Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпанындағы №922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында стратегиялық мақсаттардың бірі ретінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлесін төмендету болып анықталды.
Әлеуметтік көмек тек мұқтаж азаматтарға ғана көрсетіледі. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек еңбекке қабілетті табысы аз азаматтарға жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысатын азаматтарға ғана беріледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру бойынша атаулы әлеуметтік көмекті оның атаулық сипатын күшейте отырып, оңтайландырудың жаңа тәсілін қолданатын Заң қабылданды. 2016 жылы жаңа тәсілмен, еңбекке қабілетті табысы аз азаматтарға жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысатын азаматтарға "Өрлеу" пилоттық жобасы тек Еңбекшіқазақ ауданында қолданылды, біздің аудан бойынша 2017 жылға қалдырылды. Өрлеу" пилоттық жобасы бойынша 2016 жылға қаражат бөлінген жоқ.
2016 жылдың 19 ақпанында аудан бойынша әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандарының, аудандық жұмыспен қамту орталық мамандарының және ауылдық округ әкімдерімен учаскелік комиссия мүшелерінің қатысуымен, 11 сәуірінде «Өрлеу» жобасын енгізу бойынша ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен дүниежүзілік банктің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, жұмыспен қамту орталықтарының қатысуымен, әлеуметтік көмек және қолдау көрсету жүйесін жетілдіру үшін техникалық көмек көрсету жөніндегі техникалық тапсырманы орындау аясында мониторинг жүргізу үшін, сондай-ақ, әлеуметтік келісімшарт негізіндегі ШАҚ төлеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асырудағы мәселелерді жинақтау және талдау жүргізу мақсатында оқу семинар өтті.
«Өрлеу» жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің, әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы.
Көп балалы отбасыларға:
Балаларға әлеуметтік көмек шартсыз. Балаларға атаулы әлеуметтік көмек отбасының ересек адамдары жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуына байланыссыз көрсетілетін болады.
Әлеуметтік келісімшартты жасасу кешенді көмек алуға мүмкіндік береді. Жәрдемақымен қатар жеке қажеттілігіне байланысты отбасының барлық мүшелеріне жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік оңтайландыру қызметтері көрсетіледі.
Көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмек әділетті болады.
Егер казір оны барлық көпбалалы отбасылар бір көлемде алатын болса 2018 жылы бұл көмек отбасы табысы мен оның құрамына байланысты сараланады.
Жұмыссыздарға:
Жұмыс – ең жақсы әлеуметтік көмек!
Әлеуметтік келісімшарт жұмыссыздарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік бағдарламаларына қатысуға кепілдік береді.
Осылай, объективті себептерге байланысты жұмыс істей алмайтындарға атаулы әлеуметтік көмек шартсыз көрсетіледі.Қалғандардың бәрі әлеуметттік көмекті алу үшін жұмыс істеуі қажет.
Кедейлікті жеңу-мемлекет пен жеке адамнаң ортақ жауапкершілігі. Мемлекет ол үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік оңтайландыру бағдарламалары түрінде сәйкесінше мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді.
Өз бетімен жұмыспен қамтылғандар:
Әлеуметтік келісімшарт болашақта қосымша әлеуметтік қамсыздардыру мен медициналық көмекті кепілдендіретін қалыпты табыс алуға мүмкіндік береді.
Атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақымен шектелмейді. Отбасыларға өмірлік қиын жағдайлардан шығу үшін басқа да қызметтер көрсетілетін болады. Бұдан басқа, ол үшін әлеуметтік келісімшарттың барлық әрекет ету мерзімінде оларды сүйемелдеу және қолдау көрсететін арнайы мамандандырылған мамандар (асистенттер мен әлеуметтік жұмыс бойынша консультанттар) көмектеседі.
Үміткер «Өрлеу» жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ол болмаған жағдайда кент, ауылдық округ әкіміне жүгінеді.
Уәкілетті орган, кент, ауылдық округ әкімі немесе ассистент үміткерге «Өрлеу» жобасына қатысу шарттары туралы консультация береді және үміткер қатысуға келісім берген жағдайда әңгімелесу жүргізеді.
Әңгімелесу жүргізу кезінде:
1) үміткердің шартты ақшалай көмек алуға құқығы;
2) отбасы мүшелеріне олардың жеке мұқтаждықтары ескеріле отырып көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары айқындалады.
Әңгімелесу парағына қол қойған үміткер «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініш пен орталық атқарушы орган бекітетін нысандарға сәйкес отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырады, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша отбасы құрамы туралы мәліметтер;
3) отбасы мүшесіне қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
4) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы;
5) орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер.
Үміткер толтыратын құжаттар түпнұсқада ұсынылады.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шараларды қамтитын (отбасында осындай бейімделуге мұқтаж адам болған жағдайда) жеке жоспар өтініш берушімен және оның отбасы мүшелерімен бірлесіп әзірленеді және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартына қосымша болып табылады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу жөніндегі міндеттемелерді, сондай-ақ скринингтік қарап тексерулерден өту, әлеуметтік маңызы бар аурулар (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) болған кезде емделуге бейімділігі, жүктіліктің он екі аптасына дейін әйелдер консультациясына тіркеуге қою және жүктіліктің барлық кезеңінде қадағалауда болу жөніндегі міндеттемелерді қамтиды.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда, оны қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, ШАК мөлшері қайта қаралмайды.
Отбасында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын басқа да еңбекке қабілетті мүшелер болған кезде отбасының еңбекке қабілетті мүшесі жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекті, өзге адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қарттарға күтім жасауды жүзеге асыруды, амбулаторлық және стационарлық емделу уақтысын (тиісті медициналық ұйымдардың құжаттарымен анықталады) қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелеріне ШАК алу үшін міндетті шарт болып табылады.
Жан басына шаққандағы орташа табысы шартты ақшалай көмек тағайындауға жүгінген айдың алдыңғы 3 айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
Шартты ақшалай көмектің біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шарадан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға «үй малын, құс және тағы басқалар сатып алу», жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолдануға тиіс.
|