БАСТЫ > АУДАН БӨЛІМДЕРІ > Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 

 
 
"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасына, «Халыққа жол» марафоны және "Өрлеу" жобасына қатысу мәселелері туралы халықты ақпараттандыру мақсатында құрылған мобильді жұмыс тобының ақпараттық – түсіндірмелік жұмыстары 19.09.2016

 

2015 жылғы 5-мамырдағы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың үкіметтің кеңейтілген отырысында «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет – 100 нақты қадам» атты Ұлт бағдарламасында 5 институциялдық реформасын жүзеге асыру бойынша айтылған, сондай-ақ, әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып оңтайландыру қажеттілігі туралы көрсетілген.

Осы тапсырмаға сәйкес, Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 28 қазандағы № 369-V ҚРЗ "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы қабылданды.

Заңын қабылдаудың мақсаты жұмысқа орналастыруға бағытталған табысы аз азаматтарды мемлекеттік қолдау жүйесін реформалау, сондай-ақ жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар мен төлем алушылар арасындағы қатынастарды реттеу арқылы әлеуметтік төлемдер арасында масылдық пиғылдың алдын алудың жаңа тетіктерін енгізу болып табылады.

Сонымен бірге, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына арналған әлеуметтік төлемдер оңтайландыру мақсатында кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер және толықтырулар енгізілді.

Заң қабылданғанда бірқатар жағымды әлеуметтік-экономикалық нәтижелерге қол жеткізілетін болады:

Әлеуметтік келісім-шарт технологиясын қолдана отырып шартты ақшалай көмек енгізу бөлігінде:

1)       ең мұқтаж азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсетуге ресурстарды шоғырландыруы  күшейеді;

2)       аз қамтылғандарға мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету еңбек әрекетіне мотивациясы бар және өз материалдық жағдайын жақсартқысы келетін азаматтарға бағытталатын сараланған тәсіл қамтамасыз етіледі;

3)    отбасының еңбек әлеуетін анағұрлым толық пайдаланылады;

4)    көмек алушылардың әлеуметтік жауапкершілігі өседі;

5)       «өзара міндеттеме» қағидаттары бойынша аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің шектік деңгейінің өсіру жолымен өмір сүру сапасының стандарттары артады.

Азаматтардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік жәрдемақыларды жаңғырту және оңтайландыру бөлігінде:

1)       «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны жаңғырту арқылы ана мен баланы қолдау бойынша кешенді шараларды күшейту;

2)       Арнаулы мемлекеттік жәрдемақының 20 түрінен 6 түрін қысқарту, төлемдерді ұйымдастыруға қатысты әкімшілендіруді оңтайландырады және бюджет қаражаттарын үнемдеуді қамтамасыз етеді.

Тұтастай алғанда, Заң жобасы кері әлеуметтік-экономикалық салдарларды  алып келмейді, керісінше әлеуметтік көмек алушылардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға және ел экономикасына қатысу дәрежесін арттыруға мүмкіндік беріп, нәтижесінде табысы аз азаматтардың өмір сүру сапасына игі ықпал етеді.

         Іле ауданы  бойынша  "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасына, "Өрлеу" жобасына қатысу мәселелері туралы және «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңын халықты ақпараттандыру мақсатында құрылған мобилді жұмыс тобы  2016 жылдың 24 мамырынан бері бекітілген кестеге сай  6 адамнан құрылған мобилді топ: Жұмыспен қамту орталығының орынбасары, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушілерінің, Зейнетақы төлеу орталығының бас маманы, Халыққа қызмет көрсету орталығының бас маманы - 25 ауылды аралап ақпараттық – түсіндірмелік жұмыстарын жүргізіп келеді, жалпы  605 адам қамтылды. Шартты ақшалай көмек көрсету бойынша  «Өрлеу» пилоттық жобасына қатысу  үшін оның шарттары туралы, мүгедектердің құқықтары туралы және өзін -өзі жұмыспен қамтитын адамдар жұмыссыздық  туралы,  микрокредит туралы, зейнеткерлер ауыл арасында, қалада  тегін жол жүру сияқты  146 сұрақтарына мобилді жұмыс тобы жауап берді. Жыл соңына дейін барлық ауылдық елді мекенді түгел аралап, «Халыққа жол» марафоны бойынша халықпен кездесу өткізіледі.

 

Бөлім басшысы                                                                                      Ж. Айтенова