдық жұмысқа 342 адам жіберілді, немесе орындалуы 68% құрады.
Ауданның барлық экономика салаларында 2016 жылдың 1 шілдеге 782 тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылды оның iшiнде: саудада –157, өнеркәсiпте–181, ауыл шаруашылығында –5, білім және денсаулық сактау саласында-149, көлік және қоймалау саласында-40, құрылыста-163, басќа салада-87. Одан басқа 146 уақытша және маусымдық жұмыс орындары ашылды.
2016 жылы инфрақұрылымды және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 2 жоба бойынша 124 жұмыс орындары ашылады, оның ішінде бағдарламаға қатысушылар есебінен жұмыспен қамту орталығынан 64 адам жұмысқа орналастыру көзделіп, казіргі таңда 22 адам жолдама арқылы жұмысқа жіберілді.
2016 жылға жоспар бойынша 3 млн.тенгені алуға 69 адам 207,0 млн. тенге қаражат бөлінді, 6 млн.тенгені алуға 40 адам 240,0 млн.тенге қаражат бөлінді. Казіргі таңда 37 адамға 111,0 млн. тенге микрокредит «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы бөлінді. Есептік кезеңге 7 кәсіпкерге 21,0 млн.теңге берілді. 1 –адам Байсерке ауылынан бала-бақша, 1- адам Жапек-батыр ауылынан тігін цехын ашуға, 1 адам Өтеген батыр кентінен мерекелерді ұйымдастыруға жеке кәсіп ашты және Жетіген, Қараой, Акши ауылдарынан ірі қара мал сатып алып, ет-сүт өнімдерін өндіруге алды.
Ағымдағы жылда әлеуметтiк жұмыс орындарына 71 адаммен әлеуметтік шарттар түзілді, (ай сайын 18200 теңге көлемінде еңбек ақымен субсидияланды) және жастар тәжрибесіне 89 адам жіберілді. «Прогресс» колледжіне қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына 111 адам тігінші, газэлектржабдықтаушы, аспазшы, механизатор, электрик мамандықтармен жіберілді.
Іле ауданы бойынша маусым айының соңында тұрмыс жағдайы кедейшілік шегінен төмен тұратын халық саны 134 адам немесе 0,07 пайыз болды.
Жыл басынан бері жергілікті бюджеттен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 22 отбасына (134 адамға) – 858,975 мың теңге көлемінде тағайындалып төленді. Былтырғы жылдың есеп беру мезгілімен салыстырғанда 6отбасына 26 адамға азайды.
Ауылдық кенттік округтерде құрылған учаскелік комиссиялар жыл басынан бері 57 отырыс өткізді.
Еңбекке қабілетті мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың үлесі 20,90 пайызды құрады. Тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері 2330,45 теңгені құрады. 2015 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда отбасы кірістері 6196,7 теңгеден 6241,8 теңгеге артты. Негізінде кедейшілік шегінен төмен тұратын халық санының азайуы отбасы табыстарының ұлғайуында.
10 отбасы (60 адам) 2 жылдан астам мерзімде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан шыға алмай келеді, себебі тұрмыс жағдайы өте төмен, табысы аз, көп балалы отбасы. Бұл отбасыларына қоғамдық жұмыс, кәсіптік оқу және әлеуметтік жұмыс, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бойынша жұмыстарға жіберу сияқты мүмкіндіктер қолданылып келеді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы 2 адам қоғамдық жұмысқа тартылды және 15 адам жұмыс істейді.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамы төмендегідей: 18 жасқа дейінгі балалар – 74,63%, үш жасқа дейінгі бала күтумен үйде отырғандар – 9,70%, мүгедектер- 2,24%, жалданып жұмыс істейтіндер – 4,48%, студенттер – 2,24%, жұмыссыздар – 1,49%, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 3,73%, басқа санаттағылар – 1,49 пайызды құрайды.
Сонымен қатар жергілікті бюджеттен жыл басынан бері:
- 18 жасқа дейінгі балаларға төлентін жәрдемақы – 780 отбасына оның ішінде 2839 балаға – 31184,580 мың тенге төленді;
- тұрғын үй көмегі 486 отбасына 13207,0 мың теңге көлемінде;
- мүгедек балаларды үйде оқыту үшін материалдық қамтамасыз етуге 108 балаға 2944,287 мың теңге көлемінде;
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне материалдық – тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту үшін төлентін коммуналдық көмек - 29 адамға – 1049,825 мың тенге көлемінде;
- Туберкулез індетіне шалдыққан 28 азаматқа – 1276,175 мың теңге көлемінде;
- ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына біржолғы әлеуметтік көмек 19 адамға 188,290 мың теңге көлемінде;
- Мерекелік және естелік күндерге, облыстық бюджеттен Ауған соғысының ардагерлеріне бөлінген біржолғы әлеуметтік көмек 222 адамға – 5430,0 мың теңге тағайындалып төленді.
Аудан бойынша 21 әлеуметтік дүкені, 6 сауда нүктелері және 4 әлеуметтік дәріханалар аз қамтамасыз етілген азаматтарға айсайын тағамдарды арзандатылған бағамен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп отыр. Осы аталған әлеуметтік дүкендер, сауда нүктелері және әлеуметтік дәріханалар 138 аз қамтамасыз етілген азаматтарды арзандатылған тағамдармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп отыр.
Мемлекеттпен қатар көптеген қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, кедейшілік проблемаларын шешуге, халықтың тұрмыс деңгейіне ықпалын тигізіп, өз үлесін қосуда. Жыл басынан осы ұйымдар аз қамтылған 10513 адамдарға 9298,0 мың тенге оның ішінде тұрмыс жағдайы төмен отбасыларынан 125 адамға – 394,6 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.
2016 жылға жоспарланған 1000 адамға бөлінетін 44,2 мың.теңге қаражат мүгедектерді оңалту, сауықтыру көмегін көрсетуге көзделген. Ағымдағы жылда жалғыз басты карттарға және мүгедектерге үйден әлеуметтік көмек көрсету – 204 адамға, мүмкіндігі шектеулі балаларды үйден әлеуметтік көмек көрсету - 137 мүмкіндігі шектеулі балаларға, жеке көмекші - 51 адамға, ымдау тілі маманы –86 адамға, санаторно-курорттық жолдама – 49 адамға, есту аппараты -1 адамға, арнаулы жүріп-тұру құралдары – 11 адамға, міндетті гигиеналық құралдары – 16 адамға қамтамасыз етілді.